242
| Қазақ
– Қоршаған орта температурасы −50 °С-тан +50 °С-қа дейін тасымалдау рұқсат
етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз.
Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап
қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат
алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат
алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
u
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз.
Ластанған және қараңғы жайларда
сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін.
u
Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы,
жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда.
Электр құрал ұшқындарды
жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
u
Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз.
Алданулар
бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін.
u
Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық
жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар
өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
u
Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай
тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер
айырларын пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар
электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді.
u
Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған
беттерге тимеңіз.
Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
болады.
u
Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз.
Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады.
1 609 92A 5MN | (12.02.2020)
Bosch Power Tools