40
KZ
Нұсқаулық
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тұтқаны құрастыру (3) [F1]
1. Қос тұтқаның (3) шеттеріндегі бұрамалар мен
сомындарды бұрап алыңыз.
2. Тұтқаның
(3)
саңылауын
редуктордың
қақпағындағы саңылаумен келтіріп, тұтқаның (3)
орнын ауыстырыңыз.
3. Бұрамалар
мен
сомындарды
сомынды
бұрайтын және алты қырлы кілттер арқылы бекітіп,
бұрап тастаңыз.
Дроссельді реттегішті құрастыру (7) [F2]
1. Дроссельді жапқыштың иінтірегін (7) бекітіп
тұрған бұраманы бұрап алыңыз.
2. Бұраманы тұтқаның (3) саңылауына салыңыз.
3. Бұрағыштың көмегімен бұраманы бұрап,
дроссельді жапқыштың иінтірегін (7) бекітіңіз.
Иірлік бұрғының кескіш бастиектерін құрастыру
(2)
(ЖЕТКІЗІЛІМНІҢ
ЖИЫНТЫҚТАМАСЫНА
КІРМЕЙДІ)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Иірлік бұрғының
кескіш
бастиектерін
(2)
кез
келген реттеуді немесе орнатуды
орындаудан бұрын, міндетті түрде
құралдың тоқтатылғанына көз
жеткізіңіз.
•
Жер қазу жұмыстарына арналған иірлік
бұрғының кескіш бастиегін орнату [F3]
1. Күштік агрегатты (1) бәсеңдеткішін (6) төмен
қаратып, тегіс бетке ақырын орнатыңыз.
2. Қозғалтқыштың жетек білігінің ұшындағы
саңылауды иірлік бұрғыны бекітуге арналған
саңылаумен келтіріңіз.
3. Бекітуші штифтті алыңыз және саңылауға
салыңыз.
4. Бекітуші штифттің шағын саңылауына сірге
салыңыз және оны бүгіңіз.
•
Иірлік мұзбұрғының кескіш бастиегін орнату
[F4]
1. Күштік агрегатты (1) бәсеңдеткішін (6) төмен
қаратып, тегіс бетке ақырын орнатыңыз.
2. Қозғалтқыштың жетек білігінің ұшындағы
саңылауды иірлік бұрғыны бекітуге арналған
саңылаумен келтіріңіз.
3. Бұраманы саңылауға салыңыз.
4. Бұраманы алты қырлы кілттің көмегімен бұрап
тартыңыз.
ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫНДЫҚ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Төменде келтірілген әр
операцияны өшірілген қозғалтқыш кезінде,
ТОҚТАТУ/ҚОСУ
ауыстырып-қосқышын
(8)
«ТОҚТАТУ» қалпына келтіріп, орындау қажет.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Міндетті түрде қорғаныш
қолғап пен көзілдірікті пайдаланыңыз.
Қосындыны дайындау: 4%-қ МАЙ (1:25)
ЕСКЕРТПЕ!
ЕКІ
ТАКТІЛІ
ҚОЗҒАЛТҚЫШ!
Қозғалтқыш
тек
сипаттама
тізімінде
көрсетілген пайыздық қатынастағы май-бензин
қосындысымен жұмыс істейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қосындыны ашық ауада
немесе жақсы желдетілетін үй-жайда қолайлы
ыдыста дайындаңыз.
1.
ЕСКЕРТУ! Отынды тікелей отын
багында (5) араластырмаңыз!
Қолайлы ыдысты пайдалана отырып, 4-ке 1
арақатынасында немесе екі тактілі қозғалтқыштар
үшін ұсынылатын май мен ұсынылатын бензинді 3/4
пропорциясында
араластырыңыз.
Тек
этилдендірілмеген бензинді ғана пайдаланыңыз.
2. Қосындыны бакты (5) толтыру үшін жеткілікті
болатын мөлшерде ғана дайындау ұсынылады.
3. Ыдыстың қақпағын тығыз жауып, пайдалану
алдында мұқият сілкіңіз.
4. Орнын ауыстыру немесе тасымалдаудан бұрын
төгілген отынды немесе майды сүртіп, оған булануға
уақыт беріңіз.
Қосындыны ұзақ уақыт бойы сақтау оның
қасиеттерінің тез нашарлауына әкеліп соғады.
Қосындының қасиеттерінің уақыт өте нашарлауына
жол бермеу үшін, біз арнайы қоспаларды қосуды
ұсынамыз. Қосындыны тек қолайлы, рұқсат етілген
контейнерлерде, балалар үшін қауіпсіз және қол
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Отын багын (5) толтыру
ЕСКЕРТПЕ: қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан бұл
бұйым мүлдем бос отын багымен (5) жеткізіледі,