9
ҚАЗАҚША
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
–
Аспап бір мезгілде тұрақты ток (12 В) және айнымалы (220 В) ток көзінен жұмыс істей алмайды.
–
Желдеткіш торының (3) бітелуіне жол бермеңіз.
–
Аспап кемпингте пайдаланылуы мүмкін. Аспапты тікелей күн сәулелерінің және жаңбырдың әсеріне ұшыратпаңыз, оны қатты соққылардан
сақтаңыз. Қатты соққы аспаптың зақымдануына, бөлшектердің сынуына және ішкі элементтер тізбектерінің үзілуіне алып келуі мүмкін.
–
Қорек сымы зақымданған аспапты пайдаланбаңыз.
–
Аспапты өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, жөндеу орталығына апарыңыз.
–
Аспапты жоғары температура және ылғалдылық жағдайында пайдалану кезінде аспаптың ішінде тамшылар пайда болады. Бұл аспаптың
бұзылғанын білдірмейді, тек тамшыларды құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
БАЛҚЫМАЛЫ САҚТАНДЫРҒЫШТЫ АУЫСТЫРУ
Автомобильдегі (10) қуаттандыру бауының штекері қысқа тұйықталудан қорғалған
–
Балқымалы сақтандырғышты ауыстыру үшін, штекердің жоғарғы бөлігін бұрап шешіп алыңыз
–
Балқымалы сақтандырғышты шығарыңыз және ауыстырыңыз
–
Штекердің жоғарғы бөлігін бұрап қойыңыз
Назар аударыңыз! Балқымалы сақтандырғышты 5А-ден асатын токка пайдалануға тыйым салынады.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
а) Аспапты тазалаудың алдында оны қорек көзінен өшіріңіз.
б) Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін тазалау үшін еріткіштер және абразивті тазалау құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Май-
лы дақтарды кетіру үшін бейтарап жуу құралын пайдаланыңыз.
в) Аз-маз кірленуді кетіру үшін, оны таза құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
г) Аспаптың қақпағын (2) ағынды судың астында жумаңыз.
д) Сыртқы желдету торларындағы (3) шаңды шаңсорғышпен сорып алыңыз, ал содан кейін торларды ылғал шүберекпен сүртіп алыңыз.
е) Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны өшіріп тастаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР ТІЗБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Ақаулықтар
Ықтимал себептер және оларды жою жолдары
Тоңазытқыш жұмыс
істемейді және
желдеткіш айналмайды.
1. Аспаптың қорек көзіне жалғанғанын және аспаптың қосылғанын тексеріңіз.
2. Автомобильдің темекі тұтандырғыш ұяшығындағы сақтандырғыш күйіп кетуі мүмкін.
3. Штекерде қысқа тұйықталудың бар-жоғын және байланыстардың дұрыстығын тексеріңіз.
Суыту немесе жылыту
кезіндегі ақаулық.
1. Желдету саңылаулары бөтен заттармен бітеліп қалмауын тексеріңіз.
2. Аспаптың басқа заттарға тым жақын тұрмауын тексеріңіз. Тым жақын тұрса, желдету саңылаулары бітеліп қалуы мүмкін.
3. Егер аспапта суыту функциясы бұзылса немесе желдеткіш жұмыс істемесе, онда оны жөндеу үшін рұқсат етілген
орталыққа хабарласыңыз.
4. Егер аспап тіпті суытпаса, ал желдеткіш жұмыс істеп тұрса, онда суыту элементі бұзылуы мүмкін. Жөндеу үшін
рұқсат етілген сервис орталығына хабарласыңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Тоңазытқыш-сөмке – 1 дн.
Автомобильдегі тұтатқыш ұясында қуаттандыруға арналған бау – 1 дн.
Айнымалы ток желісінің қуаттандыру бауы AC 220-240B – 1 дн.
Нұсқаулық – 1дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Көлемі: 25 л
Электр қуаттандыру: 12 В / 220-240 В ~ 50 Гц
Салқындату режимінде номиналды тұтынатын қуаты: 50 Вт (12 В); 60 Вт (220-240 В)
Қыздыру режимінде номиналды тұтынатын қуаты: 41 Вт (12В); 56 Вт (220-240 В)
Максималды салқындату: 15-22
°
қоршаған орта температурасымен салыстырғанда
Максималды қызуы: 55±10
°
С
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру элементтерін ары қарай кәдеге
асыру үшін мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында, алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын, конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы [email protected] электрондық поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Аспаптың қызмет мерзімі 3 жылдан кем емес
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.