Қа
зақша
Қа
зақша
167
166
Пайдалану
Алғаш рет пайдалану
1. Бұйымдағы жапсырманы алып тастаңыз.
2. Үтіктің деңгейді реттеу түймесін (тек
NI-GT500
үшін) /
температура реттегішін (тек
NI-GT200
үшін)
“Бумен үтіктеу” тарауындағы нұсқауларға сәйкес
орнатыңыз да, үтіктің табанында қалған қалдықты
тазалау үшін дымқыл шүберекті бірнеше минут бойы
үтіктеңіз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар
Бұл бұйым құрғақ үтіктеуге және бумен үтіктеуге арналып
жасалған.
• Құрғақ үтіктеу
1. Үтікті қуат тұғырының қызу оқшаулағыш төсеміне
қойыңыз.
2. Қуат көзіне жалғаңыз. Содан кейін бипілдеген дыбыс
естіледі.
3. Қуат түймесін басыңыз. Содан кейін қуат индикаторы
жанады.
4.1 Тек
NI-GT500
үшін:
Киім-кешектің материалдарына сәйкес деңгейді орнату
үшін деңгейді реттеу түймесін басыңыз (“Мата мен
үтіктеу бойынша ұсыныстамалар” бөлімін қараңыз).
Соған сәйкес келетін деңгей индикаторы және үнемді
бу деңгейі индикаторы жыпылықтай бастайды да,
бұйым қыза бастайды. Үтік толық қызғаннан кейін
деңгей индикаторы жыпылықтаудан үздіксіз жануға
ауысады. Бұл құрғақ үтіктеуге кірісуге болатынын
білдіреді.
4.2 Тек
NI-GT200
үшін:
Деңгейді матаның материалына сәйкес орнату үшін
температура реттегішін бұраңыз (“Мата мен үтіктеу
бойынша ұсыныстамалар” бөлімін қараңыз). Соған
сәйкес келетін термостат индикаторы жанады, үнемді
бу деңгейі индикаторы жыпылықтай бастайды да,
бұйым қыза бастайды. Үтік толық қызғаннан кейін
термостат индикаторы сөнеді. Бұл құрғақ үтіктеуге
кірісуге болатынын білдіреді.
• Бумен үтіктеу
1. Қуат тұғырын орнықты бетке қойыңыз.
2. Су сауытын алып шығыңыз да, су келетін саңылау
арқылы су құйыңыз. Құрамында минералдары
азырақ тазартылған суды пайдалануды ұсынамыз. Су
сауытының ең үлкен сыйымдылығы 1,8 литр. “
MAX
” су
деңгейі белгісінен асырып жібермегеніңізге көз жеткізіңіз.
Содан кейін сауытын қуат тұғырына дұрыс орнатыңыз.
Нұқу дыбысы естілгенге дейін басыңыз.
3. Үтікті қуат тұғырының қызу оқшаулағыш төсеміне
қойыңыз.
4.1 Тек
NI-GT500
үшін:
1
Электр желісіне жалғаңыз да, қуат түймесін
басыңыз. Қуат индикаторы жанады. Киім-кешектің
материалдарына сәйкес деңгейді орнату үшін
деңгейді реттеу түймесін басыңыз (“Мата мен үтіктеу
бойынша ұсыныстамалар” бөлімін қараңыз). Соған
сәйкес келетін деңгей индикаторы және үнемді
бу деңгейі индикаторы жыпылықтай бастайды да,
бұйым қыза бастайды.
2
Деңгей индикаторы жыпылықтаудан тұрақты жануға
ауысқанша шамамен 2 минут күтіңіз, бұл үтік
табанының қызуы аяқталғанын білдіреді. Шамамен
3 минут өткенде деңгей индикаторы жыпылықтаудан
тұрақты жануға ауысады, бұл қуат тұғырының қызуы
аяқталғанын білдіреді. Содан кейін үтіктеуге буды
пайдалану үшін бу түймесін басуға болады.
∙ Бастапқы кезде үтіктен бу бүркіле бастағанда су
ағуы мүмкін. Бу деңгейін “ЖЫЛДАМ КҮТІМ” қалпына
қою үшін бу деңгейін реттеу түймесін басыңыз
немесе үтікті қуат тұғырына шамамен 15 секунд
қалдырыңыз.
Ескертпелер:
a. Бұйымды алғаш рет пайдаланған кезде иісті
сезінуіңіз мүмкін. Бұйымды бірнеше рет
пайдаланғаннан кейін иіс өздігінен жоғалып кетеді.
Бұған сенімді болыңыз.
b. Бұйымды алғаш рет пайдаланған кезде үтіктің
табанында кейбір ұсақ түйіршіктер пайда болуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұл ұсақ түйіршіктер
зиянсыз және шамалы уақыттан кейін жоғалып
кетеді.
c. Бұйым іске қосылған кезде естілуі мүмкін дыбыс су
сорғысының суды сорған дыбысын білдіреді. Бұл
қалыпты жағдай.
d. Үтіктің табаны қызып жатқан кезде шамамен 3
секундтай бірнеше су тамшысы тамуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
e. Алғаш рет пайдаланғаннан кейін сымды
құбыршекте шамалы мөлшерде конденсат пайда
болуы мүмкін. Бұйымды келесі жолы пайдаланған
кезде, үтіктің табанынан бу шыққан кезде бумен
бірге конденсат суы да шығады, бұл бірнеше
секундқа созылады. Бұл қалыпты жағдай.
f. Су сауытын қуат тұғырынан алып шыққан кезде, су
сауыты қуат тұғырына орнатылған жерде бірнеше
су тамшысы көрінеді. Бұл қалыпты жағдай.
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 9
2021/8/20 14:43:25