Жұмысты бастау
4
Толығымен зарядтағаннан кейін пернетақтаны зарядтағыштан ажыратыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың Қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Батареяны зарядтау күйін тексеру
Ctrl
пернесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз. Хабарлау шамы зарядтау күйіне
байланысты әр түрлі түстермен үш рет жыпылықтайды.
Күй
Түс
30%-дан аз
•
Қызыл
30–60%
•
Сары
60%-дан көп
•
Жасыл
Пернетақтаны қосу және өшіру
Пернетақтаны қосу немесе өшіру үшін Қуат қосқышын сырғытыңыз.
Қосулы
Өшірулі
Сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын жерлерде, мысалы
ұшақтардың бортында және ауруханаларда барлық жарияланған ескертулерді және
уәкілетті қызметкерлер құрамының нұсқауларын ұстаныңыз.
Қазақ тілі
4