
33
ҚазаҚша
Сақтау мерзімі
Дайын қышқыл сүт өнімдерін сақтау мерзімі шикізат сапасы, ашыту шарттарына
(қолданылатын ыдыс тазалығы және т.б.) және сақтау жағдайына байланысты
болады.
Дайын ірімшікті орташа сақтау мерзімі 7 күннен көп болмайды.
Тостағанды (20) мультипісіргіштің жұмысшы камерасына орнатыңыз.
1.
Мультипісіргіш қақапағын (9) пернені (8) басып ашыңыз. Тостағанды (20)
мультипісіргіштің жұмысшы камерасына орнатыңыз.
2.
Тостағанға (20) айранның қажет мөлшерін құйыңыз (немесе қоспасыз табиғи
йогуртты).
3.
Қақпақты жабыңыз (9) және «ІРІМШІКТІ» әзірлеу бағдарламасы жұмысының 6
сағат уақытын орнатыңыз («Мультипісіргіш» Тәртібін» қараңыз).
4.
Жұмыс жасап тұрғанда құрылғының орнын ауыстырмаңыз және тағамды
араластырмаңыз.
5.
Әзірлеу бағдарламасы аяқталған соң, желілік сым ашасын розеткадан
суырыңыз және желілік сымды мультипісіргіштің (5) корпусында орналасқан
ұясынан (16) ажыратыңыз.
6.
Қақпақты (9) ашыңыз, тостағанды (20) қысқышпен (19) жұмысшы камерадан
алып шығыңыз
7.
Тостаған (20) ішіндегілерді ірімшікті серпуге арналған торға (29) құйыңыз және
оны сарысу ағып кететін шұңғылша немесе ыдыс үстіне іліңіз.
8.
Сарысу ағып кеткен соң (шамамен 3-4 сағаттай) дайын ірімшікті тордан (29)
алып шығыңыз.
«Фритюр» әзірлеу бағдарламасы
1.
(8) басқышты басу арқылы (9) қақпағын ашу керек, жұмысшы камераның ішіне
ыдысты (20) орнату керек.
2.
Тостағанға (20) өсімдік майын құйыңыз. Майдың деңгейі «1L» белгісінен төмен
және «2L» белгісінен жоғары болмауға тиіс.
3.
Қақпақты (9) жабу керек.
4.
«ФРИТЮР» бағдарламасын таңдаңыз және Өзіңіз әзірлейтін тағамды
таңдаңыз («Мультипісіргіш» Тәртібін» қараңыз).
5.
Бағдарламаны баптауды аяқтап, «ОК» (37) нүктесін, сосын «БАСТАУ/ТОҚТАУ»
(35) нүктесін басыңыз. Құрылғы майды жылыту тәртібіне көшеді, дисплейде
жыпылықтаған таңбасы пайда болады.
6.
Май қажет температураға жеткенде, 5 дыбыс белгісі естіледі, таңбасы
сөнеді. Құрылғы пайдалануға дайын.
7.
Себет тұтқасын (1) қысыңыз және оны себеттегі (1) ұстағыштарға қойыңыз.
8.
Себетке (1) тағамдардың қажет мөлшерін салыңыз, бірақ 400 грамнан көп
емес, тағамдар құрғақ болуға тиіс, егер тағамдар мұздатылған болса, онда
одан көбірек мұзды алып тастауға тырысыңыз.
9.
Қақпақты (9) еппен ашыңыз.
10.
Ысыған май шашырандыларына күйіп қалмас үшін, асүйлік қолғаптарды
киіңіз, себет (1) тұтқасынан ұстап, себетті (1) ақырындап тостағанға (20)
батырыңыз.
11.
Себет (1) тұтқасын қысыңыз және оны себеттен ажыратыңыз.
12.
Қақпақты (9) нығыздап жабыңыз.
13.
(35) «СТАРТ/СТОП» түймесін басыңыз, осы кезде дыбыстық белгі естіледі
және құрылғы жұмысын жалғастырады.
14.
Тағамдар дайын болғанда, қақпақты (9) ашыңыз.
15.
Асүйлік қолғаптарды киіңіз, себеттің (1) тұтқасын қысыңыз және оны себеттегі
(1) ұстағышқа қойыңыз.
16.
Себетті (1) тұтқасынан ұстаңыз, майды ағызып жіберіңіз, сосын дайын
тағамдарды сәйкес ыдысқа салыңыз.
17.
Тағамдардың келесі мөлшерін әзірлеу алдында құрылғыны ысытып алыңыз (
индикаторы жанбағанда).
18.
Тағамдарды әзірлеуді аяқтаған соң, желілік сым ашасын розеткадан суырыңыз
және желілік сымды мультипісіргіштің (5) корпусында орналасқан ұясынан (16)
ажыратыңыз.
