48
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоматты түрде қосылады және
дайын тағамның 70–80°С шегіндегі температурасын 24 сағаттың ішінде ұстай алады. Бұл
кезде «Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы жанады, дисплейде осы режимде
жұмыс істеу уақытының тікелей есептелуі басталады. Қажет болғанда «Отмена/Подогрев»
түймешігін басып және бірнеше секунд ұстап, автоысытуды өшіруге болады.
Бағдарламаның старты немесе жұмысы кезінде осы функцияны алдын ала өшіру үшін
«Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы өшкенше «Старт/Автоподогрев» түймеші-
гін басып бірнеше секунд ұстаңыз. Автоысытуды қайта қосу үшін, «Старт/Автоподогрев»
түймешігін қайта басып ұстаңыз («Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы жанады).
Тағамды ысыту функциясы
REDMOND RMC-M150 мультипісіргішін суық асты ысыту үшін пайдаланылуға болады. Бұл үшін:
1. Дайын тағамды табаққа салыңыз, оны мультипісіргішке орнатыңыз.
2. Қақпақты жабыңыз, аспапты электр желіге қосыңыз.
3. «Отмена/Подогрев» түймешігін басып, дыбыс сигналы естілгенше бірнеше секунд
ұстаңыз. Дисплейде «ПОДОГРЕВ» индикаторы және түймешік индикаторы жанады.
Таймер ысыту уақытын тікелей есептей бастайды. Тағам 70–80°С дейін ысиды, осы
температура 24 сағаттың ішінде ұстануы мүмкін.
4. Қажет болғанда «Отмена/Подогрев» түймешігін басып, дисплей мен түймешіктегі
тиісті индикаторлар өшкенше бірнеше секунд ұстап, ысытуды өшіруге болады.
Энергияға тәуелді жады
REDMOND RMC-M150 мультипісіргішінің энергияға тәуелді жады бар, ол электр аяқ астынан
өшке жағдайда 2 сағат бойы барлық пайдаланушылық орнатылымдарды сақтауға (оның
ішінде шегерілген старт пен дауысты көмекші теңшелімдерімен қоса) кепілдік береді.
Егер осы уақытта электр энергиясының берілісі жаңартылмаса, мультипісіргіш берілген
режимдегі жұмысын жалғастырады.
«МАСТЕРШЕФ» функциясы
REDMOND RMC-M150 мультипісіргішінде аспаптың негізгі мүмкіндіктер жинағын айтарлықтай
кеңейтетін «МАСТЕРШЕФ» бірегей функциясы қарастырылған. Функция тура бағдарламаны
орындау барысында температура мен әзірлеу уақытын 10 есеге дейін өзгертуге мүмкіндік
береді («ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» бағдарламаларынан басқа). Әзірлеу аяқталған соң 3
минут ішінде температура мен уақыттың берілген теңшелімдерінің бірізділігін сақтауға және
әзірлеу барысының бүкіл үдерісін аспап жадысына сақтауға болады. Осылайша, «МАСТЕРШЕФ»
функциясы бірегей температуралық режимді жеке бағдарламалар жасау мүмкіндігін береді.
Әзірлеу уақытын өзгерту диапазоны — бағдарламаға қарамастан 1 минуттық өзгерту
қадамымен 1 минуттан 15 сағатқа дейін. Әзірлеу уақытын 00 сағат 00 минутқа орнатуда
алдында жасалған теңшелімдерге байланысты аспап автоысыту режиміне немесе күту
режиміне өтеді. Температураны өзгерту диапазоны — 35-ден 180°C-ге дейін 5°C-ге өз-
герту қадамымен.
Температура мен әзірлеу уақытын өзгерту (жеке бағдарлама жасау)
1. «Меню» түймешігін басып, («ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» бағдарламаларынан басқа
әзірлеудің кез келген бағдарламасын таңдаңыз. «Старт/Автоподогрев» түймешігін
басып ұстап тұрыңыз. «Старт/Автоподогрев» және «Отмена/Подогрев» түймешіктерінің
индикаторлары жанады. Әзірлеу бағдарламасын орындау басталады.
