
31
ҚазаҚша
Назар аударыңыз! Балалардың полиэтилен пакеттермен немесе орама
пленкамен ойнауына рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Құрылғы жұмыс жасап тұрғанда жасы 8-ге толмаған балалардың құрылғы
корпусына, желілік сымға және желілік сым ашасына тиісуіне рұқсат бермеңіз.
• Балалардың құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануына жол бермес үшін,
оларды қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс жасап тұрған құрылғыға жақын жерде жасы 8-ге толмаған балалар
немесе мүмкіндігі шектеулі жандар жүрсе, ерекше мұқият болыңыздар.
• Берілген құрылғы жасы 8-ден кіші балалардың пайдалануына арналмаған.
• 8-ден асқан балалар және мүмкіндігі шектеулі жандардың құралды қолдануы
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның қарауында болғанда, сондай-ақ,
оларға құрылғыны қауіпсіз қолдану туралы және оны қате қолданғанда
туындауы мүмкін қауіптер туралы сәйкес және түсінікті нұсқаулық берілгенде
ғана мүмкін.
• Құрылғыны бөлмеден тыс жерде қолдануға тыйым салынады.
• Ақау түсіруді болдырмас үшін, құрылғыны зауыттық орамада ғана
тасымалдаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен сөндіріп жатқанда ешқашан желілік сымнан
тартушы болмаңыз, желілік ашаны ұстаңыз және оны розеткадан ақырын
ғана алып шығыңыз.
• Желілік ашасы немесе желілілк сымы зақымдалған, егер ол іркіліспен жұмыс
жасаса, сондай-ақ оны құлатып алған соң құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады. Құрылғыны өзбетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу туралы
барлық сауалдармен авторластырылған (өкілетті) сервистік орталыққа
жүгініңіз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіншілігі шектеулі жандардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚОЛДАНЫСҚА ҒАНА АРНАЛҒАН
ТОСТАҒАН (20) ЖӘНЕ ПІСІРМЕГЕ АРНАЛҒАН ПІШІНДІ (2) ҚОЛДАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
• Мультипісіргішті және оның алынбалы бөлшектерін қатаң түрде
тағайындалымы бойынша қолданыңыз.
• Тостағанды (20) жылытұыш құрылғыларға немесе пісіретін беттерге орнатуға
тыйым салынады.
• Тостағанның (20) немесе пісірмеге арналған пішіннің (2) орнына басқа
ыдыстарды қолдануға тыйым салынады.
• Жылытқыш элементтің (14) беті, сондай-ақ тостаған (20) мен пішіннің (2) түбі
үнемі таза және құрғақ болып тұруын қадағалаңыз.
• Пісірмеге арналған пішіннің күюге қарсы жабындысының зақымдануын
болдырмас үшін, нанды алып жатқанда, өткір немесе металл заттарды
қолданбаңыз.
• Күюге қарсы жабындының зақымдануын болдырмас үшін тағамдарды тікелей
тосатғанның (20) ішінде ұсатпаңыз.
• Тостағанның (20) және пісірмеге арналған пішіннің (2) ішіне ешқашан да
қандай да бір бөгде заттарды салмаңыз және онда сақтамаңыз.
• Тостағанадағы (20) тағамдарды тек ожаумен (25) немесе күрекшемен
(26) араластырыңыз, сондай-ақ ағаш, пластик немесе силиконды асүй
аксессуарларын қолдануға жол беріледі.
• Тостаған (20) ішіндегі тағамдарды металл заттармен араластыруға тыйым
салынады, себебі олар тостағанның (20) күюге қарсы жабындысын тырнап
тастауы мүмкін.
• Тұздықтар мен дәмдеуіштер салып әзірлеген астан соң тостағанды (20) жуу
нұсқалады.
• Күюге қарсы жабындының зақымдануын болдырмас үшін тостаған (20) мен
пісірмеге арналған пішінді (2) тағам әзірлеуден соң бірден суық су астына
қоймаңыз, оларды алдымен суытып алыңыз.
•
Тостаған (20) мен пісірмеге арналған пішінді (2) ыдыс жуатын машинаға
салуға тыйым салынады.
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температурада тасымалдау немесе сақтаудан кейін
оны қоспаңыз, құрылғыны бөлме температурасына дейін жылытып
қойыңыз.
• Құрылғыны орамасынан шығарыңыз, мультипісіргіштің қалыпты жұмысына
бөгет болатын барлық орамалық материалдар мен жапсырмаларды алып
тастаңыз.
• Мультипісіргішті тегіс жылуға төзімді бетке, барлық жылу көздерінен алыста
(газ плитасы, электр плитасы немесе пісіру панелі сияқты) онатыңыз.
