63
RMC-M4502 мультипісіргіші
KAZ
Техникалық сипаттамалар
Үлгі .....................................................................................................................RMC-M4502
Қуаты ........................................................................................................................... 860 Bт
Кернеуі ...................................................................................................220–240 В, 50 Гц
Табақтың көлемі ........................................................................................................... 5 л
Табақтың жабындысы ................................... күйікке қарсы қыш Anato® (Корея)
Бу клапаны ....................................................................................................... шешілмелі
СК-дисплей ...................................................................................................монохромды
Бағдарламалардың саны .................34 (16 автоматты, 18 қолмен теңшелетін)
Автоысыту ..................................................................................... бар, 24 сағатқа дейін
Автоысытуды өшіру функциясы .............................................................................. бар
Тағамды ысыту функциясы ..................................................... бар, 24 сағатқа дейін
Әзірлеу температурасын таңдау ............................................................................. бар
Шегерілген старт функциясы ...............................................................бар, 2 таймер
Бағдарламалар
1. МУЛЬТИПОВАР (МУЛЬТИДАЯШЫ)
2. ПАР – МЯСО (БУ – ЕТ)
3. ПАР – РЫБА (БУ – БАЛЫҚ)
4. ПАР – ОВОЩИ (БУ – КӨКӨНІС)
5. ЖАРКА – МЯСО (ҚУЫРУ – ЕТ)
6. ЖАРКА – РЫБА (ҚУЫРУ – БАЛЫҚ)
7. ЖАРКА – ОВОЩИ (ҚУЫРУ – КӨКӨНІС)
8. ТУШЕНИЕ (БҰҚТЫРУ)
9. ВАРКА (АСУ)
10. ВАРКА – ЭКСПРЕСС (АСУ – ЭКСПРЕСС)
11. ВАРКА – КАША (АСУ – БОТҚА)
12. ПАСТА (ПАСТА)
13. СУП (КӨЖЕ)
14. ВЫПЕЧКА (ПІСІРМЕ)
Жинағы
Ішіне табақ орнатылған мультипісіргіш ......................................................... 1 дана
Буда әзірлеу контейнері ..................................................................................... 1 дана
Фритюрде қуыруға арналған себет ................................................................. 1 дана
Табақ қысқышы ....................................................................................................... 1 дана
Өлшеу стақаны ........................................................................................................ 1 дана
Ожау ............................................................................................................................ 1 дана
Жалпақ қасық ......................................................................................................... 1 дана
Ожау/қасық ұстағышы .......................................................................................... 1 дана
Электр қоректену бауы ......................................................................................... 1 дана
«120 рецепт» кітабы.............................................................................................. 1 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық ....................................................................... 1 дана
Сервистік кітапша ................................................................................................... 1 дана
Өндіруші өз өнімін жақсарту барысында дизайны, жинағы, сонымен қатар
техникалық сипаттамаларына өзгерістерді бұл өзгерістер туралы
қосымша хабарламай енгізуге құқылы.
Үлгінің құрылымы
1. Бу клапаны шешілетін қақпақ
2. Ішкі алюминий қақпақ
3. RB-C502 шешілмелі табағы
4. СК-дисплейі бар басқару панелі
5. Жалпақ қасық
6. Өлшеу стақаны
7. Буда әзірлеуге арналған контейнер
8. Ожау
9. Қуыру себеті
10. Электр қоректену бауы
11. Табақты шығаруға арналған қысқыш
12. Ожау/қасық ұстағышы
Түймешіктердің мақсаты
1. «Время приготовления» («Әзірлеу уақыты») – сағат пен минуттар
мәндерін орнату:
• ағымдағы уақытты орнатқан кезде;
• шегерілген старт таймерлерін орнатқан кезде;
• бағдарламада әзірлеу уақытын орнатқан кезде.
2. «Установка времени» («Уақытты орнату») – ағымдағы уақытты,
шегерілген стартты немесе әзірлеу уақытын орнату режимдерінде
«сағат» / «минуттарды» таңдау.
3. «Отложенный старт» («Шегерілген старт») – ағымдағы уақытты орнату
режиміне кіру; шегерілген старттың екі таймерінің бірін таңдау.
4. «Поддержание тепла / Отмена» («Жылу ұстау/Болдырмау») – дайын
тағамдар температурасын ұстау функциясын өшіру; ысыту режимін қосу
және өшіру; ағымдағы уақыт теңшелімдерінен басқа барлық бағдарлама
мен теңшелімдерді болдырмау.
5. «Меню» («Мәзір») – әзірлеу бағдарламасын таңдау.
6. «Варка» («Acy») – бағдарлама ішін «ВАРКА» бағдарламасында таңдау.
7. «Вид продукта» (Азық-түлікті таңдау») – азық түрін «ПАР», «ЖАРКА»,
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламаларында таңдау.
8. «Температура» – әзірлеу температурасын «МУЛЬТИПОВАР»
бағдарламасында өзгерту.
9. «Старт» – әзірлеу бағдарламасын іске қосу.
