- Қазақша 116 -
Алғашқы рет қолданар алдында
1
Құралдан бүкіл орауышты алыңыз.
2
Мотор бөлігінен басқа барлық бөлшектерді тазалаңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Құрылғыны қолдану
Ескерту: Қажет болғанда араластыруға қосымша ингредиенттер қосу үшін оны
алу алдында булаудан кейін қақпақтың суығанын тексеріңіз. Құмырада
көрсетілген ең жоғарғы деңгейден асырмаңыз.
Ескерту: Жаңа булау процесін бастау үшін су ыдысын қайта толтыру алдында оны
босатыңыз.
Ескерту: Булауды бастау алдында жасыл пышақ бөлігінің үстіңгі шеті
жабылмағанын тексеріңіз.
Бұл құрал таза қатты ингредиенттерді булауға және сәби тағамын алу үшін
араластыруға арналған. Кейбір мысалдарды рецепт буклетінен қараңыз. Алдымен,
қалыпты түрде ингредиенттерді булап, оларды араластырыңыз. Дегенмен, құралды
тек булауға немесе араластыруға пайдалануға болады. Құралды тек араластыруға
пайдалану кезінде «Су ыдысын толтыру» және «Булау» бөлімдерін өткізіп жіберіп, тек
«Араластыру» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз. Ингредиенттердің бір бөлігін 20
минуттан аса немесе бірнеше рет буламаңыз.
Бұл құралды келесі әрекеттер үшін пайдалануға БОЛМАЙДЫ:
–
Тағамды еріту
–
Қатырылған тағамды булау
–
Әлдеқашан араласқан тағамды булау
–
Бірдей ингредиенттерді 20 минуттан артық булау
–
Күріш пен пастаны пісіру
–
Алдымен ингредиенттерді араластыру, одан кейін булау
–
Сорпа немесе су сияқты сұйықтықты қыздыру
–
Тағамды бірнеше сағат жылы сақтау
–
Тағамды қайта қыздыру