69
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
20 см, артқы панель жағынан 10 см және бүйірлік
жақтардан 5 см-ден кем емес.
•
Бірінші қолдану алдында шешілмелі ыдысты, илеуге
арналған қалақты, нан пешінің ішкі және сыртқы
бөліктерін таза ылғалды матамен сүртіңіз. Басқару
тақтасынан қорғауыш қабықшаны алыңыз.
ЖҰМЫС РЕТІ
•
Алмалы шараны алып шығыңыз.
•
Қамыр араластыратын қалақшаны бекітіңіз.
•
Құрамдас өнімдерді шараға салыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Ашытқының тұз бен сұйықтыққа
тимейтініне көз жеткізіңіз.
•
Алмалы шараны нан пісіретін пешке қайтадан
орналастырыңыз.
•
Шараны дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
•
Аспаптың қақпағын жабыңыз.
•
Аспапты электр желісіне жалғаңыз. Наубай пештің
артқы жағындағы ауыстырып-қосқышты «I» қалпына
қойыңыз.
•
«МЕНЮ» (мәзір) түймешігін басыңыз да,
бағдарламаның нөмірін таңдаңыз.
•
Дыбыстық белгі естіледі де, бейнебетте
бағдарламаның нөмірі және дайындау ұзақтығы
көрсетіледі.
•
Қыртыстың түсі мен бөлкенің мөлшерін таңдаңыз.
•
Бағдарламаны бастау үшін «СТАРТ/СТОП»
түймешігін басыңыз.
•
Жұмыс аяқталған кезде дыбыстық белгі беріледі.
•
Нанды шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз.
•
Қақпақты ашардан бұрын аспапты электр желісінен
ажыратыңыз.
•
Шараны қармауыштың немесе қолғаптың көмегімен
алыңыз.
•
Шараны төңкеріңіз де, ептеп сілкіңіз. Егер нан
сырғып түспесе, оны шарадан алу үшін ағаш немесе
пластмасса қалақшаны қолдануға болады. Шараның
беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
•
Нанды 30 минут суытып қойыңыз, содан кейін оны
турауға болады.
•
ЕСКЕРТУ: Қамыр илейтін қалақшаның нанда қалып
қоймағанына көз жеткізіңіз. Егер олай болса, оны
наннан ақырындап суырып алыңыз. Қалақшаның
беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
«ТАЙМЕР» ТҮЙМЕШІКТЕРІ
•
«ТАЙМЕР» түймешіктері нан пісіруді кейінге қалдыру
уақытын (дайын болған сәтке дейін) орнатуға
мүмкіндік береді.
•
Уақытты орнату қадамы - 10 минут.
•
Ең көп кейінге қалдыру уақыты - 13 сағат.
•
Мысалы: ағымдық уақыт 20:30, сіз нанның сағат
7:00-де, яғни 10 сағат 30 минуттан кейін дайын
болғанын қалайсыз. МЕНЮ (мәзір) түймешігін
басыңыз, режимді таңдаңыз, қыртыстың түсін және
бөлкенің мөлшерін таңдаңыз, содан кейін 10 сағат
30 минутқа дейін уақыт қосу үшін таймер түймешігін
басыңыз. Уақыт СК бейнебетте көрсетіледі. Содан
кейін таймерді іске қосу үшін «СТАРТ/СТОП»
(бастау/тоқтату) түймешігін басыңыз. Бейнебетте
кері уақыт санағы басталады.
•
ЕСКЕРТУ: Жұмыртқа, сүт, кілегей мен ірімшік сияқты
тез бүлінетін құрамдастарды пайдаланған кезде
таймер функциясын қолданбаған жөн.
«РАЗМЕР» (ӨЛШЕМ) ТҮЙМЕШІГІ
•
«РАЗМЕР» (өлшем) түймешігі бөлкенің мөлшерін
таңдау үшін пайдаланылады.
•
500, 750 немесе 1000 гр таңдау үшін «РАЗМЕР»
(өлшем) түймешігін тиісінше бір, екі немесе үш рет
басыңыз.
Содержание INDIGO IS-525
Страница 1: ......