IM011
www.scarlett.ru
SC-2216
27
10 жасқа толмаған балалардың майлы тіндерінің пайыздық құрамын және басқа параметрлерін айқындаған кезде
дәйексіз, дұрыс емес нәтижелер алынуы мүмкін.
Диагностикалық таразыны кез келген жастағы балалардың денесіндегі судың, майлы тіндердің және бұлшық ет
массасының параметрлерін айқындамастан, әдеттегідей өлшену үшін пайдалануға болады. Ең кіші өлшену
параметрлері – 2 кг.
Судың, майлы тіндердің және бұлшық ет массасының параметрлерін айқындаудағы дұрыс емес нәтижелер кәсіпқой
спортшыларда, ісінуге бейім адамдарда, дене тұрқына қатысты аяғының мөлшерлері қалыптан тыс адамдарда болуы
мүмкін.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ӨЛШЕНУ
ЖҰМЫСЫ
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі тіндердің
пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін электр тоғының көмегімен небары бірнеше
секундта іске асады.
Өлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып өлшеу керек;
табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл қанағаттанарлықсыз нәтиже алынуына себеп болуы мүмкін,
өйткені табанның электрлік өткізгіштігі тым төмен.
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және судың пайыздық арақатынасын өлшеген кезде, барлық
құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл құбылысты физиологиялық
тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет
пен сүйек тіндерінің өздерінің де құрамында болатын май мен судың мөлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған
нәтижелерді қоспастан, түрлі көрсеткіштердің өзгеру динамикасын әр көрсеткіш бойынша бөлек қарастырған дұрыс.
ӨЛШЕНУ
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың үстіне
қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған кезде оны тегіс
емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының астыңғы панеліндегі арнайы ұяшыққа
3V CR2032
тұрпатты төрт батареяны
салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
Таразы әдепкі бойынша «стоун» өлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш бар, оның
көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде «килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз.
Таразыны іске қосу үшін оның үстіне шығыңыз.
Бейнебетте «0.0» белгісі жанғанша бірнеше секунд күтіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
Егер таразыны іске қосқаннан кейін 20 секунд ішінде ешқандай іс-әрекет жасалмаса, таразы автоматты түрде сөнеді.
Өлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 6 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.
ДЕРЕКТЕРДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ НӨЛГЕ КЕЛТІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Сіздің таразыңызда деректерді автоматты түрде нөлге келтіру функциясы бар. Деректер бейнебетте бейнеленгеннен
кейін бірнеше секунд өткенде, бейнебетте қайтадан 0.0 жарықтанып көрінеді. Сіз қайтадан өлшене аласыз немесе жаңа
пайдаланушының параметрлерімен өлшенуді бастауға болады.
ПАЙДАЛАНУШЫ ДЕРЕКТЕРІН БАПТАУ
Талдау жасау үшін ең әуелі өзіңіздің параметрлеріңізді енгізу керек.
«SET» түймешігін басыңыз, сонда бейнебетте он екі «P1». жады ұяшығының біріншісі көрсетіледі.
Ұяшықтың нөмірін «SET» түймешігін басу арқылы растаңыз немесе түймешіктерін, мысалы, «P2». басу арқылы
келесі нөмірді таңдаңыз. Келесі параметрлерге өту үшін «SET» түймешігін басыңыз.
Одан кейін «ер адам»
немесе «әйел»
белгішесі жарықтанады. Таңдауыңызды «SET» түймешігін басу арқылы
растаңыз немесе түймешіктерін басу арқылы өз жынысыңызды таңдаңыз.
Келесі параметрлерге өту үшін «SET» түймешігін басыңыз.
AGE
жас (10-80 жыл) және
cm
(100-25
0 см) бой параметрлерін де осылайша орнатыңыз.
Әрбір параметрді растау үшін «SET» түймешігін басыңыз.
Соңғы параметр (бой, cm) расталғаннан кейін бейнебетте «0,0» kg көрсеткіші мен пайдаланушы нөмірі, мысалы, «P2».
жарықтанады. Сіздің деректеріңіз сақталады.
Таразыны келесі жолы іске қосқанда әуелі соңғы пайдаланушының параметрлері бейнеленетін болады.
ТАЛДАУ ЖАСАЙ ОТЫРЫП ӨЛШЕНУ
Пайдаланушы деректерін таңдағаннан кейін өлшенуді бастаңыз.
Өлшенген кезде көрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз тұрыңыз.