15
5. ҚҰРАЛҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
ЕСКЕРТУЛЕР
Құралға қызмет көрсетер алдында, оны электр желісінен
ажыратыңыз.
Блоктың алдыңғы панелін күту
Құралды мұқият күту және уақтылы тазалау оның қолданылу
мерзімін ұзартады және электр энергиясын үнемдейді.
Тазалау кезіндегі келесідей кеңестерге көңіл аударыңыз:
–
сіз құралды сүртіп жатқан кезде, орнықты жерде тұрыңыз,
әйтпесе құлап кеткен жағдайда, Сіз құралды бұзып алуыңыз не-
месе өзіңіз жарақаттануыңыз мүмкін;
–
алдыңғы панельді шешіп алу кезінде жарақат алып қалмау үшін,
корпустың металл бөлшектеріне жақындамаңыз;
–
құралдың алдыңғы панелін және қашықтан басқару пультін
тазалау кезінде, ласты құрғақ майлықпен сүртіп алу мүмкін
болмаған жағдайда, ылғал майлықты қолданыңыз.
Ескертпе:
1. Құрал мен ҚБП су астына ұстап жумаңыз!
2. Тазалау үшін құрамында спирті бар сұйықтықтарды, бензинді,
майды немесе жылтыратқыш құралдарды қолданбаңыз.
3. Алдыңғы панельдің бетіне қатты қысым түсірмеңіз, бұл оның
түсіп кетуіне әкелуі мүмкін.
4. Тазалау кезінде құрал корпусының бетін бүлдірмеу үшін,
абразивті тазалау құралдарын немесе металл қырғыштарды
қолданбаңыз.
5. Су температурасы 45
0
С-тан аспауы тиіс. Бұл пластиктің
майысуына немесе түсінің солғын тартуына әкелуі мүмкін.
Ауа сүзгісін тазалау
1. Алдыңғы панельді тірелгенге дейін көтеріңіз, содан соң ауа
сүзгісінің шығып тұрған бөлігін көтеріңіз де, оны суырып алыңыз.
2. Сүзгіні шаңсорғышпен тазалаңыз немесе сумен жуыңыз. Егер
сүзгі қатты ластанған болса, оны жұмсақ жуғыш затты қолдану
арқылы жылы сумен жуыңыз. Сүзгіні көлеңкелі жерде мұқият
кептіріңіз.
3. Сүзгіні орнына орнатыңыз және алдыңғы панельді жабыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Маусымның аяғында
Келесідей іс-әрекеттерді орындау керек:
–
сплит-жүйені ұзақ уақытқа «ЖЕЛДЕТУ» режиміне қосыңыз;
–
осыдан кейін құралды желіден айырыңыз;
–
ауа сүзгісін тазалаңыз;
–
ішкі және сыртқы блокты жұмсақ құрғақ майлықпен сүртіңіз;
–
ҚБП-нен батареяларды алып тастаңыз.
Маусымның басында
Келесідей іс-әрекеттерді орындау керек:
–
қоршау орны мен ішкі және сыртқы блоктардағы ауа шығатын
жерлердің бұғатталмағанына көз жеткізіңіз;
–
сыртқы блокты тат пен коррозия баспағанына көз жеткізіңіз;
–
ауа сүзгісінің тазартылғанына көз жеткізіңіз;
–
құралды желіге қосыңыз;
–
батареяларды ҚБП-не орнатыңыз.
6. МҮМКІН БОЛАТЫН АҚАУЛЫҚТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ƏДІСТЕРІ
Құрал қосылмайды
Желіге қосылып тұрғандығын тексеріңіз.
Қорғаныштық құрылғы іске қосылды,
кондиционерді кем дегенде 3 минуттан соң
қосып көріңіз Желідегі кернеу төмен немесе
жоғары. Жұмыстың таймерге қойылмағандығын
тексеріп көріңіз
Кондиционер басқару
пультінің пәрмендерін
ескермейді
Электр-магниттік
кедергілердің
ықпалы
болуы мүмкін. Кондици¬онердің электр
қуаттандырғышын айырып, 1 минуттан соң қайта
қуат жіберіп көріңіз. Пульттің сигналдың әрекет
ету аймағында болуын тексеріңіз Қашықтан
басқару пультінің батареяларын тексеріңіз,
қажет болса, оларды алмастырыңыз. Пульттің
бүлінбегендігін тексеріңіз.
Салқындату немесе
жылыту тиімділігі
төмендеді
Мақсаттық температураның дұрыс орнатылуын
тексеріңіз. Ішкі блоктың кіргізу және шығару
саңылаулары бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Ауа
сүзгісінің, жылу алмасқыштың және ішкі блоктың
желдеткішінің ластану деңгейін тексеріңіз,
қажеттілікке қарай, тазалап көріңіз. Жылы/
салқын ауаның ашық терезе немесе есік арқылы
кірмей тұрғандығына көз жеткізіңіз. Желдеткіш
жылдамдығының дұрыс қойылуын тексеріңіз.
Сыртқы ауа температурасы жоғары болған
жағдайда, салқындату тиімділігі жеткіліксіз
болуы мүмкін. Сыртқы ауа температурасы төмен
болған жағдайда, жылыту тиімділігі жеткіліксіз
болуы мүмкін. Бөлмеде қосымша жылу көздерінің
бар-жоқтығын тексеріңіз.
Жұмыс режимдерін
ауыстырған кездегі
кідіріс
Пайдалану кезінде жұмыс режимдерінің ауысуы
3 минут уақыт алуы мүмкін.
Жылыту режимдерін
қосқан кездегі кідіріс
Бұл кідіріс (2-5 минутқа дейін) ішкі блоктың
жылу алмасқышын қыздыру үшін қажет.
Жарамсыздық болып табылмайды
Бөгде иістердің пайда
болуы
Кондиционер
бөлмедегі
темекі
түтіні,
парфюмерия, жиһаз иісі, т.б. осы сияқты иістерді
күшейте түсуі мүмкін. Егер иістер ұзақ уақыт
бойы жойылмаса, сервис орталығынан кеңестер
алыңыз
Ішкі блоктан судың
ағып жатқан
немесе сылдыраған
дыбыстары естіледі
Дыбыстар ішкі блок ішінде қайнап жатқан
салқындатқыш агенттің тұрбалар бойымен
ағып жатқанын білдіреді. Жарамсыздық болып
табылмайды
Ішкі блоктан
сыртылдаған
дыбыстар естіледі
Сыртылдаған дыбыстар температураның өзгеруі
салдарынан құралдың алдыңғы панелінің
немесе өзге тетіктерінің кеңеюімен немесе
сығылуымен түсіндіріледі (жарамсыздық болып
табылмайды)
Ішкі блоктан әлсіз
механикалық
дыбыстар естіледі
Дыбыс ішкі блоктың желдеткішін қосу/айыру
кезінде пайда болады. Жарамсыздық болып
саналмайды
Ішкі блоктан
шыжылдаған
дыбыстар естіледі
Дыбыс салқындатқыш агенттің ағысы өзгерген
кезде пайда болады. Жарамсыздық болып
саналмайды
Ішкі блоктың түсінің
өзгеруі
Түрлі факторлар (мысалы, ультракүлгін
сәулелер, температура, т.б.) салдарынан пластик
корпус түсін өзгертуі мүмкін, бұл құрылғының
функциялық сипаттамаларына әсер етпейді.
Жарамсыздық болып табылмайды