![Vitek VT-1193 Manual Instruction Download Page 16](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-1193/vt-1193_manual-instruction_1035943016.webp)
16
ҚАЗАҚША
•
Құрылғы жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц айны-
малы ток желісінде жұмыс істеуге арналған,
құрылғының талап етілген номиналдық
жиілікте жұмыс істеуі үшін ешқандай баптау
талап етілмейді.
•
Термопотты қабырғадан немесе жиһаздан
термопотқа дейінгі қашықтық 20 см кем
болмайтындай, ал термопоттың үстіндегі
кеңістік 50 см кем болмайтындай етіп, құрғақ
тегіс бетке орнату керек.
•
Пернеге (6) басып және одан ұстап, қақпақты
(8) ашыңыз.
•
Лайықты ыдысты пайдаланып, термопотқа
суды құйыңыз, «FULL» су деңгейінің
максималды белгісінен (15) асырмаңыз.
•
Желі бауының штеккерін (16) термопот
корпусындағы ағытпаға (12) тығыңыз, ал желі
бауының ашасын (16) розеткаға қосыңыз,
осы кезде дыбыстық белгі естіледі. Термопот
қайнату режиміне қосылады, «ҚАЙНАТУ /
BOILING» индикаторы (25) жанады, су
деңгейі шәкілінің жарығы (2) жанады,
дисплейде (17) цифрлік таңбалармен
(18), суды ұстап тұру температурасы «85»
көрінеді. Судың температурасын ұстап тұру
шарт бойынша «85°С» болып белгіленген.
Цифрлік таңбалармен (19) термопотадағы су
температурасы көрсетіледі.
Ескерту: - су температурасы (19) 25°С-тан
100°С-қа дейін 5°С қадаммен көрсетіледі.
•
Су ұзақ қайнағаннан кейін дыбыс белгілері
естіледі, термопот температураны ұстап
тұру режиміне өтеді, бұл ретте «ҚАЙНАТУ
/BOILING» индикаторы (25) өшеді,
температураны ұстап тұру режимінің
индикаторы(22) «KEEP WARM» жанады.
Дисплейде (17) температураны ұстап тұру
(18) және термопотадағы су температурасы
(19) көрсетіледі.
Ескертпелер:
–
термопотта суды ұзақ қайнату техно-
логиясы пайдаланылады, бұл суда ерітілген
хлордың құрамын анағұрлым азайтуға
мүмкіндік береді.
–
басқару батырмаларының әрбір басуы
дыбыстық белгімен сүйемелденеді.
–
басқару батырмаларын басқаннан кейін,
су деңгейі шәкілінің жарығы жанады, жарық
30 секундтан кейін өшеді.
•
Суды төгіңіз; бұл үшін « UNLOCK»
батырмасын (24) басып, су беретін сорғыны
іске қосуды бұғааттаудан босату керек, осы
кезде « UNLOCK» жарық индикаторы
жанады.
Назар аударыңыз! Суды құйған кезде ыстық
судан күйік алмау үшін сақ болыңыз.
Бірінші тәсіл:
–
суды құю шүмегінің (4) астына сәйкес
келетін ыдысты қойыңыз, және тостағанның
кемерімен суды жіберу батырмасына (3)
басыңыз.
Екінші тәсіл:
–
суды құю шүмегінің (4) астына ыңғайлы
ыдысты қойыңыз және су беретін «ҚҰЮ-
DISPENSE» түймесін (23) батырмасын
басыңыз.
Ескерту:
–
батырма (24) « UNLOCK» және батырма
(23) «ТОЛТЫРУ-DISPENSE», сенсорлы,
батырмаларды тек түрту жеткілікті.
–
су жіберілімі тек индикатор (24)
« UNLOCK» қосулы күйінде ғана іске
қосылады, егер сіз батырманы (24)
« UNLOCK» басып қалсаңыз және
ешқандай әрекет жасамасаңыз, бұл
жағдайда индикатор (24) 10 секундтан
кейін сөнеді.
•
Термопотты ажырату үшін, желі бауының
ашасын (16) розеткадан суырыңыз.
•
Термопотты ажырату үшін, желі бауының
ашасын (16) розеткадан суырыңыз.
•
Термопоттың қақпағын (8) ашыңыз және
оның толық суығанын күтіңіз.
•
Қақпақты (8) шешіп алардан бұрын, оны сәл
ашыңыз және басқару панеліне (5) қарай
қақпақты (8) тартыңыз.
•
Термопотты еңкейтіп, су қалдығын абайлап
құйып алыңыз.
•
Қақпақты (8) бекіткішке (9) орнатыңыз,
ол үшін қақпақты (8) шағын кішкене
бұрышпен орналастырыңыз және қақпақты
(8) бекіткішке (9) орнатыңыз, термопотты
пайдаланар алдында қақпақтың (8)
сенімді бекігеніне көз жеткізіңіз.Термопот
пайдалануға дайын.
ТЕРМОПОТТЫ ПАЙДАЛАНУ
•
Пернеге (6) басып және одан ұстап, қақпақты
(8) ашыңыз.
IM VT-1193.indd 16
11/26/19 2:32 PM
Summary of Contents for VT-1193
Page 1: ...1 VT 1193 3 8 14 20 Thermopot 26 IM VT 1193 indd 1 11 26 19 2 32 PM...
Page 9: ...9 www vitek ru IM VT 1193 indd 9 11 26 19 2 32 PM...
Page 15: ...15 www vitek ru IM VT 1193 indd 15 11 26 19 2 32 PM...
Page 21: ...21 www vitek ru IM VT 1193 indd 21 11 26 19 2 32 PM...
Page 25: ...25 info vitek ru 3 2014 30 2014 35 IM VT 1193 indd 25 11 26 19 2 32 PM...
Page 27: ...27 www vitek ru IM VT 1193 indd 27 11 26 19 2 32 PM...
Page 31: ...31 info vitek ru 3 IM VT 1193 indd 31 11 26 19 2 32 PM...