19.
Қақпақты (9) ашу керек, құрылғының салқындауын күту керек.
20.
Тостағанды (20), қысқышты (19) қолданып алып шығыңыз, тостағаннан майды
құйып алыңыз және тазартыңыз.
Ескертпе
:
- Әзірлеу процесін қарау терезесі (10) арқылы қадағалаңыз немесе қақпақты
сәл ғана көтеріп (9) қараңыз. Ыстық бу немесе май шашырандыларына күйіп
қалмас үшін, сақ болыңыз.
- Ыстық буға күйіп қалмас үшін, құрылғы үстіне еңкеймеңіз және тостаған
(20) үстіне немесе бу қақпақшасынан (11) бу шығатын саңылаулар (12) үстіне
қолыңызды апармаңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Май
Жоғары сапалы тазартылған өсімдік майын пайдаланыңыз(мысалы, күнбағыс
немесе жүгері майы).
–
Аспап қосылғанға дейін ыдысқа(20) майды құю керек.
–
Әрбір пайдаланғаннан кейін майды сүзгіден өткізу керек.
Майды сүзгілеуді мына келесі тәсілдер бойынша жасау керек:
•
Өнімді дайындаған соң аспапты желіден ажырату керек және майдың
толығымен салқындағандығын күтіңіз.
•
Сүзгілеу қағазын немесе жұқа мақта матаны металдан жасалған елеуішке
немесе кепсерге салу керек және майды сүзіңіз.
–
Әр түрлі майларды араластырмаңыз.
–
Бір тамақ түрін дайындау арасындағы аралық ұзап кеткен жағдайда қуырма
ыдысты өшіріп қою керек.
–
Құрамында суы көп өнімдерді (мысалы, картопты) ұзақ аралықта қуырған жөн,
жиі кәрзеңкені суырып алу керек және кәрзеңке ішіндегілерін сілкіп тұру керек.
–
Тамақтың бір түрін дайындап алған соң майдан өнімнің қалдықтарын жылдам
арада алып тастаңыз, нақ осылай тәртіппен майдың жарамдылық мерзімін
ұзартуға болады.
–
Жиі майды ауыстырып отыру керек(шамамен 8-12 рет қолданғаннан кейін).
–
Майды қыздыру кезінде ол көпіршіктене бастаса, дәмі немесе иісі жағымсыз
болса, сонымен қатар, егер де ол қарайып кетсе немесе қоюланып кеткен
жағдайда оны жылдам арада ауыстырған жөн.
–
Егер де сіз «Фритюр» бағдарламасын сирек қолданатын болсаңыз, майды
немесе малдың майын жабық пластик немесе шыны ыдыста салқын жерде
сақтау керек(тоңазытқышта сақтаған жөн).
–
Майды ыдыста (20)сақтамау керек.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтар
–
Әртүрлі өнімдерді қуыру кезінде бірінші кезекте төменгі температурада
дайындауды қажет ететін өнімдерді салу керек.
–
Егер де өнімдер алдын ала қыздырылып өңделген жағдайда, тәртіп бойынша,
оларды жоғарғы температурада қуыру керек және шикі өнімдерге қарағанда
дайындаудың аз уақыты кетеді.
«МУЛЬТИАСПАЗ» тәртібі
«МУЛЬТИАСПАЗ» тәртібі пайдаланушы баптауларымен 45 бағдарламаны
ұстайды. Осы тәртібінің арқасында сіз температураны, дайындалу ұзақтығын
және қыздыру түрін орната аласыз: төменгі қыздыру элементі немесе «конвекция»
(қыздыру элементтерінің төменгі және жанынан бір уақытта жұмыс істеуі).
Пайдаланушы бағдарлама 4 кезеңге бөлінеді, олардың әрқайсысы 4 сағатқа
дейін созылуы мүмкін (240 минут). Дайындаудың әрбір кезеңі үшін қыздыру
температурасын орнатаңыз. Төменгі қыздыру элементінің температурасы(«d»
белгісімен белгіленеді) 40° тан 180°С дейінгі диапазонда орнатылады,
«конвекция» тәртібі үшін («с» белгісі) 70° тен 160°С дейінгі диапазонда
температураны таңдау керек.
1.
(8) басқышты басу арқылы (9) қақпағын ашу керек, жұмысшы камераның ішіне
ыдысты (20) орнату керек.
2.
Рецепт бойынша нұсқаулықты сақтай отырып, ыдысқа (20) өнімдерді салу
керек (рецепт кітапшасын қараңыз).