• Құрылғыны қабырғадан корпусқа дейін кем дегенде 20 см қалатындай, ал
оның үстіндегі бос кеңістік кем дегенде 30-40 см құрайтындай етіп орнатыңыз.
• Құрылғыны шығатын будың жоғары температурасынан зақымдалуы мүмкін
заттарға тікелей жақын жерде оналастырмаңыз.
Назар аударыңыз! Құрылғыны бұлау, шұңғылша немесе өзге де су
толтырылған ыдыстарға жақын орналастырмаңыз.
• Пернені (8) басып, қақпақты (9) ашыңыз, тостағанды (20) алып шығыңыз.
• Барлық алынбалы бөлшектер мен аксессуарларды бейтарап жуғыш құрал
қосып, жылы сумен жуып шығыңыз: фритюрге арналған себетті (1), пісірмеге
арналған пішінді (2), ілгекті (3), қамыр илеуге арналған қалақты (4), тостағанды
алып шығуға арналған ұстағышты (19), тостағанды (20), өлшеуіш стақандарды
(22, 23), өлшеуіш қасықты (24), ожауды (25), қалақты (26) және буда әзірлеуге
арналған тартпаны (28), сосын оларды ағын сумен шайып алыңыз да,
кептіріңіз.
• Құрылғы корпусын (5) дымқыл матамен сүртіңіз, сосын құрғатыңыз.
• Бу қақпақшасын (11) алып тастаңыз және қақпақшаны бейтарап жуғыш құрал
қосып, жылы сумен жуыңыз, сосын мұқият кептіріп, орнына орнатыңыз.
• Бекіткіштерді (17) басып тартып тұрып, қорғаушы экранды (18) шешіп алыңыз.
Қорғаныс экранын (18) бейтарап жуғыш құрал қосып, жылы сумен жуыңыз,
кептіріңіз және орнына орнатыңыз: экранның (18) төменгі бөлігін қақпақтағы
(9) жіктерге қойыңыз, экранның жоғарғы бөлігін бекіткіштер (17) шертілгенше
басыңыз.
• Қорғаушы экран орнына орнатылмаған болса, қақпақ (9) жабылмайды.
ҚОЛДАНУ
Басқару панелі
–
Басқару панелінің нүктелерін әрбір басу дыбыстық белгімен жалғасады.
–
Үш бірдей белгі сіздің дұрыс емес нүктені басқаныңызды білдіреді.
«МУЛЬТИПІСІРГІШ» тәртібі
Назар аударыңыз!
•
Жұмыс жасап тұрған құрылғыны ешқашан да қараусыз қалдырмаңыз.
•
Күйіп қалмас үшін, қақпақты (9) ашуда сақ болыңыз, жұмыс процесінде бу
шығатын саңылаулар (12) үстінен еңкеймеңіз, тостаған (20) және пісірмеге
арналған пішін (2) үстіне денеңіздің ашық жерлерін жақын қоймаңыз!
•
Мультипісіргішті бірінші рет қолдануда жылытқыш элементінен бөгде
иістің туындауы мүмкін, бұған жол беріледі.
•
Пішін (2) мен тостағанның (20) күюге қарсы жабындысын тырнап тастауы
мүмкін металл заттарды қолданбаңыз.
1.
Мультипісіргіш қақпағын (9) пернеге (8) басып ашыңыз. Тостағанды (20)
мультипісіргіштің жұмысшы камерасына орнатыңыз.
2.
Тостағанға тағамдарды рецептке орай (рецептілер кітабын қараңыз)
тостағанға (20) салуды жүзеге асырыңыз.
Ескертпе
:
- Тостағанға (20) салынған
ингредиенттер мен сұйықтықтардың
максималды деңгей «10»-нан жоғары және минималды деңгей «2»-ден төмен
болмауын қадағалаңыз.
-
Ботқаларға арналған максималды деңгей белгісі (күріштен өзге) – «8».
Тағамдар мен суды салудың жалпы мысалы (мысал ретінде күріш
қарастырылған):
- Күрішті өлшеуіш стақанмен (23) өлшеп алыңыз (бір өлшеуіш стақанда
шамамен 160 гр. күріш), оны жуыңыз және күрішті тостағанға (20) салыңыз.
- Күріштің белгілі бір мөлшері үшін қажет су деңгейі («CUP» стақандарымен
өлшенген), тостаған (20) ішіндегі шкалада көрсетілген.
- Суды сәйкес белгіге дйін құйыңыз.
Мысал
: - Төрт өлшеуіш стақан күріш салып, суды «4 CUP» белгісіне дейін
құю қажет.
