![background image](http://html1.mh-extra.com/html/makita/vr001c/vr001c_instruction-manual_3978218141.webp)
141
ҚАЗАҚША
8. Аккумулятор толығымен қуатталған ба?
9. Дірілдеткішті шағын қуат блогына қосу арқылы
асылған күйі қосуға бола ма?
Бұл кезде инвертор корпусындағы жарық диодты
шам жасыл болып жана ма?
10. Дірілдеткіштен әдеттен тыс шуыл шыға ма?
Жұмыс кезінде дірілдеткіштің жұмысы қалыпты
естіле ме? (Дыбыс тұрақты және үздіксіз болса,
бұл қалыпты жағдай.)
ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫН АУЫСТЫРУ МЕРЗІМІ
• Шығын материалдарын төмендегі кестеге сәйкес мерзімді түрде ауыстырып отыру керек.
Шығын
материалдары
Ауыстыру мерзімі.
(көріп және тыңдап тексеру)
Ауыстыру жиілігі
(сағатпен)
Бастиек жиынтығы
Анықталған тозу күйі (көру)
300-500
Дірілдеткіш қақпағы
Мойынтірек
Жұмыс кезіндегі шумен анықталады (тыңдау)
400-500
Құбыршек
Тозу немесе сызаттар арқылы анықталады (көру)
Табылған жағдайда
• Жоғарыда келтірілген шығын материалдарын ауыстыру уақыты ақпарат үшін берілген нұсқаулық.
Оларды ауыстыру пайдалануға байланысты болғандықтан, шығын материалдарын жоғарыда
айтылғандардан ертерек ауыстыруды ұсынамыз.
ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМ
• Инвертордың шығыс күйін жарықдиодты шамның жануы немесе жыпылықтауы арқылы тексеруге
болады.
• Ол жыпылықтаса, қорғаныс функциясы іске қосылғанын және қуат шығысы тоқтатылғанын
білдіреді. Жұмысты қайта бастамас бұрын, жұмысты тоқтатып және ақау себебін жойыңыз.
Жарықдиод
шамының күйі
Инвертордың шығыс күйі
1. Тұрақты жасыл
жарық
Қалыпты жағдай. Дірілдеткішті пайдалануға болады.
2. Жыпылықтаған
жасыл жарық
Дірілдеткіш шамадан тыс жүктелген. Дірілдеткішті пайдалануға болады, бірақ шамадан
тыс жүктелу салдарынан істен шығудың алдын алу үшін діріл жиілігі төмендетілді.
Шамадан тыс жүктелу жағдайы шешілген кезде дірілдеткіш қалыпты күйіне оралады.
3. Жыпылықтаған
қызыл жарық
Бұл күйде қате іске қосуды болдырмау функциясы іске қосылады.
Бұл функция дірілдеткіштің ауыстырып қосқышы ҚОСУЛЫ күйінде тұрған кезде қуат
қосылғанда дірілдеткіштің күтпеген жерден іске қосылуына жол бермейді. Жұмыс
қосқышын ӨШІРУЛІ күйіне бұру дірілдеткішті қалыпты күйіне қайтарады.
4. Тұрақты қызыл
жарық
Қалыптан тыс жағдай анықталған кезде, инвентордың шығысы тоқтатылады.
Қызыл жарық жанғанда, төмендегілерді тексеріңіз.
• Аккумулятордың қалған сыйымдылығын тексеріңіз.
• Арматура және т.б. әсерінен шектеу немесе шамадан тыс жүктеме бар ма?
Егер ақау табылмаса, қалыпты күйге оралу үшін қосқышты ӨШІРУЛІ күйіне бұраңыз
(тұрақты жасыл жарық).
Егер қызыл шам қайта-қайта қосылса, ақау орын алуы мүмкін. Тексеру және жөндеу қажет.
5. Шамдар
қосылмаған
Қуат көзінде ақау болғандықтан, дірілдеткіш тоқтатылды. Аккумулятор біткен, аккумулятор
дұрыс салынбаған немесе аккумулятор ақаулы болуы мүмкін. Қуат көзін тексеріңіз.