47
RMC-M150
KAZ
6. «Старт/Автоподогрев» («Старт/Автоысыту») түймешігі — таңдалған әзірлеу бағдарла-
масын қосу; Автоысытуды алдын ала өшіру. Түймешік нашар көретін адамдар үшін
тактильді белгімен жабдықталған.
7. «Таймер/t°С» түймешігі — әзірлеу уақытын орнату режиміне ауысу, әзірлеу уақытын/
температурасын орнату режимін таңдау («МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында).
8. «Меню» («Мәзір») түймешігі — автоматты түрде әзірлеу бағдарламасын таңдау.
Түймешік нашар көретін адамдар үшін тактильді белгімен жабдықталған.
9. Дисплей.
Дисплей құрылымы
A3
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмыс прогресінің индикаторы.
2. Әзірлеу уақытын орнату режимінің индикаторы.
3. Таңдалған автоматты әзірлеу бағдарламасының индикаторы.
4. Автоысыту мен тағамды ысыту функциялары жұмысының индикаторы.
5. Қоректену индикаторы.
6. Жұмыс индикаторы.
7. Дауысты көмекші жұмысының индикаторы.
8. Таймердің көрсеткіштер режимінің индикаторы (уақыт/температура).
9. Таймер.
I. АЛҒАШ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен жуыңыз. Мұқият кептіріңіз.
Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл аспап ақауының салдары
болып табылмайды. Бұл жағдайда аспапты тазалаңыз («Мультипісіргішті күтуді» қараңыз).
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
II. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Пайдаланар алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік жабындылар, электрондық
аспаптар мен жоғары ылғал мен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттар не-
месе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін бөліктерінде зақымдар,
жарық және басқа ақаулар болмауына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру камерасының
түбі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Дауысты көмекші
REDMOND RMC-M150 мультипісіргіші дауысты көмекші функциясымен жасақталған, оның
арқасында аспапты басқару үдерісі толық дыбысталып, жасалған өзгерістер мен бағдар-
ламаның ағымдағы теңшелімдері туралы олық ақпаратпен сүйемелденеді. Функция ас-
папты қосқан соң автоматты түрде іске қосылады. Оны өшіру үшін күту режимінде «Час/
Мин» түймешігін басып ұстап тұрыңыз. «Час/Мин» түймешігін қайта басып, ұстап тұру
қайтадан осы функцияны қосады.
Әзірлеу уақытын орнату
1. Әзірлеу бағдарламасын таңдаған соң «Таймер/t°С» түймешігін басып, әзірлеу уақы-
тын орнату режимін таңдаңыз (дисплейде “ТАЙМЕР” индикаторы жанады, әдепкі
орнатылған әзірлеу уақыты жанады, минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды).
2. «Час/Мин» түймешігін басып, сағаттарды немесе минуттарды орнатуды таңдаңыз (таңдалған
мән жыпылықтайды). Уақыт мәнін «+» түймешігін басып көбейтіңіз, «–» түймешігін басып
азайтыңыз. Мәнді жылдам өзгерту үшін басылған түймешікті бірнеше секунд ұстаңыз.
3. Әзірлеу уақыты орнатылуы аяқталысымен (дисплей жыпылықтай береді) келесі қа-
дамға ауысыңыз. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Отмена/Подогрев»
түймешігін басыңыз, одан кейін бүкіл әзірлеу бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Назар аударыңыз! Әзірлеу уақытын қолмен орнатқанда ықтимал уақыт диапазонын
және әзірлеу бағдарламасымен қарастырылған орнату қадамын есепке алыңыз. Кейбір
бағдарламаларда әзірлеу уақытының есептелуі аспап тапсырылған жұмыс темпера
-
турасына шыққан соң басталады.
«Шегерілген старт» функциясы
Осы функция таңдалған әзірлеу бағдарламасы жұмысын бастайтын уақыт интервалын
тапсыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама стартын 5 минуттан 24 сағатқа дейін диапазо-
нында 5 минут орнату қадамымен шегеруге болады.
1. Әзірлеу бағдарламасы таңдалып, теңшелген соң «Отложенный старт» түймешігін
басыңыз (дисплейде минуттардың мәні жыпылықтайды).
2. «Час/Мин» түймешігін басып, сағатты немесе минутты орнату режимін таңдаңыз
(таңдалған мән жыпылықтайды). Уақыт мәнін «+» түймешігін басып көбейтіңіз, «–»
түймешігін басып азайтыңыз. Мәнді жылдам өзгерту үшін басылған түймешікті бір-
неше секунд ұстаңыз.
3. «Старт/Автоподогрев» түймешігін бірнеше секунд басып ұстаңыз. «Шегерілген cтарт»
функциясы жұмыс істей бастайды (таймер жыпылықтауды қояды, дисплейде таңдалған
әзірлеу бағдарламасы басталуына дейін уақыттың керісінше есептелуі көрінеді).
4. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Отмена/Подогрев» түймешігін басыңыз,
одан кейін бүкіл әзірлеу бағдарламасын жаңадан енгізіңіз.
Назар аударыңыз! Егер тағам құрамында тез бұзылатын азық-түлік (жұмыртқа, жаңа
сауылған сүт, ет, ірімшік және т.б.) пайдаланылса, шегерілген старт функциясын
пайдалануға кеңес берілмейді.
Summary of Contents for RMC-M150
Page 1: ...Мультиварка RMC M150 Руководство по эксплуатации ...
Page 2: ......
Page 3: ... 8 30 37 45 53 61 69 76 83 RUS GBR UKR KAZ UZB ROU LTU LVA EST ...
Page 5: ...3 4 5 1 2 15 14 12 10 9 160 120 11 13 A1 6 8 7 16 ...
Page 6: ...ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ МАСТЕРШЕФ МАСТЕРШЕФ ЗАПИСЬ МАСТЕРШЕФ СБРОС 1 8 9 2 7 3 6 4 5 A2 ...
Page 7: ...4 3 3 2 9 8 1 6 5 7 A3 ...
Page 90: ......