![Scarlett SC-SM31B01 Instruction Manual Download Page 11](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/sc-sm31b01/sc-sm31b01_instruction-manual_1209014011.webp)
IM018
www.scarlett.ru
SC-SM31B01
11
Корпустың астыңғы ұшын бу бастиегінің саңылауына сырт еткенше кіргізіңіз. Бу бастиегін аспаптың
корпусынан бу бастиегін ажырату түймесін басу арқылы ағытып алуға болады.
Төменде, бу бастиегінің табанына еден жуатын шүберекті арнайы «жабысқақтарға» бекітіңіз.
Үстінен еден жуатын шүберек кигізілген табан орнына түскенше оны аспаптың түбіне жапсыра
қысыңыз. Түбін шешіп алу үшін оны еденге жапсыра қысыңыз да, аспапты өзіңізге қарай тартыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Су құятын сауыттың тығынын ашыңыз да, 350 мл су құйып, тығынды орнына салыңыз.
Ашаны электр желісінің розеткасына қосыңыз.
Аспаптағы іске қосу түймесін басыңыз, индикатор қызыл түспен жанады.
Іске қосқаннан кейін 25 секунд өткенде аспапта бу түзіледі де, индикатор көк түспен жанады.
Аспап жұмысқа дайын.
Бу бастиегінің айналу бұрышы үй-жайдың бұрыш-бұрышын және қол жетуі қиын басқа жерлерді
тазалауға мүмкіндік береді.
Үй жинауды аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, электр желісінен ажыратыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
ЕСКЕРТУ: Аспаптың корпусын суға матыруға тыйым салынады!
Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Қолданып болғаннан кейін әр кез сауытты қалған судан босатыңыз.
Сауыттың ішіндегі әк өңезін кетіру үшін оған су құйып, 1-2 ас қасық сірке суын қосыңыз да,
араластырыңыз. Бірнеше сағаттан кейін сауыттағы сірке суы қосылған суды төгіп, сауытты таза
сумен жуыңыз.
Аспап тиімді жұмыс істеуі үшін әк өңезін тек сауыттан ғана емес, сондай-ақ бу бастиегінен де кетіру
қажет. Өңезді кетіру жиілігі судың кермектігіне және аспаптың қаншалықты жиі пайдаланатындығына
тікелей байланысты болады (аспапты пайдаланудың шамамен әрбір 25-ші циклы).
1/3 сірке суы мен 2/3 суды қосып ерітінді дайындаңыз да, сауытқа құйыңыз.
Аспапты тік қалыпта бекітіңіз, аспаптың астына шелек немесе басқа ыдыс қойыңыз.
Аспапты розеткаға жалғаңыз да, іске қосу түймесін басыңыз.
Сауыттағы су таусылғанша аспап толық бір цикл бойы жұмыс істеуге тиіс. Сірке суы қосылған шығып
жатқан будың еденге немесе басқа заттарға тимеуін қадағалаңыз, әйтпесе оларды сірке суының
ерітіндісі бүлдіруі мүмкін.
Қақ жоғалып кеткенше және бу түзілуі деңгейі қалпына келгенше, осы процедураны неше рет керек
болса, сонша рет қайталаңыз. Содан кейін сауытты таза сумен шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қақты кетіргеннен кейін әр кез аспаптың ішінде қақ пен ерітіндінің қалмағанына көз жеткізу
үшін аспаптың беткі қабатының шағын бөлігінде аспаптың жұмысына сынақ жүргізіңіз.
Еден жуатын шүберекті кір жуғыш машинада жууға болады.
Шүберек жақсырақ сақталуы үшін оны жуғаннан кейін сықпаңыз, тегіс бетте жазып кептіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ
:
еден жуатын шүберекті жуған кезде ағартқышты немесе шайғыш бальзамды
пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ
:
Шүберекті алып-салардан бұрын аспап әбден суығанша күтіңіз.
САҚТАЛУЫ
Іске пайдаланып болғаннан кейін аспапты өшіріңіз де, электр желісінен ажыратыңыз.
Сауыттағы қалған суды төгіп тастап, корпусын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Аспаптың жұмыс істейтін беткі қабаттары суығанша күтіңіз.
Еден жуатын шүберекті аспаптың табанынан алып, жуыңыз.
Аспапты құрғақ жерде сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ТҮЗЕТУ
Кез келген сервистік қызмет көрсету тек мамандандырылған сервис орталығында іске асырылуға
тиіс.
ЕСКЕРТУ: Ақаулықтарды түзетерден бұрын аспапты розеткадан ажыратыңыз да, әбден суығанша
қоя тұрыңыз.
Ақаулық
Ықтимал себебі
Ықтимал шешімі
Бу аз шығады немесе мүлде
шықпайды
Сауытта су жоқ
Сауытқа су толтырыңыз
Бу бастиегіне қоқыс толған
Бу бастиегінің саңылауын
тазалаңыз
Тоқ берілмей тұр
Аспаптың электр желісіне
қосулы екеніне көз жеткізіңіз
Іске қосу түймесі басылған жоқ
Іске қосу түймесін басыңыз
Аспап іске қосылмайды
Қуат сымы электр желісіне
жалғанбаған
Ашаны розеткаға сұғыңыз
Summary of Contents for SC-SM31B01
Page 6: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 6 RUS 0 C 2 350 25...
Page 7: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 7 1 2 25 30 1 3 2 3...
Page 8: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 8 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2...
Page 9: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 9 350 25 1 2 25 30 1 3 2 3...
Page 10: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 10 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2...
Page 11: ...IM018 www scarlett ru SC SM31B01 11 350 25 1 2 25 1 3 2 3...