6
Bluetooth қосылымдары
Bluetooth
Bluetooth туралы
Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц
жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді
құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа
Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.
Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер
•
Пернетақтаны басқа құрылғыға қосқанда мәселелерді болдырмау үшін құрылғыларды
бір біріне жақын қойыңыз.
•
Пернетақта мен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth қосылым ауқымының (10 м)
ішінде екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын қоршаған ортаға
байланысты өзгере алады.
•
Пернетақта мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, сның ішінде, адам денелері,
қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.
•
Bluetooth кейбір өндірістік, ғылыми, медициналық және төмен қуатты өнімдермен
бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнімдер түрлерінің жанында қосылымдар
орнатқанда кедергілер орын алуы мүмкін.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар пернетақтамен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарда пайдаланбаңыз (мысалы, файлдардың
пираттық көшірмелерін жасау немесе коммерциялық мақсаттарда хабарларды заңсыз
түрде алу).
Қазақ тілі
6