254
| Қазақ
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
“Гермес” БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: [email protected]
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы
туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен
шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша
тегін жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып
алушы қолтаңбасының бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің
сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің
қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған
жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе
сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық
жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе
қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар
оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
1 609 92A 5MN | (12.02.2020)
Bosch Power Tools