19
Егер ыдыс жуғыш машинаны құрылғылар
қатарының шетіне, бүйір қабырғасына қол жететін
етіп орнатсаңыз, жарақат алуға жол бермес үшін
топсасын жабу керек. Кіріс су температурасы ыдыс
жуғыш үлгісіне байланысты. Егер орнатылған кіріс
шлангіде „25°C max” белгісі болса, судың рұқсат
етілген ең үлкен температурасы 25°C болады.
Барлық басқа үлгілер үшін максималдық рұқсат
етілген температура 60°C болады. Шлангілерді
кеспеңіз және құрылғылар су тоқтату жүйесімен
жабдықталған болса, кіріс шлангіні қамтитын пластик
корпусты суға батырмаңыз. Егер шлангілердің
ұзындығы жеткіліксіз болса, жергілікті дилермен
хабарласыңыз. Кіріс және су шығару клангілерінің
бүгіліп және жыртылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Осы құрылғыны бірінші рет пайдаланбас бұрын,
су кіру және шығару шлангілерінен су ағып
тұрмағанын тексеріңіз. Төрт тіреуішін қажетінше
реттеу арқылы олардың орнықты болып, еденге
тиіп тұруын қамтамасыз етіңіз және ватерпастың
көмегімен ыдыс жуғыш машинаның деңгейінің
дұрыс қойылғанын тексеріңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ыдыс жуғыш машина есігінің жиегіндегі деректер
тақтайшасы (есік ашылған кезде көрінеді).
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін
болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы
немесе розеткадан жоғары орнатылған көп
полюсті қосқыштың көмегімен ол қуат көзінен
ажыратыла алатын болуы керек және ұлттық
электр қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес
құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Ұзартқыштарды,
бірнеше
розетканы
немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр
құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы
қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су
болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы
немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс
істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса,
оны пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыштар зақымдалса, қатерді
болдырмау мақсатында, өндіруші, оның қызмет
көрсетуші персоналы немесе сондай білікті
маманы соған ұқсас ұзартқышпен алмастыруы
тиіс – электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
Салынған ашасы штепсельді розеткаға сәйкес
келмесе, білікті маманға хабарласыңыз. Қуат көзі
кабелін тартпаңыз. Қуат сымын немесе ашаны суға
матырмаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ:
Тазалау немесе техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғы
-
ның өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар. Бу
-
мен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген
болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз
не ауыстырмаңыз. Тек авторландырылған қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз. Өз бетінше немесе
кәсіби емес жөндеу жұмыстары жүргізілген
жағдайда, денсаулыққа немесе адам өміріне қауіп
келтіретін және/немесе едәуір материалдық зиянға
соқтыратын қатерлі оқиға орын алуы мүмкін.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орауыш материал 100% қайта өңделеді және ол
қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Орамның
әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін
жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес
және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қол
-
данбалы материалдармен жасалған. Оны жергілік
-
ті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз.
Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпы
-
на келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойын
-
ша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті
билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау
қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге
хабарласыңыз. Бұл құрылғы электрлік және элек
-
трондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бой
-
ынша 2012/19/EC Еуропалық директивасына сай
белгіленген. Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қор
-
шаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс
әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құ
-
жаттамадағы белгісі бұл құрылғы тұрмыстық қоқыс
болып есептелмеуі керек және электрлік және элек
-
трондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы
жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Eco бағдарламасы орташа ластанған ыдыс-аяқтар
-
ды жууға арналған, әрі ол су мен энергияны қатар
қолдану тұрғысынан өте тиімді бағдарлама болып
табылады, сондай-ақ бұл бағдарлама ЕО экодизайн
заңнамасына сәйкестікті бағалау үшін қолданылады.
Тұрмыстық ыдыс жуғыш машина сыйымдылығы өн
-
діруші көрсеткен деңгейге дейін ғана толтырылса,
су мен энергия үнемдеуге септігін тиеді. Ыдыстар
-
ды алдын ала қолмен шаю арқылы су мен энергия
тұтыну көлемі артатындықтан, ондай тәсілді қолда
-
нуға кеңес бермейміз. Өндірушінің нұсқаулықтарын
сақтай отырып, тұрмыстық ыдыс жуғыш машинада
ыдыс жуу барысында ыдысты қолмен жуғанға қа
-
рағанда су мен энергия аз шығындалады.
Содержание FDW 4510 E8P E
Страница 10: ...10 0 05 1 0 MPa K 25 C max 25 C 60 C 100...
Страница 18: ...18 0 3 3 8 8 0 05 1 0 M KZ...
Страница 19: ...19 25 C max 25 C 60 C 100 WEEE 2012 19 EC Eco...
Страница 29: ...29 0 05 1 0 25 C max 25 C 60 C...
Страница 30: ...30 2012 19 EU WEEE ECO...
Страница 36: ...36 UK 0 3 3 8 8 0 05 1 0...
Страница 37: ...37 25 C Max 25 C 60 C 100 2012 19 C WEEE ECO...
Страница 38: ...38 2 100 EU 19 2012 WEEE ECO...
Страница 39: ...39 1 3 0 8 3 8 AR 05 0 0 1 25 C Max 25 25 60...
Страница 40: ...www franke com 400011493055B 09 2020 as Xerox Fabriano EN CS DE EL ES FR IT KZ NL PL PT RO RU SK TR UK AR...