2. «N» қуат адаптерін стандартты розеткаға қосыңыз.
3. «K» микро USB портының қақпағын ашып, микро
USB штепселін «J» микро USB портына қосыңыз.
4. I батарея зарядының индикаторы зарядталу
барысын көрсетеді. Зарядтау процесі кезінде
индикатор жасыл болып жанады. Батарея
толығымен зарядталып болған кезде, индикатор
шамы өшеді. Зарядтау уақыты шамамен 2 сағат
45 минут.
5. Зарядтау кезінде құрал тұтқасының қызуы қалыпты
жағдай.
Ескертпе: зарядтау функциясы құрал жұмыс
істегенде тоқтап, құралды өшіргенде қайта
жалғасады.
6. Батарея толығымен зарядталып болған кезде, «M»
кабелінің микро USB ұшын құралдан ажыратыңыз
да, «K» қақпағын жабыңыз.
7. Қуат адаптерін розеткадан ажыратыңыз (егер басқа
құралды зарядтап жатпаған болсаңыз).
БАТАРЕЯ ЗАРЯДЫНЫҢ ИНДИКАТОРЫ
7
Бұл құрал батареяңыздың қанша заряды бар екенін
көрсетеін «I» зарядтау индикаторымен жабдықталған.
Индикатор қызыл болып жанса, батарея қуаты
таусылуға жуық дегенді білдіреді.
Ескертпе: Қызыл шамның жануы құралдың тежелуін
де білдіруі мүмкін. «Электронды бақылау» бөлімін
қараңыз.
Батарея қуаты таусылған кезде, құрал автоматты түрде
өшеді. Бұл құралдың біртіндеп баяулауына қарағанда,
кенеттен тоқтау болады. Жай ғана құралды қайта
зарядтаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЗАРЯДТАУ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Сақтау кезінде литий-йонды батарея зарядты 2 жыл
көлемінде ұстап тұрады, сондықтан ол сізге керек кезде
әрқашан дайын.
• Зарядтаушы құрал батарея температурасы 0°C
және 45°C аралығында болғанда ғана тез зарядтай
алатындай етіп жасалған.
• Әр зарядтаудан кейінгі жұмыс істеу уақытының
азаюы батареяның қызметтік мерзімі аяқталуға
жақын екенін және оны ауыстыру керектігін
білдіреді. Құралыңызға қызмет көрсету үшін,
ресми түрде тіркелген DREMEL қызмет көрсету
бөлімдерінің біріне хабарласыңыз
• Егер батарея дұрыс зарядталмай жатса:
a. Басқа электр құралдарын қосу арқылы
розеткадағы кернеуді тексеріңіз.
b. Розетка жарық сөндірулі тұрғанда қуатты
«өшіретін» жарық ауыстырып-қосқышына
қосылып тұрғанын тексеріңіз.
c. USB клеммаларында ластанудың бар-жоғын
тексеріңіз. Қажет болса, мақта тығынмен және
спиртпен тазалаңыз.
d. USB кабельдің құрал мен қуат адаптеріне дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
e. Егер құрал әлі де дұрыс зарядталмаса, құрал
мен қуат адаптерін Dremel қызмет көрсету
орталығына жіберіңіз.
Ескертпе: Dremel компаниясы сатумен
айналыспайтын қуат адаптерлері немесе батарея
блогтарын пайдалану кепілдікті жарамсыз қылуы
мүмкін.
ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
Құрал шамадан тыс жүктеме және тежеу орын алған
жағдайда құралдағы токты шектеу арқылы мотор мен
батареяның өнімділігін барынша арттыруға көмектесетін
ішкі электрондық бақылау жүйесімен жабдықталған.
Егер құрал ұзақ уақыт бойы тежеліп қалса немесе өңдеу
бөлшегінде, әсіресе жоғары жылдамдықта тұрып қалса,
құрал өзінде орнатылған апаттық режимнің арқасында
автоматты түрде өшеді. Солай болған кезде, тіректі
“0” күйіне сырғытыңыз да, құралды жай ғана тежеліп
қалған материалдан алыңыз, оны қайтадан қосыңыз
және қажет болса, жыдамдығын реттеп, әрі қарай
қолдана беріңіз. Батареяның қуаты таусылуға жақындап
қалғанда, құрал автоматты түрде әдеттегіден жиі өшуі
мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, құралды қайта
зарядтау қажет.
