Қа
зақша
Қа
зақша
171
170
3. Қуат тұғырын төңкеріңіз де, оны орнықты беткі қабатқа
көлбеу орналастырып, қуат тұғырының орнықты
орналасқанына көз жеткізіңіз. Содан кейін түбіндегі
дөңгелек тетікті алу үшін оны сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
Дөңгелек тұтқа
Суды төгу тесігі
Ескертпе: Күйіп қалуға себеп болуы мүмкін. Ашпас
бұрын бұйымның əбден суығанына көз
жеткізіңіз. Пайдалану кезінде дөңгелек
тетікті ашуға болмайды.
4. Қуат тұғырын төңкеріңіз де, бұйымның ішіндегі
қайнатқыштағы қақ пен шөгіндіні төгу үшін қуат тұғырын
бірнеше рет көлбеу сілкілеңіз.
5. Қуат тұғырының түбіндегі су төгетін саңылауға судың
тиісті мөлшерін құйыңыз да, қуат тұғырын бірнеше рет
көлбеу сілкілеңіз.
6. Корпустағы қақ пен шөгіндіні төгу үшін қуат тұғырын
төңкеріңіз.
7. 4 - 5-қадамдарды қайталаңыз.
Корпустағы барлық қақ пен шөгіндіні төгіп тастағанша
тазалау процедурасын қайталаңыз. Осылайша қақтың
көбіюіне байланысты бу мөлшерінің азаюының алдын
алуға болады.
8. Барлық қақ пен шөгіндіні төгіп тастағаннан кейін
дөңгелек тетікті қатайтып бұраңыз, бұйымды қайта іске
қосыңыз да, “Арылту” түймесін басыңыз. Содан кейін
бұйым дұрыс жұмыс істеуі мүмкін.
Тығыздағыш
резеңке шығыр
Ескертпе: Дөңгелек тетікті қатайтып бұрау алдында
тығыздағыш резеңке шығырдың жылжып
кетпейтініне көз жетікізіңіз.
9. Сымды құбыршек пен қуат сымын орап, кабель
науашасына салыңыз да, бұйымды қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Сымды құбыршекті
сақтауға қою
Қуат сымын сақтауға қою
• Тазалау жиілігі:
Қақ кетіру индикаторы жанғаннан кейін.
Ескертпе:
Пайдаланылатын аймаққа және судың
сапасына қарай, бұйымның қағын бірнеше рет рет кетіру
керек болуы мүмкін.
Ескертпелер:
• Бұйым пайдаланылатын аймаққа немесе
пайдаланылатын құбыр суының құрамына қарай, қақ
кетіру индикаторы жанғанша бу шығуы айтарлықтай
азаюы мүмкін. Сондықтан қақ кетіру индикаторы
жанғанға дейін тазалаған дұрыс.
• Егер тазалағаннан кейін бу шығуы айтарлықтай
азайса, жуық арада қақ тежегіш пайдаланылуы
мүмкін. Бөлшектерді ауыстыру үшін сатудан кейін
қызмет көрсететін қызметкерлерге хабарласыңыз.
• Қақ кетіретін құралдың әсерінің кемуімен қоса,
бұйымның қызмет мерзімінің қысқаруы бу шығуының
азаюына әкелуі мүмкін.
• Бұйым ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса:
•
Тек
NI-GT200
үшін: Су сауытындағы суды төгіңіз де,
бұйымды “Silk” бу деңгейіне қою үшін температура
реттегішін бұраңыз.
•
Тек
NI-GT500
үшін: Су сауытындағы суды төгіңіз де,
бұйымды оңтайлы күтім жасайтын бу деңгейіне қою үшін
деңгейді реттеу түймесін басыңыз.
Техникалық сипаттамалар
Үлгі
NI-GT500
NI-GT200
Атаулы кернеу
220-240 В
50-60 Гц
Қуат тұтыну көлемі
2 000-2 400 Вт
Салмағы
Шамамен 4,4 кг
Шамамен 4,3 кг
Сыртқы өлшемдері
(құрастырулы
күйде)
(Е x Т x Б)
Шамамен 350 × 200 × 300 мм
Қуат ашасының/
сымының ұзындығы
Бір фазалы 3 полюсті аша/
Шамамен 1,8 м
Су сауытының
сыйымдылығы
Шамамен 1,8 литр
Аталмыш өнім тек үй жағдайында пайдалануға арналған.
Ескертпелер:
1. Тегіс, берік бетке орналастырыңыз, тек алынатын
бөлшектер немесе қозғалмайтын бөлшектерден басқа.
2. Жабық жә не құрғақ жерде сақтау керек.
3. Тасылмалдауды құлатусыз, аса вибрациясыз және
басқа заттарға соғусыз жасау керек.
4. Кәдеге жаратуды ұлттық және жергілікті заңдарға
сәйкес жасау керек.
Cату шарттары өндірушімен орнатылмаған және
мемлекеттің тауарды пайдаланудың ұлттық немесе
жергілікті заңдарына сай болуы керек.
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 11
2021/8/20 14:43:26