
ҚАЗАҚША
25
арналмаған. Бұл адамдар тек өздерінің
қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
қадағалауымен болса, сондай-ақ өздеріне
құрылғыны қауіпсіз пайдалану және дұрыс
пайдаланбаған жағдайда орын алуы мүмкін
қауіпті жағдайлар туралы тиісті және түсінікті
нұсқаулар берілген болса осы приборды
пайдалана алады.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
• Назар аудараңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі
бар!
• Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз,
ақаулық табылған жағдайда ең жақын
туындыгерлес қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғыны тек зауыттық орауда ғана
тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндігі
шектеулі жандардың қолдары жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иірмектің кері айналу функциясы
«REV» (кері айналдыру)
– бұл қызмет өнімдерді
тарту кезінде пайда болған кептелістерді жоюға
арналған.
Азық-түлікке арналған астауша
– азық-түлікті
өңдеу уақытында олардың ыңғайлы орналасуын
қамтамасыз етеді.
Әртүрлі өлшемдегі үш торкөз
өнімдерді
әртүрлі деңгейде ұсақтауға арналған.
Арнайы жабдықтар
– көкөніс кесетін саптама,
шырынысыққыш
саптама,
шұжықтарды
толтыруға және «кеббе» әзірлеуге арналған.
Назар аудараңыз!
• Желіге қосу алдында, құрылғы сөндірілгеніне
көз жеткізіңіз.
• Етті тартудың алдында барлық сүйектер мен
артық майлар алынғанына міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
• Өнімдерді қандайда бір басқа заттармен
немесе қолдың саусақтарымен итеруге
тыйым салынған, тек жеткізу жинағына
кіретін итергішті (1) пайдаланыңыз.
• Ешбір жағдайда еттартқыштың корпусын суға
немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• «кеббе» саптамасын (16, 17) пайдаланған
кезде торкөздерді (11, 12, 13) және пышақты
(10) орнатуға болмайды.
• Еттартқышта қатты талшықтары бар
өнімдерді (мысалы, зімбір немесе желкек)
тартпаңыз.
• Кептелістерді пайда болдырмас үшін етті
итеріп артық салмақ салмаңыз.
• Қандайда бір қыстырылып қалған тілім иірмек
пен пышақтың айналуын тоқтатқан жағдайда
құрылғыны дереу өшіріңіз және жұмысты
қайта жалғастырмас бұрын иірмекті кері
айналдыру функциясын «REV» пайдаланып,
кептелісті алып тастаңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫ ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны төмен температура кезінді
тасымалдаған немесе сақтаған жағдайда
оны
бөлме
температурасында
екі
сағаттан кем емес уақыт ұстаған жөн.
• Еттартқышты шығарыңыз және барлық
қаптайтын материалдарды алып тастаңыз,
корпусты дымқыл матамен сүртіңіз.
• Барлық алынбалы бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және құрастыру алдында жақсылап
кептіріңіз.
• Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
ЕТ ТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАЛАРЫ
• Ет тартқыш өнімдерді өңдеуге және тек үй
жағдайында жартылай дайын –өнімдерді
әзірлеуге арналған.
• Құрылғыны құрастырыңыз және жазық құрғақ
бетке орнатыңыз.
• Корпустағы желдетілетін саңылаулар бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Желілік бауының ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
• Еттартқыш бастиегінің (3) астына сәйкес
ыдысты қойыңыз.
• Еттің толық жібігенін тексеріп алып, артық
майлар мен барлық сүйектерді алып
тастаңыз, етті текшелеп тураңыз немесе
науаның (2) саңылауына еркін кіретіндей
өлшеммен тілімдеп тураңыз.