60
Қазақ
2180561
*2180561*
▶
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз.
Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
▶
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз.
Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз.
Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз.
Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек.
Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶
Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз.
Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶
Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз.
Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
▶
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Электр құралын пайдалану алдында жақсылап тіреп қойыңыз.
Аталмыш электр құралы жоғары
айналу моментін түрлендіреді. Электр құралы пайдалану барысында берік тірелмеген жағдайда,
бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы құрал немесе бұрандалар жасырын қуат сымдарымен немесе өзінің
байланыс сымдарымен жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр
құралын оқшауланған тұтқа беттерінен ұстаңыз.
Электр сымдарына тигенде аспаптың
қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Бұрғы үшін рұқсат етілген максималды айналу жиілігінен жоғары айналу жиілігімен еш
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен
жанаспай еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶
Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз.
Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶
Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұрғылаңыз.
Бұрғылар
қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
▶
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
▶
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
▶
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶
Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
▶
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
Printed: 25.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5367014 / 000 / 06