18
ОҚЫП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ҰСТАНҒАН ЖӨН
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы қауіпсіздік
нұсқауларын оқып шығыңыз. Оларды болашақта
қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану
қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтама
-
сыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын
ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе
басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтиже
-
сінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға
жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас
балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындат
-
пау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы бала
-
лар мен қозғалу, сезу немесе рухани мүмкіндіктері
жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
тұлғалар осы құралды тек бақылауда болғанда,
арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілген
-
нен және олар оны түсінгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамау керек. Бала
-
ларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұ
-
мыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: бұл құрылғы сыртқы таймер неме
-
се бөлек қашықтан басқару құралы сияқты сыртқы
қосқыш тетіктің көмегімен жұмыс істей алмайды.
Бұл құрылғы тұрмыста және соған ұқсас
жағдайларда пайдаланылуға арналған, мысалы:
дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы
қызметкерлерге арналған асхана аумақтары;
шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің,
мотельдердің, шағын мейманханалардың және
басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Орын параметрлерінің максимум саны өнім
парақшасында көрсетілген.
Есік ашық күйде қалмауы керек, себебі сүрініп
кету қатері бар. Құрылғының ашық есігі тартып
шығарған кездегі жүктелген сөре салмағын ғана
көтере алады. Есік үстіне заттар қоймаңыз немесе
үстіне отырмаңыз не үстіне тұрмаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Ыдыс жуғыш қоспалар өте сілтілі
болып келеді. Олар жұтылса өте қауіпті болуы
мүмкін. Есік ашық болған кезде тері мен көздерге
тиюіне жол бермеңіз және балаларды ыдыс
жуғышқа жолатпаңыз. Жуу циклі аяқталған соң
қоспа құю бөлігінің бос екендігіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Пышақтар мен басқа да өткір құрал
-
дарды кәрзеңкеге ұштарын төмен қаратып немесе
жатқызып салу керек - қолды кесу қатері бар.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға ар
-
налмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде немесе жанында жарылғыш
немесе тұтанғыш заттарды (мысалы, бензин неме
-
се бүріккіш сауыттар) сақтауға болмайды - өрт шығу
қатері бар. Құрылғыны осы нұсқаулықтағы нұсқау
-
ларға сәйкес тек тұрмыстық ыдыс-аяқты жуу үшін
қолдану керек. Құрылғыдағы су ішу үшін жарам
-
сыз. Тек автоматты ыдыс жуғышқа арналған жуғыш
қоспа мен шайғыш қоспаларды ғана қолданыңыз.
Су жұмсартқыш құралға тұз қосқанда, ішкі бөлік
-
терге коррозиялық зиян тимес үшін, тез арада бір
циклді орындап жіберіңіз. Жөндеу мен күтіп ұстау
жұмыстарының алдында сумен жабдықтау құбы
-
рын жауып, тоқ көзінен ажыратыңыз. Кез келген
ақаулық болған жағдайда құрылғыны ажыратыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және
орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан
шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды
кесіп алу қатері. Ыдыс жуғыш машинаны су
құбырына тек жаңа шлангілердің көмегімен
жалғаңыз. Ескі шлангілерді қайта пайдалануға
болмайды. Пайдалану барысында кеңейіп
кетпес үшін барлық шлангілерді мықтап қысып
бекіту керек. Суға қатысты барлық ережелер
сақталуы керек. Су көзінің қысымы: 0,05 - 1,0 MПа.
Құрылғының артқы жағына қол жеткізу мүмкіндігін
шектеу үшін оны қабырғаға сүйеу немесе жиһаздың
ішіне орналастыру қажет. Негізгі бөлігінде
желдету саңылаулары бар ыдыс жуғыштарда
саңылауларды кілем жауып қалмасын.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды
(егер болса) және электр сымдарын жалғауды
білікті техник маман жүзеге асыруы керек.
Пайдаланушы
нұсқаулығында
ерекше
белгіленген болмаса, құрылғының ешбір
бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз. Құрылғы
орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның
тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның
тасымалдау барысында зақымданбағанына
көз жеткізіңіз. Орнатылғаннан кейін орауыштың
қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.)
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау
керек - тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату
жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен
ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату
барысында құрылғының қуат сымына нұқсан
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы
немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек
орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KZ
Содержание FDW 4510 E8P E
Страница 10: ...10 0 05 1 0 MPa K 25 C max 25 C 60 C 100...
Страница 18: ...18 0 3 3 8 8 0 05 1 0 M KZ...
Страница 19: ...19 25 C max 25 C 60 C 100 WEEE 2012 19 EC Eco...
Страница 29: ...29 0 05 1 0 25 C max 25 C 60 C...
Страница 30: ...30 2012 19 EU WEEE ECO...
Страница 36: ...36 UK 0 3 3 8 8 0 05 1 0...
Страница 37: ...37 25 C Max 25 C 60 C 100 2012 19 C WEEE ECO...
Страница 38: ...38 2 100 EU 19 2012 WEEE ECO...
Страница 39: ...39 1 3 0 8 3 8 AR 05 0 0 1 25 C Max 25 25 60...
Страница 40: ...www franke com 400011493055B 09 2020 as Xerox Fabriano EN CS DE EL ES FR IT KZ NL PL PT RO RU SK TR UK AR...