Қа
зақша
Қа
зақша
169
168
Пайдаланғаннан кейін
1. Үтіктеп болғаннан кейін үтікті қызу оқшаулағыш төсемге
дұрыстап қойып, қуат түймесін шамамен екі секунд
басып ұстап тұрыңыз. Бұйым өшкеннен және барлық
индикаторлар сөнгеннен кейін қуат ашасын суырыңыз.
2. Су сауытын алып шығыңыз да, қалған суды төгіңіз.
3. Су сауытын қайтадан қуат тұғырына орнатыңыз да,
су сауыты орнатылған жерді қалған судан тазартыңыз.
4. Бұйымды қауіпсіз жерде сақтау керек.
Тазалау
Ескертпелер:
a. Пайдаланып болғаннан кейін қандай да бір тазалау
немесе күтіп ұстау процдедурасын орындамас
бұрын қуат ашасын суырыңыз да, бұйымды 60
минуттан астам уақыт суытып қойыңыз.
b. Бұйымды жуу үшін сұйылтқыш, тазалағыш
және ұшпа еріткіш сияқты тазартқыш өнімдерді
пайдалануға болмайды. Әйтпесе бұйымға нұқсан
келуі мүмкін.
• Корпусты тазалау
Қатып қалған дақтар болса, корпустың беткі қабатын
тазалау үшін бейтарап жуғыш құралға малынған жұмсақ
шүберекті пайдаланыңыз.
• Үтік табанының беткі қабатын тазалау
Егер үтік табанының беткі қабатына желім не соған ұқсас
зат жабысып қалса, оны дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Бу шығатын тесіктерді тазалау
Егер бу шығатына тесіктерге қақ тұрса, қақты ағаштан
не бамбуктен жасалған тіс шұқығышпен кетіріңіз де, үтік
табанын дымқыл шүберепен сүртіңіз.
• Қақты кетіру
(мұны суды ағызу үшін қолайлы жерде іске
асырыңыз)
•
Тек
NI-GT200
үшін: Бұйымнан бу жиынтығында 100
минут бойы шыққан кезде.
•
Тек
NI-GT500
үшін: Бұйым жиынтығында 3 100 минут
бойы пайдаланылған кезде.
Қақ кетіру индикаторы жанып,
бұйымда жиналған қақ пен
басқа да шөгіндіні тазалайтын
уақыт келгенін көрсетеді.
Қақты кетіру үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Электр желісінен ажыратыңыз да, бұйым әбден
суығанша (60 минуттан астам) күтіңіз.
2. Су сауытын алып шығыңыз.
Қақ кетіру
индикаторы
4.2 Тек
NI-GT200
үшін:
1
Электр желісіне жалғаңыз да, қуат түймесін басыңыз.
Қуат индикаторы жанады. Бу деңгейін орнату
үшін буды қосу түймесін басыңыз да, термостат
индикаторының көмегімен қалаған деңгейді туралау
үшін температура реттегішін бұраңыз (“Мата мен
үтіктеу бойынша ұсыныстамалар” бөлімін қараңыз).
Бу деңгейі индикаторы жыпылықтай бастайды да,
термостат индикаторы жанады.
2
Термостат индикаторы сөнгенше шамамен бір минут
күтіңіз, бұл үтік табанының қызуы аяқталғанын
білдіреді. Шамамен үш минут өткенде деңгей
индикаторы жыпылықтаудан тұрақты жануға
ауысады, бұл қуат тұғырының қызуы аяқталғанын
білдіреді. Содан кейін үтіктеуге буды пайдалану үшін
бу түймесін басуға болады.
∙ Температура таңдау тетігімен орнатылған деңгей
бу аймағынан тыс болғанда және бу деңгейінің
индикаторы жыпылықтап тұрғанда бу түймесін
басуға болмайды. Әйтпесе үтіктің табанынан су ағуы
мүмкін.
• Бу соққысы
Қарқынды бу деңгейі орнатылған кезде, егер бу түймесі
бір секунд ішінде екі рет басылса, тез арада (шамамен 2
секунд) қарқынды бу ағыны шығады.
• Автоматты түрде өшу
Бұйым 10 минут бойы қолданылмаса немесе бұйым тек
құрғақ үтіктеу үшін 10 минут бойы үздіксіз пайдаланылса,
бұйым автоматты түрде өшіп қалады.
Бұйымды қайта іске қосу үшін қуат түймесін қайтадан
басыңыз.
Ескертпелер:
a. Пайдалану барысында үтіктің табанынан бірнеше
су тамшысы мен бу бір мезгілде қатар шығуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
b. Үтіктің табаны түгелдей суымайынша оны қолмен
ұстауға болмайды.
c. Үстіңізге киген киіміңізді үтіктеуге болмайды.
d. Үтіктің табанын өзіңізге немесе басқа адамдарға
тым жақындатуға болмайды.
e. Күйіп қалмау үшін үтік қуат тұғырында тұрған кезде
буды пайдалануға болмайды.
f. Пайдалану барысында бу түймесін бірінші рет
басқа кезде будың мол мөлшері шығады, ал
соңынан будың мөлшері ақырындап азая береді де,
мүлдем аз болады. Егер будың көп мөлшері керек
болса, үтікті қуат тұғырына қайтадан қойыңыз да,
шамамен 15 секунд қыздырыңыз.
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 10
2021/8/20 14:43:26