37
ҚазаҚ
• Жұмыс камерасына басқа заттарды салуға тыйым салынады.
• Нан пісіретін пеш жұмыс істеп тұрған кезде қақпағын ашық қалдырмаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған кезде ыстық беттеріне қол тигізбеңіз және желдеткіш саңылауларды жаппаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс камерасының ішіне қолды салмаңыз.
• Піскен нанды шығарған кезде термоқорғаушы асүйлік қолғаптарды киіп алып, қалыптың тұтқасынан
ұстаңыз.
• Қалыптың күюге қарсы бетін бүлдіріп алмас үшін нанды қалыптан шығарған кезде қалыптың түбінен және
бүйірінен соққыламаңыз, керісінше, қалыпты сілкілеңіз.
• Нан пісіретін пешті тазалау алдында немесе пайдаланбайтын болған жағдайда, оны ажыратыңыз.
• Желілік шнурдың ашасын розеткадан ажыратқан кезде шнурдан тартпаңыз, ашаны қолмен ұстап суырыңыз.
• Желілік шнурдың ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны ас үйдегі раковинаға тікелей жақын жерде пайдаланбаңыз, нан пісіретін пештің ылғалдың
әсеріне ұшырауын болдырмаңыз.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін желілік шнурды, желілік ашаны немесе прибордың өзін суға
немесе кез келген басқа да сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл жағдай орын алса, онда приборға қол
тигізбеңіз, оны дереу электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана приборды судан шығаруға
болады. Құрылғыны тексеру немесе жөндеу үшін рұқсаты бар (уәкілетті)сервис орталығына жолығыңыз.
• Желілік шнурдың және ашаның бүтіндігін уақытылы тексеріп отырыңыз.
• Құрылғының желілік ашасы немесе шнуры бүлінген болса, құрылғы әрең жұмыс істеп тұрса, сондай-ақ ол
құлағаннан кейін құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Нан пісіретін пешті өз бетіңізше жөндемеңіз.
Барлық жөндеу сұрақтары бойынша рұқсаты бар (уәкілетті) сервис орталығына жүгініңіз.
• Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың пайдалануына арналмаған, ол тек, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адаммен, оларға қауіпсіз пайдалану туралы тиісті және түсінікті нұсқаулықтар
мен құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер туралы түсінік берілген
жағдайда ғана мүмкін.
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағалаусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакеттермен немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Нан пісіру бағдарламалары
1.
НЕГІЗГІ РЕЖИМ
Нан пісірудің барлық үш кезеңін қамтиды: қамыр илеу, қамырды қалыпта ұстау (көтерілу) және пісіру.
2.
ФРАНЦУЗ НАНЫ
Нан пісіру біраз ұзағырақ уақыт алады, нанның жұмсағы үлкен қуысты, ал қыртысы қытырлақ болып піседі.
3.
ҚОСПАСЫЗ ҰННАН ПІСІРІЛЕТІН НАН
Майда немесе түйіршіктеп тартылған ұннан пайдалы нан пісіріңіз. Мұндай нанды пісіру кезінде кейінге қалдыру
функциясын пайдалануға кеңес берілмейді, себебі оның нәтижелері ойдағыдай болмауы мүмкін.
4.
МАЙ МЕН СҮТКЕ ИЛЕНГЕН НАН
Илеу, қамырды қалыпта ұстау және пісіру.
5.
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ РЕЖИМІ (750 г)
6.
ЖЫЛДАМ ПІСІРУ РЕЖИМІ (1000 г)
Нанды бір сағат ішінде пісіру. Нанның көлемі кішкентай және жұмсағы тығыз болады.
Назар аударыңыз! Бұл бағдарламаларды таңдап, нан пісіретін қалыпқа су құйыңыз, оның температурасы
45-50° С-ден жоғары (судың температурасын асүйлік термометрмен өлшеңіз). Судың температурасы
нанды жылдам пісіру кезінде шешуші рөл атқарады: өте төменгі температура қамырдың уақытында
көтерілуіне мүмкіндік бермейді, ал шамадан жоғары температура ашытқылардың өліміне әкеп соғады.
7.
ЖЫЛДАМ РЕЖИМ
Салмағы 1000 г нанды 1 сағат 45 минут ішінде жылдам пісіру.
8.
ЙОГУРТ
Сүт пен ұйытқыдан дәмді табиғи йогуртты дайындаңыз. Ұйытқы ретінде йогуртты немесе пребиотиктерді
пайдаланыңыз. Толғырақ «Рецептілер» бөлімінен қараңыз.
9.
ҚАМЫРДЫ ДАЙЫНДАУ
Нан пісіретін пеш қамырды илейді және оның көтерілуіне мүмкіндік береді. Қамырды қолдың нанын (пирожки,
пицца және т.с.с.) әзірлеу үшін пайдаланыңыз.
10.
ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Өзіңіздің сүйікті пиццаңызға арналған қамырды дайындаңыз, қамырға қосымша түс пен хош иіс беру үшін
VT-1992.indd 37
12.09.2012 16:19:27
Содержание VT-1992 W
Страница 1: ...1 VT 1992 W Bread maker 3 14 25 36 47 58 68 79 90 VT 1992 indd 1 12 09 2012 16 19 24...
Страница 2: ...11 12 13 14 15 16 27 28 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 VT 1992 indd 2 12 09 2012 16 19 24...
Страница 26: ...26 1 2 3 4 5 750 6 1000 45 50 7 1000 1 45 8 9 10 VT 1992 indd 26 12 09 2012 16 19 26...
Страница 31: ...31 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 45 50 8 9 8 8 8 8 VT 1992 indd 31 12 09 2012 16 19 27...
Страница 35: ...35 1 1 1 1 1 1 230 50 610 3 38 7 1070 VT 1992 indd 35 12 09 2012 16 19 27...
Страница 37: ...37 1 2 3 4 5 750 6 1000 45 50 7 1000 1 45 8 9 10 VT 1992 indd 37 12 09 2012 16 19 27...
Страница 42: ...42 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 45 50 8 9 8 8 8 8 VT 1992 indd 42 12 09 2012 16 19 27...
Страница 69: ...69 1 2 3 4 5 750 6 1000 45 50 7 1000 1 45 8 9 10 I i i i VT 1992 indd 69 12 09 2012 16 19 29...
Страница 74: ...74 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 45 50 8 9 8 8 8 8 VT 1992 indd 74 12 09 2012 16 19 30...
Страница 78: ...78 5 1 1 1 1 1 1 230 50 610 3 89 336 73 23 VT 1992 indd 78 12 09 2012 16 19 30...
Страница 80: ...80 i 1 2 3 4 5 750 6 1000 45 50 7 I 1000 1 45 8 9 10 I VT 1992 indd 80 12 09 2012 16 19 30...
Страница 85: ...85 i 1 1 5 5 3 12 20 500 20 25 45 50 8 9 8 8 8 8 VT 1992 indd 85 12 09 2012 16 19 30...
Страница 89: ...89 i 01 5 1 1 1 1 1 1 230 50 610 3 i 89 336 i i i 73 23 EC VT 1992 indd 89 12 09 2012 16 19 31...