Құрылғыны қолдану
Стерильдеу
Стерилизаторды мұқият және химиялық заттарсыз тазалау оның ішіндегі заттарды
қақпағы жабық болғанда 24 сағат бойы стерильденген күйінде сақтауға мүмкіндік
береді. Стерильдеуден кейін балалар заттарында қалатын су стерильді болады және
оған микробтар жиналмайды.
1
Суды тікелей негіздің су резервуарына құйыңыз («Алғаш пайдаланар
алдында» бөлімін қараңыз).
2
Стерилизаторды құрастырып («Стерилизаторды құрастыру» бөлімін қараңыз),
ішіне стерильденетін заттарды салыңыз.
3
Қақпақпен кішкене немесе үлкен себеттің аузын
жабыңыз.
4
Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.
5
Қосу/өшіру түймесін «Стерильдеу» режиміне бұраңыз.
Содан соң, оны құрылғыны қосу үшін басыңыз.
Абай болыңыз: негізі, себеттері және қақпағы жұмыс
барысында қызады және жұмыстан кейін біраз уақыт осы
күйде қала береді.
Ескертпе: құрылғыны қуатты өшіру түймесін басу арқылы
өшіре аласыз.
•
Орындалу барысының индикаторы шамдары
жыпылықтап, құрылғының стерильдеп жатқанын
көрсетеді.
•
Стерильдеу процесі аяқталғаннан кейін, шамдар
сөнеді де, құрылғы автоматты түрде өшеді.
2
1
- Қазақша 96 -