Ескерту
:
Қоспалары мен сұйықтықтардың ең жоғарғы «10» деңгейінің
белгісінен асып кетпеуін және ең төменгі «2» деңгейінің белгісінен төмен
болмауын қадағалау керек. Ботқа үшін (күріштен өзгесі) ең жоғарғы
деңгейдің белгісі – «8»
3.
Ыдысты (20) құрылғының жұмысшы камерасына орналастыру керек.
Ыдыстың сыртқы беті таза әрі құрғақ екендігіне көз жеткізу керек, ал ыдыстың
өзі дұрыс орнатылғандығын және қыздыру элементінің бетіне дәл сәйкес
келетіндігін қадағалау керек (14).
4.
Егер де сіз өнімдерді буда дайындасаңыз, қайнап тұрған су астаудың түбіне
(28)жанаспайтындай етіп суды ыдысқа (20) құю керек. Өнімдерді астауға салу
керек (28) және оның ыдысын орнату керек (20).
5.
Қақпағын жабу керек (9).
6.
Желілі сымның ажыратқышын ұяшыққа (16) салу керек, ал желілі сымның
айырын розеткаға салу керек. Осыдан кейін дыбыстық дабыл беріледі,
дисплейде (6) мына «00:00» белгілер пайда болады.
Пайдаланушы бағдарламаларын баптау
1.
«МУЛЬТИАСПАЗ» (30) басқышына басу керек, дисплейде (6)
белгісі
пайда болады және бірінші пайдаланушы бағдарламаның «Р01» белгісі
пайда болады, осыдан кейін пайдаланушы бағдарламасы баптауларының
мәліметтері бейнеленетін болады: дисплейде (6) дайындаудың 4 кезеңі
көрсетілетін болады -
d1, d2, d3, d4, сонымен қатар с1
,
с2
,
с3, с4
– («d» -
төменгі қыздыру элементінің жұмысы, «с» - «конвекция»),
100°
- дайындаудың
тиісті кезеңіндегі температура,
0:00
– кезеңнің ұзақтығы.
2.
Жүйелі түрде (36) «МӘЗІР» басқышына басу арқылы өзіңіздің баптауыңызды
енгізетін пайдаланушы бағдарламасының нөмірін таңдау керек («Р01»,
«Р02»… «Р45»).
3.
Пайдаланушы бағдарламасын баптау үшін 3 секунд бойы (30)
«МУЛЬТИАСПАЗ» басқышын басулы күйі ұстап тұру керек. Дисплейде (6)
дайындаудың бірінші кезеңінің «d1» белгісі бейнеленеді.
4.
Сіз қыздыру түрін таңдай аласыз («d» - төменгі қыздыру элементі немесе «с»
-«конвекция»).
5.
Осы «конвекция» - «с» тәртібін орнатуға кіру үшін, (34) «НАН ПІСІРУ»
басқышына басу керек, дисплейде (6) «с» белгісі пайда болады.
6.
Төменгі қыздыру элементі тәртібінің қондырғысына кіру үшін (31)
«МУЛЬТИПІСІРУ» басқышына басу керек, дисплейде (6) «d» белгісі пайда
болады.
7.
(36) «МӘЗІР» басқышына басыңыз, дисплейде (6) белгісі пайда болады
және осы дайындау кезеңінде орнатылған температура бейнеленеді.
8.
Мына (32) «+» мен (33) «-» басқыштарымен қыздырудың қажетті
температурасын орнату керек.
9.
(36) «МӘЗІР» басқышына басыңыз, дисплейде
белгісі мен ертеректе
белгіленген дайындалу ұзақтығы пайда болады.
10.
(32) «+» мен (33) «-» басқыштарымен дайындаудың осы кезеңінің ұзақтығын
белгілеу керек.
11.
(36) «МӘЗІР» басқышына басыңыз, дисплейде дайындаудың келесі кезеңінің
белгісі пайда болады.
VT-4209_A4_NEV.indd 33
18.11.2013 9:42:57
Содержание VT-4209 BW
Страница 2: ...1 2 5 6 7 9 10 11 12 13 14 15 16 18 19 17 8 3 4 VT 4209_A4_NEV indd 2 18 11 2013 9 42 52...
Страница 3: ...21 22 28 30 32 33 36 37 35 34 31 23 24 25 26 27 29 20 VT 4209_A4_NEV indd 3 18 11 2013 9 42 52...
Страница 28: ...28 7 7 7 16 5 5 9 4 2 30 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 28 18 11 2013 9 42 56...
Страница 37: ...37 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 37 18 11 2013 9 42 58...
Страница 53: ...53 1 3 12 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 22 24 22 22 22 22 2 2 I VT 4209_A4_NEV indd 53 18 11 2013 9 43 00...
Страница 72: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 VT 4209_A4_NEV indd 72 18 11 2013 9 43 03...