IM020
SC-FD421T19
10
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Ыстық үстілерге тимеңіз.
Электр тоғының ұруына және құралдың сынуына тап болмау үшін, тек қана бересі жинағына кіретін
керек-жақтармен қолданыңыз.
Аспапты қатарынан 40 сағаттан артық пайдаланбаңыз. Кептіргішті 40 сағат бойы пайдаланғаннан
кейін аспапты желіден ажыратыңыз да, суығанша қоя тұрыңыз.
Аспаптың үстін жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: өрт шығуына жол бермес үшін аспапты тек қызбайтын беткі қабатқа қойыңыз.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде
2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан
«XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Бұйымды қораптан алыңыз.
Бірінші рет іске қосардан бұрын барлық сауыттары мен алмалы бөліктерін жылы суға сабындап
жуыңыз да, жақсылап шайып, құрғатып сүртіңіз.
Тұғырдың ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Кептіргіш көкөніс пен жеміс-жидектің ылғадны кетіру үшін, дәрілік шөптер мен дәмдеуіштерді, сондай-
ақ балық пен етті кептіру үшін қолданылады.
Кептіргішті орнықта, жазық беткі қабатқа орнатыңыз.
Алдын ала дайындалған азық-түлікті алмалы науаларға таратып салыңыз.
Науаларды орнатқан кезде, олардың арасында ауаның еркін айналуына мүмкіндік болатындай етіп
орнату керек. Әр науаға азық-түлікті тым көп салмаңыз. Науаға салынатын азық-түліктің ең үлкен
салмағы – 1 кг.
Алмалы науаларды тұғырға орнатыңыз.
Аспаптың қақпағын жабыңыз. Аспаптың қақпағы ол жұмыс істеп тұрған кезде үнемі жабық болуға тиіс.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Аспапты тоққа қосу үшін іске қосу / уақыт параметрлерін орнату түймесін «
» бір рет басыңыз.
Жұмыс уақытын реттеу үшін іске қосу / уақыт параметрлерін орнату түймесін «
» қайтадан
басыңыз. Дисплей жыпылықтап тұрған кезде, «
» басу арқылы қажетті жұмыс уақытын 1
сағаттан 36 сағатқа дейінгі аралықта орнатыңыз. Орнатылған уақыт дисплейде көрсетіледі.
Температураны 40 – 70
о
С аралығында орнату үшін температураны реттеу түймесін «
» неше рет
қажет болса, сонша рет басыңыз. Орнатылған температура дисплейде көрсетіледі.
Берілген уақыт өткеннен кейін аспап тоқтан автоматты түрде ажыратйды да, біраз уақыт суып
тұрады.
ҰСЫНЫЛАТЫН ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМДЕР:
Шөптер: 40
о
С
Нан: 40-50
о
С
Көкөніс: 50-55
о
С
Жеміс-жидек: 55-60
о
С
Саңырауқұлақ: 50-55
о
С
Ет, Балық: 65-70
о
С
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КЕПТІРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ:
ЕСКЕРТУ: Кептіру уақытының ұзақтығы қандай нәтиже керек екеніне байланысты болады.
Азық-түлік
Дайындау
Кептіру
уақыты
(сағат)
Жеміс-жидек (кептірер алдында дайындалған жеміс-жидекті су араластырылған тиісті шырынға 2 сағат
жібітіп қоюды ұсынамыз: 2 стакан суға ¼ стакан шырын)
Сары өрік
Сүйегін алып, жұқалап турау керек
13-28
Ананас (жаңа піскен)
Қабығын аршып, кесектеп турау керек
6-36
Summary of Contents for SC-FD421T19
Page 5: ...IM020 www scarlett ru SC FD421T19 5 RUS 40 40 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 1 1...
Page 7: ...IM020 www scarlett ru SC FD421T19 7 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i 40 40 0 C 2...
Page 9: ...IM020 www scarlett ru SC FD421T19 9 5 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 25: ...IM020 www scarlett ru SC FD421T19 25 8 14 4 14 6 16 5...