10
ҚазаҚша
ЫЛҒАЛДАТҚЫШ VT-2341
Панажайдағы жеткіліксіз ылғалдылық адамның
денсаулығына, үй жануарларына, өсімдіктерге
жәнежиһаз заттарына өзінің кері әсерін
тигізеді. Панажайлардағы ұсынылатын жайлы
салыстырмалы ауа ылғалдылығы 40%-дан 60%-
ға дейінгі аралықты құрайды. Ылғалдатқышы
панажайдағы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік
береді.
СИПАТТАМАСЫ
1.
«Будың» шығуына арналған саңылауы
бар қақпақ
2.
Суға арналған резервуар
3.
Суға арналған резервуардың қақпағы
4.
Жұмыс бөлігі
5.
«Шашыратқыш»
6.
Корпусы
7.
Іске қосу/судың болмауы индикаторы
8.
Іске қосу/өшіру тұтқасы/ «будың» шығу
қарқындылығын реттегіш
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрлік құрылғыны пайдаланар алдында
аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып шығып, әрі
қарай анықтамалық материал ретінде қолдану
үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта жазылғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Іске қосу алдында, аспаптың жұмыс істеу
кернеуі желідегі кернеуге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны түзу, ылғалға төзімді бетке
қойыңыз. Қабырғаға, басқа жиһаз және
интерьер заттарына дейінгі қашықтық
30 см-ден кем болмауы керек.
•
Құрылғыны ұзын талшықтары бар еден
төсеніштеріне орнатуға тыйым салынады.
•
Ылғалдатқышты тікелей күн сәулелерінің,
жоғары температуралардың әсері тиетін жер-
лерде, компьютерлердің немесе сезімтал
электрондық техниканың қасында орналасты-
рмаңыз.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Жеткізілім жинағына кіретін шешілмелі
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны сусыз іске қоспаңыз және
сауытында суы біткен кезде оны сөндіріңіз.
•
Газдалған немесе ластанған суды, соны-
мен қатар парфюмерлік қоспаларды пайдалан-
баңыз.
•
Пайдаланылатын судың температурасы
+40°С-ден аспауы керек.
•
Суға арналған сауытсыз құрылғыны іске
қоспаңыз.
•
Суға арналған сауытты шешу алдында
құрылғыны сөндіріңіз.
•
Құрылғыны бүркеп жаппаңыз.
•
Құрылғы корпусында бар саңылауларды
жаппаңыз және оларға бөтен заттардың
түсуіне жол бермеңіз.
•
Құрылғы корпусын, желілік бауды немесе
желілік баудың айыртетігін суға немесе басқа
сұйықтықтарға матырмаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеген уақытта оны
тасымалдамаңыз және еңкейтпеңіз, сонымен
қатар суға арналған сауытты шешпеңіз.
•
Ылғалдатқышты тазалау уақытында немесе сіз
оны пайдаланбасаңыз міндетті түрде құрылғыны
желіден ажыратыңыз және суға арналған сауыт
пен жұмыс камерасынан суды төгіңіз.
•
Құрылғы басқа орынға тасымалдағанға дейін,
оны электр желісінен ажыратыңыз және суға
рналған сауыт пен жұмыс камерасынан суды
төгіңіз. Құрылғыны тасымалдаған кезде оны
екі қолыңызбен корпусынан ұстаңыз.
•
Желілік баудың айыртетігін сулы қолмен
ұстамаңыз.
•
Құрылғыны тазалауды мезгілімен жүргізіңіз.
•
Құрылғы жұмыс істеген уақытта балаларға
құрылғы корпусына қолын тигізуге рұқсат етпеңіз.
•
Берілген құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса) немесе
оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген
болмаса, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
•
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануға жол
бермеу үшін балаларды қадағалаңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қаптарды қараусыз қалдыр-
маңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
IM VT-2341.indd 10
23.05.2019 17:12:56
Summary of Contents for VT-2341
Page 1: ...1 VT 2341 Humidifier 3 6 10 14 17 IM VT 2341 indd 1 23 05 2019 17 12 56...
Page 2: ...IM VT 2341 indd 2 23 05 2019 17 12 56...
Page 6: ...6 VT 2341 40 60 1 2 3 4 5 6 7 8 30 40 IM VT 2341 indd 6 23 05 2019 17 12 56...
Page 10: ...10 VT 2341 40 60 1 2 3 4 5 6 7 8 30 40 IM VT 2341 indd 10 23 05 2019 17 12 56...
Page 14: ...14 VT 2341 40 60 1 2 3 4 5 6 7 8 30 40 www vitek ru IM VT 2341 indd 14 23 05 2019 17 12 57...
Page 17: ...17 VT 2341 40 60 1 2 3 4 5 6 7 8 30 40 www vitek ru IM VT 2341 indd 17 23 05 2019 17 12 57...