14
ҚАЗАҚША
– Нәзік матаны буландырған кезде буландыр-
ғышты бұйымнан 5-15 сантиметр аралықта
ұстаңыз.
– Қондырма-қылшақ (5) киімнен түк пен майда
кірлерді кетіреді, қыртыстарды тегістеуді
жеңілдетеді, будың қалың және ауыр матаға
енуін жақсартады.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
• Буландырғышты
пайдалану
алдында
қолсап бекіткішінің түймесін (2) басып, ұстап
тұрыңыз, қолсапты (1) ашыңыз, түймені (2)
жіберіңіз.
Суды таңдау
• Түпқоймаға (3) су құбырының суын
құйыңыз, тұрмыстық сүзгішпен қосымша
тазалаудан өткен суды пайдалануға кеңес
беріледі.
• Егер су құбырының суы қатты болса, онда
оны дистилденген сумен 1:1 қатынасында
араластыруға кеңес беріледі, су өте қатты
болған жағдайда дистилденген сумен 1:2
қатынасында араластырыңыз немесе тек
дистилденген суды ғана пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Түпқойманы (3) ажыратардың алдында
желілік баудың айыры электрлік розеткаға
салынбаған дығына көз жеткізіңіз.
• Суға арналған ыдысты (3) буландырғыш
корпусынан шешіңіз, ол үшін ыдыстың екі
жағындағы шығыңқы жерінен ұстаңыз және
суға арналған ыдысты (3) шешіңіз.
• Ыдысқа (3) су толтырыңыз. Максималдық
деңгейдің белгісінен асырмаңыз. Ыдыстағы
(3) судың тамшыларын қағаз орамалмен
немесе құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
• Түпқоймаға (3) парфюмерлік қоспаларды,
газдалған суды, химиялық заттарды ж.с.с.
құюға тыйым салынады.
• Суға арналған ыдысты (3) орнына орнатып,
ыдыстың (3) берік бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
Буландырғышты қосу/өшіру
• Буландырғышты қолсабынан (1) ұстаңыз.
• Қуаттандыру баудың айырын электрлік
розеткаға сұғыңыз, бұл кезде индикатор (6)
жанады.
• Индикатор (6) өшкен кезде буландырғышпен
жұмыс істеуге кірісуге болады.
• Бу беруді қосыңыз, ол үшін (8) түймені басып,
ұстап тұрыңыз.
• Бу жіберуді тоқтату үшін түймені (8) жіберіңіз.
• Тұрақты бу беруді қосу үшін (8) түймені
басып, ұстап тұрыңыз, бекіткішті (9) « »
күйіне келтіріңіз, тұрақты бу беруді өшіру үшін
бекіткішті (9) « » күйіне жылжытыңыз және
түймені (8) жіберіңіз.
• Жұмысты аяқтағаннан кейін желі бауының
айырын электр розеткасынан шығарыңыз
және буландырғышты суытыңыз.
• Ыдысты (3) шешіңіз, ішінен суды төгіңіз және
ыдысты (3) орнына орнатыңыз.
• Габариттерді кішірейту үшін (2) түймесін
басып, ұстап тұрыңыз, қолсапты (1) жинаңыз
(1-сур.).
Ескертпе: – бірінші рет пайдалану кезінде
қыздырғыш элементтен бөтен иістер пайда
болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
Буландыруға қатысты кеңестер
• Буландырғышты
негізгі
пайдаланудың
алдында бу камерасын тазалау керек,
ол үшін шыққан буды матаға бағытаңыз,
мысалы, ас үй орамалын үтіктеп көріңіз.
• Егер жұмыс істеу кезінде ыдыста (3) су
бітіп қалса, онда ыдысты (3) шешіп, суға
толтырудың
алдында
буландырғышты
өшіріңіз және желілік баудың айырын
электрлік розеткадан шығарыңыз.
• Адам киіп тұрған киімді булауға тыйым
салынады, киімді үнемі ілгішке ғана іліңіз.
• Киімнің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз,
киімнің жоғарғы түймесін қадаңыз.
• Киімді ілгішке іліңіз, киімнің матасы басқа
заттармен жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
Ілініп тұрған киімнің артында ыстық буға
зақымдануы мүмкін басқа заттардың жоқ
екендігіне көз жеткізіңіз.
Ескертпе: – буды металл түймелерге
немесе аксессуарларға бағыттауға кеңес
берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс істеу кезінде жұмыс бетін (4) мен
корпустың жоғарғы бөлігі (7) қатты
қызады, жұмыс беті (4) мен корпустың
жоғарғы бөлігіне (7) қол тигізбеңіз,
сонымен қатар шыққан ыстық буға күйіп
қалудан сақтаныңыз.
Егер сіз буландырғышты қылшақ-қондыр-
масыз (5) пайдаланатын болсаңыз, онда
жұмыс беті (4) мен киімнің арасында 5 см
кем емес қашықтықты сақтаңыз.
• Буландырғышты
матаның
бойымен
жоғарыдан төмен қарай ақырын жүргізіңіз,
бос қолыңызбен матадағы қыртыстарды
түзетіңіз. Бу беру қосылған уақытта
буландыратын матаның астына қолыңызды
салмаңыз.
• Киімнің жеңін буландыра отырып, жеңнің
жоғарғы бөлігінен бастаңыз және буландыр-
ғышты төмен қарай жылжытыңыз. Бос
қолы ңызбен жеңді төмен және диагональ
бойынша түзетіңіз.
• Жейденің қалталарын тегістеген кезде
буландыр ғышты жоғары қаратыңыз.
IM VT-2439.indd 14
8/25/20 2:16 PM