68
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
•
Қақпақты тек қамырға қажетті ингредиенттерді қосу
үшін қатаң түрде бипер сигналы бойынша ашуға
болады.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау
керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі
мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша
ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
•
Нан пісіретін пеш нан пісіруге арналған автоматты
режиммен жарақталған.
•
Сіз нан пісірудің 13 түрлі бағдарламасын таңдай
аласыз, сондай-ақ наубай пеш қайнатпа пісіруге
және макарон өнімдеріне арналған қамырды
дайындауға мүмкіндік береді.
•
Нан пісіруге арналған дайын қоспаларды
пайдалануға болады.
•
Сіз үлестіргішке алдын ала дайындалған
құрамдастарды (жаңғақ, мейіз) сала аласыз,
үлестіргіш оларды шараға автоматті түрде, белгі
бойынша қосады.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
•
Әуелі алмалы шараны алып шығып, оған қажетті
құрамдастарды салып, содан кейін ғана шараны нан
пісіретін пешке қою керек.
•
Құрамдас өнімдерді әрқашан да көрсетілген ретпен
салыңыз. Әуелі сұйық өнімдерді, майды, қантты,
тұзды, содан кейін ұн мен басқа да үстемелерді
қосыңыз, ең соңында ашытқыны қосыңыз.
•
Ашытқының өсуіне мүмкіндік беру үшін барлық
құрамдас өнімдер бөлме температурасында болуға
тиіс.
•
Құрамдас өнімдердің мөлшерін дәл өлшеңіз.
Рецепте көрсетілген шамадан тіпті шамалы ғана
ауытқудың өзі пісіру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
•
Үлестіргішке жаңғақ пен жеміс-жидекті ең басында
қосуға болады, бірақ бұл үшін оларды ұсақтап турау
керек.
•
Қақпақты ашса, наубай пештегі температура
режимінің бұзылуына әкеледі де, нан пісіру
сапасына әсер етуі мүмкін.
•
Мерзімінен бұрын тоқтату үшін «СТОП/СТАРТ»
түймешігін басып, дыбыстық белгі берілгенге дейін 2
секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
ОРНАТУ
•
Нан пешінің ішінде орама материалдар және бөгде
заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Тасымалдау кезінде мыналар зақымдалмағанын
тексеріңіз:
- қақпақ;
- корпус және көру терезесі;
- камера қабырғасы;
- шешілмелі ыдыс.
•
Кез келген ақаулықтарды тапқанда пешті қоспаңыз;
сатушыға барыңыз.
•
Құрылғыны құрғақ, тегіс және ыстыққа төзімді бетке
орнатыңыз.
•
Құрылғыны жанатын заттардың, жарылғыш
заттардың және өздігінен тұтанатын газдардың
жанында орнатпаңыз.
•
Құрылғыны газ немесе электр плиталарының
жанында, сондай-ақ, басқа жылу көздерінің
жанында қоймаңыз.
•
Пешке ештеңе қоймаңыз. Желдету тесіктерін
жаппаңыз.
•
Нан пешін шкафқа орналастырмаған жөн. Қалыпты
жұмыс істеуі үшін пешке желдету үшін бос кеңістікті
қамтамасыз ету керек: мынадан аз емес: үстінен
Содержание INDIGO IS-525
Страница 1: ......