Дисплейдің құрылымы
1. Таңдалған әзірлеу бағдарламасының индикаторы
2. Ағымдағы уақыт индикаторы
3. Әзірлеу уақытының индикаторы
4. Шегерілген старттың 1 және 2 таймерлерінің индикаторы
5. «ПАР», «ЖАРКА», «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламаларында азық түрінің
индикаторы
6. «ВАРКА» бағдарламасында ішкі бағдарламалар индикаторы
7. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу температурасының
индикаторы
I. ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Орамын абайлап ашыңыз және бұйымды қораптан шығарыңыз, барлық орау
материалдары мен сериялық нөмірі бар жапсырмадан басқа жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Бұйымның сериялық нөмірі болмауы оған кепілдік қызмет көрсету
құқығыңызды сізден автоматты түрде айырады.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен
жуыңыз. Мұқият кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда
болуы мүмкін, бұл аспап ақауының салдары болып табылмайды. Бұл жағдайда
аспапты тазалаңыз.
Назар аударыңыз! Аспапты кез келген ақау болғанда пайдалануға тыйым
салынады.
II. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Алғаш рет қосудың алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғал мен температурадан зардап шегуі
мүмкін басқа заттар немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең
бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін
бөліктерінде зақымдар, жарық және басқа ақаулар болмауына көз жеткізіңіз.
Табақ пен қыздыру элементі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Сағатты орнату
1. Аспапты электр желіге қосу. «Отложенный старт» түймешігін басып үш
секундтың ішінде ұстаңыз, дисплейде ағымдағы уақыт минуттарының
индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. «Время приготовления» түймешігін басып, минуттардың мәнін қадамдап
өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере
бастайды. Минуттарды орнату аяқталысымен «Установка времени»
түймешігін басыңыз, дисплейде ағымдағы уақыт сағаттарының
индикаторы жыпылықтай бастайды.
3. «Время приготовления» түймешігін басып, сағаттардың мәнін қадамдап
өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере
бастайды.
4. Уақытты орнату аяқталысымен «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін басыңыз немесе уақыт индикаторы жыпылықтағанын
қойғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргішінде әр бағдарлама үшін әдепкі
орнатылған әзірлеу уақытын қолмен өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
Тапсырылған уақыттың өзгерту қадамы мен ықтимал диапазоны таңдалған
әзірлеу бағдарламасына байланысты.
1. «Меню» түймешігін басып, автоматты әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
«Установка времени» түймешігін басыңыз, минуттар индикаторы
жыпылықтай бастайды. «Время приготовления» түймешігін басып,
минуттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп
ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
2. «Установка времени» түймешігін басыңыз, сағаттар индикаторы
жыпылықтай бастайды. «Время приготовления» түймешігін басып,
сағаттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп
ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
3. Әзірлеу уақытын бір сағаттан аз орнату керек болғанда сағатты орнату
режимінде «Время приготовления» түймешігін дисплейден сағат
индикаторы кеткенше бірізділікпен басыңыз. «Установка времени»
түймешігін басыңыз, минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды.
«Время приготовления» түймешігін бірізділікпен басып, минуттардың
қажетті мәннін орнатыңыз.
Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін басыңыз. Қажет болғанда бүкіл әзірлеу бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Автоматты бағдарламаны қолмен өзгерткенде аспап бірден ең аз әзірлеу
уақытын орнатады.
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргіші энергияға тәуелсіз жадыға ие.
Электр қоректену 10 минутқа дейін уақытша өшкенде шегерілген
стартты қоса, барлық тапсырылған теңшелімдер сақталады.
«Шегерілген старт» функциясы
Автоматты әзірлеу бағдарламасы орындалуы қажет дәл уақытты тапсыруға
мүмкіндік береді. Әзірлеу үдерісін 10 минут орнату қадамымен 10 минуттан
24 сағатқа дейін аралықта шегеруге болады. Аспап ас ең жиі әзірленетін
уақытты сақтауға мүмкіндік беретін екі тәуелсіз таймермен жабдықталған.
Таймерді теңшеу үшін:
1. «Меню» түймешігін басып автоматты бағдарламаны таңдаңыз.
2. «Установка времени» және «Время приготовления» түймешіктерімен
бағдарлама жұмысының қажетті уақытын орнатыңыз немесе әзірлеу
уақытының зауыттық мәндерін қалдырыңыз.
3. «Отложенный старт» түймешігін басып, “ТАЙМЕР 1” немесе “ТАЙМЕР 2”
таңдаңыз.
4. «Установка времени» түймешігін басып, таймерде сағатты орнату
режимін қосыңыз, сағат индикаторы жыпылықтай бастайды.
5. «Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті сағат мәнін
орнатыңыз (орнату қадамы – 1 сағат).
6. «Установка времени» түймешігін қайта басып, таймерде минуттарды
орнату режимін қосыңыз, минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды.
7. «Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті минуттар мәнін
орнатыңыз (орнату қадамы – 10 минут).