![background image](http://html1.mh-extra.com/html/makita/vr001c/vr001c_instruction-manual_3978218136.webp)
136
ҚАЗАҚША
Шағын қуат блогына қатысты маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1. Шағын қуат блогын пайдаланбас бұрын
(1) аккумулятор қуаттағышындағы, (2)
аккумулятордағы және (3) шағын қуат блогындағы
барлық нұсқауларды және ескерту белгілерін
оқып шығыңыз.
2. Бұл шағын қуат блогын бауысымынан ұстамаңыз
немесе тартпаңыз. Осы шағын қуат блогын тағып
немесе пайдаланып жатқанда баусымынан
тартпаңыз.
3. Шағын қуат блогын тағар немесе өшірер алдында
дірілдеткіштің розеткасын шығарыңыз.
4. Дірілдеткішті қалдырған кезде, дірілдеткіштен
розетканы шығаруды немесе шағын қуат блогын
шешуді ұмытпаңыз.
5. Жұмыс кезінде сымды басып кетпеу үшін абай
болыңыз.
6. Бұл шағын қуат блогын тұрақсыз беттерде немесе
тұрақсыз биік жерлерде пайдаланбаңыз.
7. Жұмыс кезінде баусымды кедергілерден алыс
ұстаңыз. Кедергілерге шатасқан баусым ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
8. Адаптерлерді қуаттағышқа салмаңыз.
9. Қуат блогын қолданар алдында баусымдарды
және қауіпсіздік құралдарын тексеріңіз. Олар
зақымдалған болса, жөндеу үшін жергілікті
Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
10. Баусымды баусым ұстағышына бекіткен кезде
оны баяу және қатты тартып бекітіңіз.
11. Дірілдеткішті тексеру немесе техникалық қызмет
көрсету әрекетін орындамас бұрын дірілдеткіш
өшірілгеніне және розетка шығарылғанына көз
жеткізіңіз.
12. Шағын қуат блогын таққан кезде қауіпсіздік белдігі
немесе иық белдігі сияқты шағын қуат блогының
төтенше жағдайда ажырату функциясына кедергі
келтіруі мүмкін заттарды тақпаңыз.
13. Бұл шағын қуат блогын сымсыз желдеткіш
кеудеше немесе сымсыз жылытатын кеудеше
киген кезде пайдаланбаңыз.
14. Бұл шағын қуат блогын ұшқынға жақындатпаңыз.
15. Шағын қуат блогын тақпай пайдаланған кезде,
оны міндетті түрде жатқызып қойыңыз.
16. Шағын қуат блогын бөлшектеуге, жөндеуге
немесе өзгертуге болмайды.
17. Абай болыңыз, қауіпсіздік құралын немесе
белдікті дірілдеткішке ілмеңіз.
[ PDC01 ]
1. Бір шағын қуат блогын басқа шағын қуат блогына
қосу арқылы бірнеше шағын қуат блогын
пайдалануға болмайды.
2. Адаптерлерді осы шағын қуат блогының
аккумулятор порттарына орнатуға болмайды.
3. Бұл шағын қуат блогы тек 18 В аккумуляторларымен
пайдалануға арналған. 18 В аккумуляторларынан
басқа аккумуляторларды пайдалануға болмайды.
4. Қақпағынан су өтіп кетуіне жол бермеңіз.
[ PDC1200 ]
1. Аккумулятор тіреуішіне тіреліп, шағын қуат
блогы тік тұрғанда, ол тегіс жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
2. Тек шағын қуат блогына арналған қуаттағышты
пайдаланыңыз. Басқа қуаттағыштарды
пайдаланбаңыз.
3. Шағын қуат блогын аккумулятор тіреуішінен
немесе енін реттейтін белбеуден көтеріп алып
жүрмеңіз.
4. Аккумулятор мен аккумулятор тіреуішінің арасына
ештеңе қоймаңыз немесе бекітпеңіз.
5. Аккумулятор тіреуішіне ештеңе ілуге болмайды.
Аккумулятор қуаттағышына арналған маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
1. Аккумулятор қуаттағышын пайдаланбас
бұрын (1) аккумулятор қуаттағышындағы, (2)
аккумулятордағы және (3) шағын қуат блогындағы
барлық нұсқауларды және ескерту белгілерін
оқып шығыңыз.
С А Қ Б О Л Ы Ң Ы З :
Ж а р а қ а т а л у
қаупін азайту үшін тек Makita типті қайта
қуатталатын аккумуляторларды қуаттаңыз.
Аккумуляторлардың басқа түрлері жарылып,
жарақат немесе зақым келтіруі мүмкін.
2. Қайта қуатталмайтын аккумуляторларды
осы аккумулятор қуаттағышымен қуаттауға
болмайды.
3. Қуаттау құрылғысының тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар қуат көзін пайдаланыңыз.
4. Аккумуляторды жанғыш сұйықтықтар, газдар
немесе шаң бар жерде қуаттамаңыз.
5. Қуаттағышты жаңбыр немесе қар астында
қалдырмаңыз.
6. Қуаттағышты ешқашан баусымынан көтермеңіз
немесе розеткадан ажырату үшін тартпаңыз.
7. Қуаттағаннан кейін немесе кез келген техникалық
қызмет көрсету немесе тазалау әрекетінен
бұрын қуаттағышты қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуаттағышты ажыратқан кезде баусымынан емес,
ашасынан тартыңыз.