21
ҚазаҚша
•
Тұғырдың (5, 6) толып кетпеуін қадағалап
отырыңыз, ондағы сұйықтықты уақытылы
төгіп, оны жуып, сүртіп отырыңыз.
•
Капучино мен латте әзірлеген кезде сүт
тамшылары мен буға күйіп қалмау үшін
өте сақ болыңыз.
•
Капучинатор (4) түтігінің тесігінде кеуіп
қалған сүт қалдығының қалып қоймағанын
тексеріңіз.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны
салқын
(қысқы)
температурада
тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін, оны бөлмелік
температурада кемінде 3 сағат уақыт
бойы ұстау керек.
Кофе қайнатқышты қаптамадан шығарып,
барлық қаптау материалдарын және құрылғы
жұмысына кедергі келтіретін кез келген
жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген
жерлері болса құрылғыны пайдаланбаңыз.
–
Кофе қайнатқыштың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп
алыңыз.
–
Барлық алынатын бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жылы сумен жуып, әбден
кептіріңіз, олар: тамшы ағатын тұғырлар (5,
6), резервуарлар (8 және 12), қақпақтар (11
және 13), сүзгі тұтқыш (14), кофеге арналған
сүзгі (17, 18) және өлшейтін қасық (19).
–
Корпусты жұмсақ, сәл ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Кофе қайнатқышты дайындау
–
Кофе қайнатқышты тегіс тұрақты бетке
орналастырыңыз.
–
Желілік сым ашасы электр розеткасына
қосылып тұрмағанын, ал қуат ажыратқыш
(7) «0» күйінде тұрғанын тексеріп алыңыз.
–
Суға арналған резервуарды (12) корпустан
шешіп алып, қақпақты (13) ашыңыз.
Резервуарды «MAX» белгісіне дейін суға
толтырыңыз. Резервуардың қақпағын
жауып, оны орнына орнатыңыз.
–
Сүтке арналған резервуарды (8) шешіп
алыңыз. Қақпақты (11) ашып, резервуарға
су толтырыңыз. Резервуарды қақпақпен (11)
жауып, оны орнына орнатыңыз.
–
Сүзгіні (17 немесе 18) тұтқышқа (14)
орнатыңыз. Ол үшін сүзгідегі дөңесті сүзгі
тұтқыштағы ойыққа келтіріңіз (1-сур.), одан
кейін сүзгіні бекіту үшін бұрыңыз (2-сур.).
Сүзгіге ұсақталған кофені салмаңыз.
–
Тұтқыш тұтқасын (16)
таңбасына
қарсы орнатып, тұтқыш дөңестерін (14)
орнатылатын жердегі (3) ойыққа келтіріңіз.
Тұтқаны
таңбасына қарай түбіне дейін
бұраңыз (3-сур.).
–
Тамшы ағатын тұғырды (6) орнына орнатыңыз.
–
Тұғырға (6) көлемі 325 мл кем емес биік
саптыаяқты орнатыңыз.
–
Тұтқаны (9) қолданып, капучинатор түтігін
(4) саптыаяққа бағыттаңыз.
–
Желілік сым ашасын электрлік розеткаға
сұғып, ажыратқышты (7) «I» күйіне орнатыңыз.
Басқару тақтасының жарығы (2) жыпылы-
қтайды (құрылғы қыздырылып жатыр).
–
Басқару тақтасындағы жарықтың (2)
жыпылықтауы тоқтаған кезде құрылғыны
пайдалануға болады.
Кофе қайнатқышты жуу
–
«КАПУЧИНО» (21) түймесін екі рет басқанда
ыстық су сапты аяққа сүзгі тұтқыштан (14)
құйылады, ал бу – капучинатор түтігінен (4).
Судың ағуы тоқтаған кезде саптыаяқтағы
суды төгіп тастап, оны қайтадан тұғырға (6)
орнатыңыз.
–
Құрылғының қызғанын күтіңіз (басқару
тақтасындағы жарық (2) тұрақты жанып тұрады)
және құрылғыны бірнеше рет шайыңыз.
Капучинатор түтігін (4) жуу
–
Капучинатор түтігін (4) тағы да жуу үшін
саптыаяқты тұтқадан (9) ұстап тұғырға (6)
орнатып, капучинатор түтігін саптыаяққа
бағыттаңыз.
–
Ауыстырып қосқышты (10) тазалау күйіне
орнатып, (23) «ОЧИСТКА»
түймесін
басқанда ыстық су капучинатор түтігінен (4)
құйылады. 30 секундтан соң (23) «ОЧИСТКА»
түймесін қайта басып судың құйылуын
тоқтату керек.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Ескертпелер:
Құрылғыны ажыратқыш (7) арқылы қосып,
оның толық қызғанын күтіңіз (басқару
тақтасындағы (2) түймелер жарығы
жыпылықтамай, тұрақты жанып тұрады).
Басқару тақтасындағы (2) жарық тұрақты
жанып тұрған кезде құрылғыны қайта
пайдалануға болды.
VT-1516.indd 21
04.12.2017 17:41:24