12
ҚазаҚша
ТЕРМОПОТ MW-1754 W
Электрлі шәйнек-термос (термопот) тек су
қайнатуға арналған. Құрылғыны дұрыс әрі
қауіпсіз пайдалану үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Су толтыру қажеттілігін білдіретін белгі
«Empty»
2.
Су деңгейінің шкаласы
3.
Су берілуін қосу түймесі
4.
Суды төгу шүмегі
5.
Басқару тақтасы
6.
Қақпақты ашу пернесі
7.
Су жіберуге арналған қолмен атқарылатын
помпа
8.
Бу шығатын саңылау
9.
Қақпақ бекіткіші
10.
Қолмен атқарылатын помпаның тосқауылы
11.
Алынбалы үстіңгі қақпақ
12.
Тасымалдауға арналған тұтқа
13.
Тығыздауыш төсем
14.
Максималды деңгей белгісі «FULL»
15.
Корпусы
16.
Желілік бауды қосуға арналған ағытпа
17.
Желілік сым
18.
Бұрылмалы төсем
Басқару тақтасы
19.
Судың қайнау күйінің көрсеткіші “Қайнату”
20.
Температураны бір қалыпта ұстап тұру
көрсеткіші «Температураны сақтау»
21.
Суды қайталап қайнатуға қосу «Қайталау»
түймесі
22.
Судың берілуін «Құю» түймесі
Назар аударыңыз!
Қосымша қорғаныс үшін қоректену тізбегінде
номиналды іске қосылу тоғы 30 мА аспайтын
қорғаныстық сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан
жөн, ҚСҚ орнату үшін маманға жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Термопотты пайдаланбас бұрын, осы пайдалану
бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да,
оны нақытамалық материал ретінде пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына, тұтынушыға немесе оның мүлігіне
зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін
төменде көрсетілген ережелерді сақтаңыз
• Құрылғының жұмыс кернеуі желі кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
• Желілік шнур «евро ашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электр розеткасына қосыңыз.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас
үшін құрылғыны электрлік розеткаға
қосқан кезде өткізуші тоқ құралдарын
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны
жуыну
бөлмесінде
пайдаланбаңыз.
Оны
сумен
толтырылған
хауыздардың
немесе
басқа
сыйымдылықтардың
қасында
пайдаланбаңыз.
• Термопотты тікелей жылу көзіне немесе
ашық отқа жақын жерде пайдаланбаңыз.
• Термопотты тегіс және тұрақты бетке
қойыңыз, құрылғыны үстелдің шетіне
орналастырмаңыз.
• Құрылғыны қабырғаға жақын немесе
жиһаздың жанына орналастыруға тыйым
салынған, құрылғыдан бастап кез келген
бетке дейінгі арақашықтық кемінде 30 см
құрауы тиіс.
• Құрылғыны ғимараттан тыс жерде
пайдалануға болмайды.
• Желілік шнурды су қолыңызбен қоспаңыз
және ажыратпаңыз, бұл электр тоғыныңы
соғуына немесе жарақаттанып қалуға әкеп
соғуы мүмкін.
• Электр бауының үстелден салбырауын
болдырмаңыз, сонымен қатар, оның ыстық
беттермен жанаспауын байқаңыз.
• Желілік шнурды электрлі розеткадан
ажыратқан кезде шнурдан емес, ашадан
ұстаңыз.
• Құрылғыны сусыз қосуға тыйым салынады.
• Термопотты тек суды қайнату үшін
пайдаланыңыз, оның ішінде кез келген басқа
сұйықтықтарды қыздыруға немесе қайнатуға
тыйым салынады.
• Су деңгейі төменгі белгіге жетпей
және жоғары белгіден асып тұрмауын
қадағалаңыз.
• Су қайнап жатқан кезде немесе қайнағаннан
кейін бірден термопотқа су құюға тыйым
салынады.
• Термопотқа суды су құбырының кранынан
тікелей толтыруға тыйым салынады, бұл
үшін қолайлы ыдысты пайдаланыңыз.
MW-1754.indd 12
06.09.2018 12:45:59
Summary of Contents for MW-1754 W
Page 1: ...MW 1754 W 24 20 16 12 8 3 MW 1754 indd 1 06 09 2018 12 45 57...
Page 2: ...19 20 21 22 MW 1754 indd 2 06 09 2018 12 45 57...
Page 4: ...4 www maxwell products ru MW 1754 indd 4 06 09 2018 12 45 58...
Page 13: ...13 8 8 8 8 www maxwell products ru 3 MW 1754 indd 13 06 09 2018 12 45 59...
Page 17: ...17 www maxwell products ru 3 MW 1754 indd 17 06 09 2018 12 45 59...
Page 23: ...23 2 1 1 1 1 220 240 50 750 3 3 info maxwell products ru 3 MW 1754 indd 23 06 09 2018 12 46 00...