- Сұйық сүтті ботқалар үшін күріш пен суды 1:3 қатынасында қолдануды
ұсынамыз.
3.
Тостағанды (20) құрылғының жұмысшы камерасына орнатыңыз. Тостағанның
сыртқы бетінің таза және құрғақтығына, ал тостағанның өзі түзу орнатылғанына
және жылытқыш элементтің бетімен (14) нығыздала жанасқанына көз
жеткізіңіз.
Ескертпе:
- тостағанды (20) жармаларды жууға пайдаланбаңыз және оның ішінде
тағамдарды турамаңыз, бұл күюге қарсы жабындыны зақымдауы
мүмкін,
- жұмысшы камерада және тостағанның (20) түбінде бөгде заттардың,
кір немесе ылғалдың жоқтығына көз жеткізіңіз,
- қолданар алдында тостағанның (20) сыртқы беті мен түбін құрғатып
сүртіңіз,
- жылытқыш элементтің (14) ортасында температура тетігі (15) бар.
Тетіктің еркін қозғалысына ештеңенің кедергі келтірмеуін қадағалаңыз.
4.
Егер сіз тағамды буда әзірлесеңіз, тостағанға (20) суды, қайнап жатқан су
тартпа (28) түбіне тиіп кетпейтіндей етіп құйыңыз. Тағамдарды тартпаға (28)
салыңыз және оны тостағанға (20) орнатыңыз.
5.
Қақпақты (9) шертілгенге дейін жабыңыз.
6.
Желілік сымның саңылауын ұяға (16) тығыңыз, ал желілік сымның ашасын
розеткаға тығыңыз. Сонымен бірге дыбыстық белгі естіледі, дисплейде (6)
«00:00» таңбалары пайда болады.
7.
«МУЛЬТИПІСІРГІШ» нүктесін (31) басыңыз, дисплейде «Сорпа» әзірлеу
бағдарламасының жыпылықтаған таңбасы және «0:30» уақыт таңбасы
көрінеді.
8.
«МӘЗІР» (36) нүктесін қайта-қайта басу арқылы әзірлеу бағдарламасын
таңдаңыз. Сәйкес бағдарлама индикаторы жыпылықтайтын болады,
сондай-ақ дисплейде үнсіздік бойынша орнатылған бағдарламаның жұмыс
уақыты көрінетін болады («Әзірлеу бағдарламалары» кестесін қараңыз).
9.
«ОК» нүктесін (37) басып, бағдарламаны таңдауда растаңыз.
Ескертпе:
«Қайнату
», «Қуыру
», «Бұқтыру
» және «Фритюр
»
әзірлеу режимдерінде (36) «МӘЗІР» түймесін кезекпе-кезек басып өнімдердің
біреуін таңдап алыңыз: көкөністер « », балық «
», ет «
» немесе тауық
« ». Өнімнің таңдалғанын (37) «ОК» түймесімен растаңыз.
10.
Әзірлеу бағдарламасын немесе әзірлеуге арналған тағамды таңдап алған
соң, дисплейде (6) бағдарламаның жұмыс уақытының жыпылықтаған
таңбалары көрінеді, жұмыс уақыты үнсіздік бойынша орнатылған («Әзірлеу
бағдарламалары» кестесін қараңыз).
11.
Қажет болған жағдайда Сіз әзірлеу бағдарламасының уақытын «+» (32) және
«-» (33) нүктелерін басу арқылы өзгерте аласыз, әзірлеу уақытын «ОК» (37)
нүктесін басу арқылы растаңыз, сонымен бірге уақыт көрсеткіштері дисплейде
(6) үнемі жанып тұратын болады.
Ескертпе:
- Уақытты баптау «Күріш» бағдарламасы үшін қолжетімсіз. 10-14
VT-4209_A4_NEV.indd 31
18.11.2013 9:42:57
Содержание VT-4209 BW
Страница 2: ...1 2 5 6 7 9 10 11 12 13 14 15 16 18 19 17 8 3 4 VT 4209_A4_NEV indd 2 18 11 2013 9 42 52...
Страница 3: ...21 22 28 30 32 33 36 37 35 34 31 23 24 25 26 27 29 20 VT 4209_A4_NEV indd 3 18 11 2013 9 42 52...
Страница 28: ...28 7 7 7 16 5 5 9 4 2 30 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 28 18 11 2013 9 42 56...
Страница 37: ...37 01 rr 2 VT 4209_A4_NEV indd 37 18 11 2013 9 42 58...
Страница 53: ...53 1 3 12 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 22 24 22 22 22 22 2 2 I VT 4209_A4_NEV indd 53 18 11 2013 9 43 00...
Страница 72: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 VT 4209_A4_NEV indd 72 18 11 2013 9 43 03...