
-
Электр бу стерилизаторында қызмет көрсетуге болатын
бөлшектер жоқ. Электр бу стерилизаторын өзіңіз ашуға,
қызмет көрсетуге немесе жөндеуге тырыспаңыз.
-
Жұмыс барысында құрылғы қатты қызады және ұстаса,
теріні күйдіруі мүмкін.
-
Қақпақтағы желдеткіштен және қақпақты ашқанда
шығатын ыстық будан байқаңыз. Бу теріні күйдіруі мүмкін.
-
Жұмыс кезінде немесе жұмыстан кейін бірден негізін,
себеттерді және қақпағын ұстамаңыз, себебі олар өте
ыстық. Қақпағын тек оның тұтқасымен көтеріңіз.
-
Құрылғы қосылып тұрғанда немесе ішіндегі су әлі ыстық
болса, оны қозғауға немесе ашуға болмайды.
-
Құрылғы қосылып тұрғанда, үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
-
Ешқандай қоспасы жоқ суды ғана пайдаланыңыз.
-
Ағартқыш немесе басқа химиялық заттарды құрылғыға
құймаңыз.
-
Суды резервуардағы көрсеткіштен немесе 130 ml
мөлшерінен асырып құймаңыз.
-
Тек бала бөтелкелерін және зарарсыздандыруға қолайлы
басқа да элементтерді зарарсыздандырыңыз.
Зарарсыздандырғышқа қолайлы екеніне көз жеткізу үшін
зарарсыздандыру қажет элементтердің пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
-
Егер жұмысты тоқтату қажет болса, құрылғыны өшіру үшін
қуатты қосу/өшіру түймесін басыңыз.
-
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға жасалған.
-
Жарақаттану ықтималдығын болдырмау үшін
стерилизаторды тек көрсетілген мақсатта пайдаланыңыз.
Ескерту
-
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы
нақты ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді
пайдаланушы болмаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен
бөлшектерді пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
- Қазақша 87 -