2. Автожылыту функциясын алдын ала өшіру үшін «Старт/Автоподогрев» түймешігін
басып ұстап тұрыңыз («Отмена/Подогрев» түймешігінің индикаторы сөнеді). «Старт/
Автоподогрев» түймешігін қайта басу арқылы осы функцияны қайта қосуға болады.
3. Әзірлеу уақыты мен жұмыс барысында температураны өзгерту үшін дыбыстық сигнал
естілгенше «Отложенный старт» түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
4. Дисплейде әзірлеу барысы аяқталғанша қалған уақыттың мәні пайда болып, жы-
пылықтайтын болады. «–» (азайту) немесе «+» (ұлғайту) түймешіктерін басып тұрып,
уақыт мәнін өзгертіңіз. Минут өзгерісінен сағат өзгерісіне өту үшін керісінше «Час/
мин» түймешігін басыңыз ( «Әзірлеу уақытын орнату» тарауын қараңыз).
5. Әзірлеу температурасын өзгертуге өту үшін «Таймер/t°С» түймешігін басыңыз. Ди-
сплейде әзірлеудің келесі сатысы үшін температура мәні пайда болып, жыпылықтай-
тын болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы үшін әдепкі бойынша мән — алдында
орнатылған температура, басқа бағдарламалар үшін — 100°C. «–» (азайту) немесе
«+» (ұлғайту) түймешіктерін басып тұрып, температура мәнін өзгертіңіз.
6. Енгізілген өзгерістерді сақтау үшін түймешікті 10 секунд бойы баспаңыз. Әзірлеу
барысы жаңа параметрлермен жалғасатын болады. Дисплейдегі сандар жыпылықта-
уды қояды. Әзірлеу соңына дейін қалған температура мен уақыт мәндері кезек-кезек
дисплейде көріне бастайды.
7. Температура мен уақытты келесі өзгерткенше 3–6 тш. сипатталған әрекеттерді
қайталаңыз. Бір әзірлеу үдерісі шектерінде 10 өзгеріске дейін енгізуге болады.
Өзгертілген бағдарламаны жазу
Сіз әзірлеген бағдарламаның орнына аспап жадында жасалған өзгерістерді сақтай аласыз.
Әзірлеу уақыты аяқталған соң дыбыстық сигнал шығады. Егер бағдарлама жұмыс кезінде
бағдарлама өзгертілген болса, дисплейде 3-минуттық уақыттың кері есебі басталады (се-
кундтарда). Осы уақыт ішінде бір мезгілде «+» және «–» түймешіктерін басып, ұстап тұрыңыз.
Егер сіз жасалған өзгерістерді жазғыңыз келмесе, «Отмена/Подогрев» түймешігін басыңыз.
Осыдан кейін, жасалған өзгерістерге байланысты, аспап автожылыту режиміне («Отмена/
Подогрев» түймешігінің индикаторы жанады, дисплейде уақыттың тура кері есебі көрінеді)
немесе күту режиміне өтеді.
Өзгертілген бағдарламада автожылыту функциясы әзірлеу барысы соңында қосылғанына
немесе өшірілгеніне байланысты қосылады немесе өшіріледі. Егер әзірлеу температура-
сы соңғы сатыда 75°C-ден төмен орнатылған болса, өзгертілген бағдарламаны іске қосқан-
да автожылыту автоматты түрде өшірілетін болады.
Жазылған бағдарламаны пайдалану
1. «Меню» түймешігін басып отырып, сіз өзгерткен автоматты бағдарламаның атауын
Summary of Contents for RMC-M150
Page 1: ...Мультиварка RMC M150 Руководство по эксплуатации ...
Page 2: ......
Page 3: ... 8 30 37 45 53 61 69 76 83 RUS GBR UKR KAZ UZB ROU LTU LVA EST ...
Page 5: ...3 4 5 1 2 15 14 12 10 9 160 120 11 13 A1 6 8 7 16 ...
Page 6: ...ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ МАСТЕРШЕФ МАСТЕРШЕФ ЗАПИСЬ МАСТЕРШЕФ СБРОС 1 8 9 2 7 3 6 4 5 A2 ...
Page 7: ...4 3 3 2 9 8 1 6 5 7 A3 ...
Page 90: ......