105
KK
Қадамдар кестесінде (нұсқаулықтың соңында) таңдалған бағдарламаға
сәйкес түрлі қадамдар нақтылап көрсетілген. Индикаторлық шам дәл қазір
қай қадам орындалып жатқанын көрсетеді.
1. Қамыр илеу
Бұл бағдарламаны қамырды илеу және ашыту үшін қолданыңыз.
Бұл бағдарламада кепкен жеміс-жидек, зәйтүн, т.б. сияқты азық-түліктерді қосуға
болады. Қосатын кезде, дыбыстық сигнал беріледі.
Қадамдар кестесін (нұсқаулықтың соңында) және «Қосымша» бағанын көріңіз. Бұл
бағанда дыбыстық сигнал берілгеннен кейін құрылғының экранында көрсетілетін
уақыт берілген.
2. Иін қандыру
Қамырдың иін қандыру үшін берілетін уақыт.
3. Ашыту
Ашытқы әсерінен қамыр көтеріліп, иісі шыққанша берілетін уақыт.
4. Пісіру
Қамыр бөлке пішінін алып, қажетті қызарту және қытырлау дәрежесіне сәйкес
піседі.
5. Жылуды сақтау
Піскеннен кейін, нан 1 сағат бойы жылы болып тұрады. Дегенмен, піскеннен
кейін, нанды бірден түсірген дұрыс.
Бір сағатқа созылатын «Жылуды сақтау» кезеңі барысында экранда «0.00»
көрсетіліп тұра береді. Бұл кезең біткенде, құрылғы бірнеше дыбыстық сигнал
беріп, автоматты түрде өшеді.
НАН ПЕШІНІҢ ЖҰМЫСЫ
Қызарту дәрежесін таңдау
Үш дәрежесі бар: жеңіл, орташа, қатты. Әдепкі параметрді өзгерткіңіз келсе, тиісті
параметрдің жанындағы индикаторлық шам жанғанша пернесін басып тұрыңыз.
Кейбір бағдарламаларда қызарту дәрежесі таңдалмайды. Нұсқаулықтың соңындағы
қадамдар кестесін көріңіз.
Іске қосу және өшіру
Құрылғыны қосу үшін, пернесін басыңыз. Кері санақ басталады. Бағдарламаны
тоқтату немесе кейін қосу функциясын өшіру үшін,
3 секунд бойы пернесін
басып тұрыңыз.