13
ҚазаҚша
VT-2171 W/2172 W/2174 W КОНВЕКТОРЫ
Конвектор тек үй-жайды қосымша жылыту үшін
арналған. Ол негізгі жылыту құралы ретінде жұмыс
істеуге тағайындалмаған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Дөңгелектері бар тіреуіш пластиналар
2.
Тұтқа (қайырмалы)
3.
“
POWER
” қосылу индикаторы
4.
“
MIN
/
MAX
” температураны реттеуші
5.
“
I/O/II
” жұмыс тәртіптемесін ауыстырып-
қосқыш (VT-2171 - “
I/O
” моделі үшін)
6.
Іліп қоюға арналған кронштейндер
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылытқыштың қоректендіру тізбегіне қосымша
қорғау үшін токтың номиналды іске қосылуы,
30 мА аспайтын, қорғаныс сөндіру құрылғысын
(ҚСҚ) орнатқан тиімді; ҚСҚ-ны орнату үшін
маманға жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрқұралды қолдану алдында осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
анықтағыш материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз. Құрылғыны осы нұсқаулықта айтылғандай,
тікелей тағайыны бойынша пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жағдайы оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға немесе
оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
•
Құралды алғаш қосар алдында, электр желісінің
кернеуі құрылғы кернеуіне сәйкес екендігіне көз
жеткізіңіз.
•
Желі бауы «евроашамен» қамтамасыз етілген;
оны сенімді жерлендіру түйісі бар электр
розеткасына қосыңыз.
•
Құралды
электр
розеткасына
қосар
алдында өрт шығу қауіпін болдырмау үшін,
жалғастырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Электр желісінің шамадан тыс жүктелуін
болдырмау үшін, осы құрал қосылған
электр розеткасына тұтыну қуаты үлкен
электрқұралдарының қосылмауын қадағалаңыз.
•
Құрылғыны дәл электр розеткасы астында
орналастырмаңыз.
•
Құрылғыны қабырғаға ілгенде, оны электр
розеткасы деңгейінен төмен қылып орнатыңыз,
осы орайда розеткаға еркін қолжетімділік болуы
тиіс.
•
Құрылғы қабырғаға бекітілгенде еденнен 15 см
кем емес қашықтықта болуы тиіс, алдыңғы және
үстіңгі панельдерден заттарға дейінгі қашықтық
– 45 см кем болмауы қажет, бүйір панельдерінен
заттарға дейінгі қашықтық – 25 см кем болмауы
қажет (7 сур.).
•
Күйіп қалмау үшін дененің ашық жерлеріне
ысыған беттердің тиіп кетуін болдырмаңыз.
•
Құралды жуынатын және ылғалдылығы жоғары
бөлмелерде пайдалануға тыйым салынады.
•
Құралды ашық от ошағы мен суы бар
сиымдылықтардан 1,5 метрден кем емес
қашықтықта орналастырыңыз.
•
Құрылғы корпусына су тиюін болдырмаңыз.
•
Құрылғы корпусына су тиген болса, құрылғыға
тиіспес бұрын, желі бауының ашасын электр
розеткасынан шығарыңыз, содан кейін ғана су
тамшыларын сүртіп алуға болады.
•
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде немесе сулы
беттерде пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны сулы киімді, орамалды және т.б.
кептіру үшін пайдалануға тыйым салынады.
•
Құралды еденге арналған күйде пайдаланғанда
тіреуіш
дөңгелектерін
міндетті
түрде
пайдаланыңыз.
•
Тіреуіш дөңгелектерін пайдаланғанда құралды
тегіс тұрақты бетке орналастыру қажет.
Пайдаланар алдында тіреуіш дөңгелектерінің
дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны тез жанғыш заттар қолданылатын
немесе
сақталатын
үй-жайларда
пайдаланбаңыз.
•
Үй-жайдағы температура +30С-тан жоғары
болса құралды қолданбаңыз.
•
Ұйықтаған кезде құралды қосып қоймаңыз
және ұйықтап жатқан адамның жанына
орналастырмаңыз.
•
Жұмыс істеп тұрған кезде құралдың үстін
жабуға тыйым салынады.
•
Құрылғы тесіктерін небір заттармен немесе
үй-жай
нәрселерінің
элементтерімен
блоктануын болдырмаңыз.
•
Жанып кетуін, жарақат алуды болдырмау үшін
немесе құрылғыны зақымдамау үшін құрылғы
торына кез келген бөгде нәрселерді тығуға
тыйым салынады.
•
Құрал
жұмыс
істеп
тұрған
кезде
аударыстырмаңыз.
•
Құралды жылжытарда алдымен оны сөндіріңіз,
желі бауын электр розеткасынан алып тастаңыз
да құралдың толық салқындауын тосыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын, полиэтилен пакеттерді
қадағалаусыз қалдырмаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Балаларға
полиэтилен
пакеттерімен немесе орама плёнкасымен
ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қауіпі!
•
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануын
болдырмау үшін, балаларды қадағалаңыз.
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар немесе балалар
болса, өте абай болыңыз.
•
Құрылғыны балалардың және мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Осы құрылғы балалардың пайдалануына
тағайындалмаған. Жұмыс істеп тұрғанда және
салқындап тұрғанда құрылғыны балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
IM VT-2171.indd 13
23.06.2016 14:23:13