250
| Қазақ
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі
және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын
қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
u
Электр құралында кез келген жұмыстарды (мысалы, техникалық қызмет
көрсету, құралды алмастыру және т.б.) орындау алдында және оны
тасымалдау және сақтау кезінде айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
ортаңғы күйге жылжытыңыз.
Электр құралы абайсыздан іске қосылған
жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Аккумуляторды зарядтау (A суретін қараңыз)
Нұсқау:
аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық
қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын штепсельдік қуат блогы
арқылы толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта
зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы қатты заряд
таусылуынан қорғалған. Аккумулятор заряды таусылған болса, электр құралы
қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап бұдан былай
қозғалмайды.
u
Электр құралы автоматты түрде өшкеннен кейін, шпиндельге бұдан былай
қысым қолданбаңыз.
Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
u
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы
болмаңыз.
Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Электр құралын USB кабелі
(9)
арқылы штепсельдік қуат блогына
(10)
жалғаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(6)
зарядтау процесін көрсетеді.
Зарядтау барысында индикатор жасыл түспен жыпылықтайды. Индикатор үздіксіз
жасыл түспен жанып тұрса, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді.
Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл
қалыпты жағдай болып табылады.
Ұзақ уақыт пайдаланбай тұрғанда электр құралын ток көзінен ажыратыңыз.
1 609 92A 5MN | (12.02.2020)
Bosch Power Tools