АКСЕССУАРЛАР
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРМАС БҰРЫН ӘРДАЙЫМ
ҚҰРАЛДЫ ӨШІРІҢІЗ
Dremel арқылы тексерілген, өнімділігі жоғары
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. Dremel
аксессуарын пайдалану туралы қосымша ақпарат
алу үшін бірге берілген нұсқауларды міндетті түрде
оқыңыз. Аксессуарлардың сынуын және сызат
түсуін болдырмау үшін мұқият қолданып сақтаңыз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
8
A. Цанга гайкасы
B. Цанга (3,2 мм)
C. Алдыңғы қақпақ (EZ Twist біріктірілген бұрауыш кілті)
D. Dremel патроны 4486
E. Білік құлпының түймесі
F. Кілт
1. Білік құлпының түймесін басып, білік құлыпқа
қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз.
Құрал
жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
2. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын босатыңыз
(алып тастамаңыз). Қажет болса, цанганың сомынды
бұрайтын кілтін пайдаланыңыз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын бұрап
бекітіңіз.
EZ TWIST БІРІКТІРІЛГЕН БҰРАУЫШ КІЛТІ
9
Осы алдыңғы қақпақтың стандартты сомынды бұрайтын
кілтін пайдаланбай, цанга гайкасын босатуға және
бекітуге мүмкіндік беретін біріктірілген сомынды
бұрайтын кілті бар.
1. Алдыңғы қақпақты құралдан босатып, қақпақтың
ішіндегі болат ендірмені цанга гайкасымен
теңестіріңіз.
2. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын босату
үшін алдыңғы қақпақты сағат бағытына қарсы
бұрыңыз.
Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік
құлпын кіргізбеңіз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын бекіту үшін
алдыңғы қақпақты сағат бағытымен бұрыңыз.
5. Алдыңғы қақпақты бастапқы орнына қайта бұрыңыз.
DREMEL ПАТРОНЫ 4486
Dremel патроны Dremel құралдарындағы
аксессуарларды цангаларды ауыстырмай жылдам әрі
оңай ауыстыруға мүмкіндік береді. Артқы ілмегі 0,8 -
3,2 мм болатын аксессуарлар сыяды.
Босату үшін алдымен білік құлпының түймесін басып,
білік құлыпқа қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз.
Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
мен жарақаттану қаупі
туындайды).
•
Балаларды қадағалаңыз
(балаларға зарядтаушы
құралмен ойнауға рұқсат
бермеңіз)
•
Тек Bosch өнімдерінде
орнатылған Bosch литий-
ионды батареяларын
немесе литий-ионды
батареяларды
зарядтаңыз. Батареяның
кернеуі зарядтаушы
құралдың батарея
зарядтау кернеуіне сәйкес
келуі тиіс.
Әйтпесе өрт пен
жарылыс қаупі бар.
•
Батарея зарядтаушы
құралды таза ұстаңыз.
Ластану электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
• Жоғарыда сипатталғандай, дұрыс сипаттамаларға
сәйкес келетін зарядтаушы құралдарды ғана
қолданыңыз.
•
Батарея зарядтаушы құралын жаңбыр мен
ылғалдан алшақ ұстаңыз.
Батарея зарядтаушы
құралына судың кіруі электр тогының соғу қаупін
арттырады.
• Зақым келген зарядтаушы құралды пайдаланбаңыз;
оны ресми түрде тіркелген DREMEL қызмет көрсету
бөлімдерінің біріне қауіпсіздік сынағынан өткізу үшін
апарыңыз
• Сымы немесе ашасы зақымдалған зарядтаушы
құралды пайдаланбаңыз; сым мен ашаны
ресми түрде тіркелген DREMEL қызмет көрсету
бөлімдерінің бірінде дереу алмастыру керек
• Зарядтаушы құралды бөлшектемеңіз
• Рұқсат етілген қоршаған орта температуралары
(құрал/зарядтаушы құрал/батарея):
–
зарядтау кезінде 0...+45ºC
–
жұмыс барысында -20...+50ºC
–
сақтау барысында -20...+50ºC
БАТАРЕЯ БЛОГЫН ЗАРЯДТАУ
7
Dremel 7760 құралы зауыттан толық зарядталған
күйінде келмейді. Құралды алғаш пайдаланбас бұрын
зарядтаңыз.
1. «M» USB кабелін «N» қуат адаптерінің USB портына
салыңыз. Егер қуат адаптері жеткізілім жинағына
кірмейтін болса, құралды кем дегенде 5В/1A USB
қуат көзін пайдалану арқылы зарядтаңыз.
29
Содержание 7760-15
Страница 2: ...2 A M N O B C D E G L H J I K F 7 1 2 3 4 5 6 ...
Страница 3: ...3 h h MAX 1 2 h 8 G C C O A hmax 45 mm A B P C D ...
Страница 4: ...4 A q A a 7 8 A s 0 OFF 1 8 000 RPM 2 14 000 RPM 3 21 000 RPM 4 25 000 RPM 9 ...
Страница 5: ...5 932 407 576 577 ...
Страница 41: ...41 ...
Страница 42: ...42 ...
Страница 43: ...43 ...