24
ҚазаҚша
•
Эспрессо кофесін әзірлеу үшін «эспрессо»
кофе қайнатқыштарына арналған тек
жаңа ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
•
Сүзгідегі (17 немесе 18) ұнтақталған
кофені өлшегіш қасықтың (19) екінші
ұшымен нығыздаңқырай түсіңіз.
•
Егер сусын тым баяу құйылса, онда бұл
кофе тым майда ұсақталғанды немесе ол
тым көп нығыздалғанды білдіреді.
•
Егер кофе ұсағы тым ірі болса, ыстық су
кофеден тым тез ағатын болады, бұл
кезде сусын дәмінің қанықтығы жеткіліксіз
болуы мүмкін.
•
Сүт көпіршігін әзірлеу үшін (мысалы,
капучино
немесе
латте
үшін)
консервантсыз салқын балғын сүтті
пайдаланыңыз, «ұсақ сақтаулы тұрған»
сүтті пайдаланбаңыз.
•
Кәдімгі майлылығы 4-тен 6%-ға дейінгі
сүтті пайдаланған жөн, кілегейдің
майлылығы кемінде 10% болуы керек.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Кофе қайнатқыштың тиімді жұмыс істеуі үшін
қақты әрбір ай сайын кетіріп отыру қажет
болады, ал кермек суды қолданған жағдайда
жиірек жасау керек.
Қақты уақытылы тазалап отыру кофе
қайнатқыштың жарамдылық мерзімін ұзартады
және жиі жөндеу қажеттілігін тудырмайды.
Қақты уақытында тазаламау, аталмыш
нұсқаулық ережелерін сақтамау, сондай-ақ
кофе қайнатқышты дұрыс пайдаланбау
салдары кепілдікпен өтелмейді.
Ескертпе:
Қақты кетіру үшін кофе
қайнатқыштар немесе кофе машиналарға
арналған арнайы заттарды пайдалануға
болады. Оларды пайдалану нұсқаулығын
қатаң ұстаныңыз.
–
Құрылғының электр желісінен ажыратылып
тұрғанына және қуат ажыратқышы (7) «0»
күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
–
Лимон қышқылы ерітіндісін әзірлеңіз (2 шай
қасық лимон қышқылын 1 литр суға).
Резервуарларға (8 және 12) ерітіндіні «MAX»
белгісіне дейін құйып, оларды орнына
орнатыңыз.
–
Сүзгіні (17 немесе 18) тұтқышқа (14)
орнатыңыз.
–
Кофені сүзгіге (17 немесе 18) салмай тұрып,
сүзгі тұтқышты орнатыңыз (2-сур.).
–
Ыңғайлы тостақты тұғырға (6) орнатыңыз.
–
Желілік сым ашасын электрлік розеткаға
сұғып, ажыратқышты (7) «I» күйіне
орнатыңыз. Құрылғының толық қызғанын
күтіңіз (басқару тақтасындағы жарық (2)
тұрақты жанып тұрады).
–
«Кофе қайнатқышты жуу» және «Капучинатор
түтігін жуу (4)» тармақтарындағы («Бірінші
пайдаланар алдында» бөлімі) барлық
әрекеттерді орындаңыз.
–
Тазалап болған соң, «Кофе қайнатқышты
жуу» және «Капучинатор түтігін жуу (4)»
тармақтарындағы әрекеттерді қайталай
отырып, кофе қайнатқышты бірнеше рет
таза сумен шайыңыз.
ТАЗАЛАУ
•
Кофе қайнатқышты тазартпас бұрын оны
сөндіріңіз де, желілік сым ашасын электр
розеткасынан суырып тастаңыз.
•
Кофе қайнатқыш толық сууы керек.
•
Кофе қайнатқыштың желілік сымын және
желілік сым ашасын, корпусын суға немесе
кез келген басқа сұйықтықтарға батыруға
тыйым салынады.
•
Кофе қайнатқышты ыдыс жуғыш машинаға
салуға тыйым салынған.
•
Сүзгі тесіктерінен (17 және 18) кофе
қалдықтарын тазалау үшін кішкентай
қылшақ пайдаланыңыз.
•
Кофе қайнатқыштың корпусын жұмсақ, сәл
ылғал матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып
сүртіңіз.
•
Алынатын бөлшектерін бейтарап жуғыш
заты бар жылы сумен жуыңыз, таза сумен
шайып, жақсылап кептіріп алыңыз.
•
Тұғырды (5 пен 6) корпустан шешіп алып,
оны шайып, жұмсақ матамен сүртіңіз және
орнына орнатыңыз.
•
Капучино, латте немесе сүт көпіршігін
әзірлеген соң сүтке арналған резервуардың
(11) қақпағын шешіп алып жуыңыз (5, 6-сур.):
–
түтікті шығарып алыңыз (a);
–
қақпақтың төменгі жартысындағы «Push»
(e) бекіткішін басып, оны шешіп алыңыз
(d);
–
тұтқадан
(9) ұстап, оны сәл бұрып,
капучинатор түтігін (b) шығарып алыңыз;
–
силикон бітегішті (f) ашыңыз;
–
барлық бөлшектерді бейтарап жуғыш заты
бар жылы сумен жуыңыз, таза сумен шайып,
жақсылап кептіріп алыңыз.
VT-1516.indd 24
04.12.2017 17:41:24