20
ҚазаҚша
•
Желілік сымның үстелден салбырап
тұрмауын, ыстық беттер мен ас үй
жиһазының өткір жиектеріне тимеуін
қадағалап отырыңыз.
•
Желілік сым ашасын электр розеткасынан
суырған кезде, сымнан тартпай, ашадан
ұстаңыз.
•
Кофе
қайнатқышты
пайдаланбаған
жағдайда, сондай-ақ оны тазаламас бұрын
кофе қайнатқышты міндетті түрде сөндіріп,
электр желісінен ажыратып қойыңыз.
•
Кофе қайнатқышты тазалау алдында оны
толық суытып алыңыз.
Назар
аударыңыз!
Пайдаланылатын
судың кермектігі қақтарды қаншалықты
жиі жойып отыру керектігін білдіреді
.
Кофе
қайнатқыш бөлшектерінде қақтың пайда болуы
салдарынан болған ақаулықтар кепілдік жағдай
болып табылмайды
.
•
Кофе қайнатқышты тазалау барысында
қажайтын тазалағыш құралдарды, құрылғы
корпусы бөлшектерін немесе құрылғының
ішкі бөлшектерін істен шығаруы мүмкін
күшті әсері бар заттар мен еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
•
Кофе қайнатқышты бөлмеден тыс жерде
пайдаланбаңыз.
•
Кофе қайнатқышты температурасы 0°C
төмен жерде қалдыруға және сақтауға
тыйым салынған.
•
Балалардың приборды ойыншық ретінде
пайдаланбауын қадағалаңыз.
•
Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Бұл құрылғы 8 жастан кіші балалардың
пайдалануына арналмаған.
•
8 жастан асқан балалар және мүмкіншілігі
шектеулі жандар өздерінің қауіпсіздіктері
үшін жауапты адамдардың қадағалауымен
ғана және оларға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы және оны дұрыс
пайдаланбаған жағдайда орын алуы мүмкін
қауіпті жағдайлар туралы тиісті және түсінікті
нұсқаулар берілген жағдайда құрылғыны
пайдалана алады.
•
Желілік сымда немесе желілік сым ашасында
ақаулық болған жағдайда, құрылғы дұрыс
жұмыс істемегенде, сондай-ақ кез келген
зақымдалудан кейін кофе қайнатқышты
пайдаланбаңыз.
•
Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым
салынады.
Өздігіңізден
құрылғыны
бөлшектемеңіз, кез келген ақау шыққан
жағдайда, сондай-ақ құрылғы құлаған
жағдайда құрылғыны розеткадан алып
тастаңыз да, байланысу мекенжайлары
бойынша кепілдеме талонында көрсетілген
кез келген авторланған (уәкілетті) сервистік
орталыққа, және www.vitek.ru сайтына
жүгініңіз.
•
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіншілігі шектеулі жандардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТҰРҒЫН
ПАНАЖАЙЛАРДА
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ПАНАЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҢЫЗДЫ
НҰСҚАУЛАР
•
Қақпақты (13) ашып, резервуарларға (8, 12)
су құймас бұрын, қуат ажыратқыш (7) «0»
күйінде тұрғанын, ал желілік сым ашасы
электрлік розеткаға қосулы тұрмағанын
тексеріп алыңыз.
•
Әрқашан тек таза суды пайдаланып,
резервуарларды (8 және 12) таза ұстаңыз.
•
Құрылғыны ажыратқыш (7) арқылы қосып,
оның толық қызғанын күтіңіз (бұл жағдайда
басқару тақтасындағы (2) түймелер жарығы
жыпылықтамай, тұрақты жанып тұрады).
Басқару тақтасындағы (2) жарық тұрақты
жанып тұрған кезде құрылғыны қайта
пайдалануға болды.
•
Кофе қайнатқыш жұмыс істеп тұрған кезде
сүзгі тұтқышын (14) және резервуарларды
(8, 12) шешіп алуға тыйым салынған,
сондай-ақ кофе қайнатқыштың ыстық
бөлшектерін ұстауға болмайды.
•
Абай болыңыз және дененің қорғалмаған
жерлерін капучинатор түтігінің (4)
қасында ұстамаңыз.
•
Жұмыс
аяқталған
соң
тұтқыштың
тесіктерінен (14) тамшылар ағуы мүмкін,
бұл қалыпты жағдай.
VT-1516.indd 20
04.12.2017 17:41:23