24
ҚАЗАҚ
• Ішінде ыстық өнімдері бар құрылғыны
қозғалтпаңыз.
• Бумен пісіргіштің сыймаларын қысқа
толқынды пештерде, сондай-ақ,
электр немесе газ плиталарында
пайдалануға болмайды.
• Желіге қосылып тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға тиым салынады.
• Егер пайдаланылмайтын болса, бу
айшанақтарын алу -салу кезінде, жəне
тазалау алдында құрылғыны желіден
ажырату керек.
• Тазалау
алдында,
алмалы
бөлшектерін алу/салу кезінде
құрылғыны суытып алыңыз.
•
Бумен пісіргішті сөндіру үшін
таймерді «OFF/сөндірулі» жағдайына
қойыңыз да, желі ашасын розеткадан
шығарыңыз.
•
Желі бауының үстел үстінен
салбырамауын, сондай-ақ, ыстық
немесе өткір беткейлерге тимей
тұруын қадағалаңыз.
• Құрылғыны жəне желі бауын ыстық
беткейлерден, жылу көздерінен жəне
өткір заттардан аулақ ұстаңыз.
• Балаларға
құрылғыны
ойыншық
ретінде пайдалануға рұқсат бермеңіз.
• Құрылғыны
балалардың
жəне
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Оларға
құрылғыны қадағалаусыз пайдалануға
рұқсат бермеңіз.
•
Балаларға немесе мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларға құрылғыны
қолдануға рұқсат беру үшін, оларға
қауіпсіздіктеріне жауапты тұлға
құрылғыны дұрыс қолдану туралы
жəне дұрыс қолданбаған жағдайда
туындайтын қауіп туралы сəйкес,
өздеріне түсінікті нұсқаулықтар беру
керек.
• Құрылғыны, желі бауын немесе желі
ашасын суға батырмаңыз, электр
тогынан зақым алудан сақтаныңыз.
•
Желі бауы, желі ашасы немесе
өзге де бөлшектері зақымданған
жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен ашып,
жөндемеңіз. Құрылғыны жөндеу
үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғы тек үйдегі қолданысқа
арналған.
АЛҒАШ ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА
• Бумен пісіргішті алып шығыңыз
да, қаптама материалдарын алып
тастаңыз.
• Жұмсақ
жуғыш
құралдарын
пайдаланып, бу айшанақтарын(3,4,5),
күріш немесе сорпа қайнату
сыймасын(2), табаны(2) жəне
қақпақты (1) жуыңыз.
• Жақсылап шайып, сүртіңіз.
• Су сыймасының (13) ішкі бетін ылғал
матамен сүртіңіз.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ
КӨРСЕТІЛІМДЕР
• Бумен пісіргішті тегіс жəне тұрақты
беткейге орнатыңыз.
• Қыздырғыш элементтің сақинасын (7)
қыздырғыш элементке (8) орнатыңыз,
ол кезде сақинадағы ұршық (7)
төменде тұрады.
• Сыймаға (13) МАХ деңгейіне дейін
суық су толтырыңыз.
• Сыймаға суды екі жолмен толтыруға
болады: су құю тесігі (9) арқылы,
немесе тікелей сыймаға (13) құйсаңыз
болады.
• Егер дайындау кезінде сіз құйылған
су қажетті нормадан төмен екенін
байқасаңыз, суды толықтыру үшін
тесік (9) арқылы құйсаңыз болады, ол
кезде бу айшанақтарын алудың қажеті
жоқ.
1552.indd 24
1552.indd 24
25.11.2010 12:54:46
25.11.2010 12:54:46