![DBI SALA ROLLGLISS R550 User Instruction Manual Download Page 292](http://html.mh-extra.com/html/dbi-sala/rollgliss-r550/rollgliss-r550_user-instruction-manual_516450292.webp)
292
;
Бұл жабдықты орнату және пайдалану алдында осы нұсқаулықтың артқы жағындағы «Тексеру және техникалық
қызмет көрсету журналының» (2-кесте) идентификациялық жапсырмасында берілген өнімнің идентификациялық
ақпаратын жазып алыңыз.
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ.
1-сурет 3M™ Rollgliss™ R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі жинағына кіретін жабдық суреттелген.
R550 құтқару жүйесі жұмыс орнында құтқару жұмыстарын сәтті орындауға қажетті барлық жабдықтарды қамтитын құтқару
жинағы болып табылады. R550 құтқару жүйесі құтқару керек жағдайда бір немесе екі адамды жоғары биіктіктен төмен
деңгейге бір уақытта түсіруге арналған.
2 және 8 аралығындағы суреттерде R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі құрамдастары берілген.
Жабдықтың әрбір бөлшегі бойынша құрамдастың техникалық сипаттамаларын 1-кесте ішінен қараңыз.
R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі мыналардан тұрады:
• құтқару жұмыстарын орындауға арналған R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысы (2-сурет);
• сақтандыру арқанын ұзартуға арналған төрт құтқару белбеулері (3-сурет);
• қол құралдарын бекітуге арналған құралдың сақтандыру арқаны (4-сурет);
• кабель немесе тоқылған сақтандыру арқанын бекітуге арналған құтқару кабелінің ұстағышы (5-сурет) және
тоқылған құтқару ұстағышы (6-сурет);
• сақтандыру арқанының үшкір бұрыштар арқылы өтуіне арналған жиек қорғанысы (7-сурет);
• сақтандыру арқанының бағытын өзгертуге арналған микро-тегершік (8-сурет).
Table 1 –
Техникалық сипаттамалар
Жүйенің техникалық сипаттамалары.
Жүк көтергіштігі:
R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі жүк көтергіштігі пайдаланушылар санына,
осы пайдаланушылардың жалпы салмағына, жүріп өту керек қашықтыққа және құрылғының
максималды төмен түсу қашықтығы бойынша алдында пайдаланылған санына байланысты.
Пайдаланушылар
Жалпы салмағы
(оның ішінде құралдар,
киімдер, т. б.)
Максималды
төмен түсу
қашықтығы
Максималды төмен
түсу қашықтығы
бойынша төмен түсу
әрекеттерінің саны
2 адам
60 кг — 282 кг
175 м
2
1 адам
60 кг — 141 кг
500 м
11
1 адам
60 кг — 100 кг
500 м
15
1 адам
60 кг — 75 кг
500 м
22
Максималды ұсынылған
көтеру сыйымдылығы және
биіктігі
1 адам: 100 м қашықтық бойынша 141 кг
2 адам: тек құтқару мақсатында қысқа қашықтық бойынша
282 кг.
Анкерлік бекіткіштің
жүк көтергіштігі:
R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі орнатылатын құрылым болжалды жүктеме
бағыт(тар)ында сүйемелдеуші күшке ие болуы тиіс. Әрбір анкерлік бекіту нүктесінің орны
келесідей күшке төзімді болуы қажет:
ANSI
1361 кг (13,3 кН)
EN 795
12 кН (1224 кг)
Анкерлік бекіткішке бірнеше R550 құтқару құрылғысы бекітілген жағдайда, жоғарыда
көрсетілген күш көрсеткіштері анкерлік бекіткішке бекітілген төмен түсу құрылғыларының
санына көбейтілуі керек.
Жұмыс
температурасы
-40 °C (-40 °F)
Минималды жұмыс температурасы
Анкерлік
жалғағыштың
үзілуге төзімділік
шегі:
22 кН (2268 кг)
Минималды үзілуге төзімділік шегі
Стандарттар:
EN 795:2012 стандартына сәйкес сынақтан өткен.
Өлшемдері:
R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі әрбір бөлшегінің өлшемдерін 2 және 8
аралығындағы суреттерден қараңыз.
Салмағы:
R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі әрбір бөлшегінің салмағын 2 және 8
аралығындағы суреттерден қараңыз.
Summary of Contents for ROLLGLISS R550
Page 5: ...5 9 10 A B C D E F G A B C 11 12 B C A A D B A E C A B ...
Page 6: ...6 13 14 C B L A RH R A C RH RD RL 2777 8mm 16mm L E VL D 15 16 1 3 2 B A A C A B 2 3 1 ...
Page 7: ...7 17 18 1 4 5 2 6 3 A B C C D D ...
Page 8: ...8 19 20 A A B 1 2 3 A 1 2 3 4 ...
Page 9: ...9 21 22 1 1 2 A B 1 2 3 B A A B A B B A C C ...
Page 10: ...10 23 1 2 3 4 5 6 9 7 8 ...
Page 11: ...11 24 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ...
Page 14: ...14 28 B J K L P Q R H G I A M N O F E D C G C E D A B F A F C D E B G ...
Page 199: ...199 ...
Page 567: ......