IM011
www.scarlett.ru
SC-141
22
•
Қосылған құралды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
•
Аспапты тоңазытқыштың ішіне қоймаңыз.
•
Аспап пен құтыларды микротолқынды пештің ішінде пайдалануға болмайды.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЙОГУРТ ДАЙЫНДАУ
•
Бірінші рет іске қосардан бұрын барлық құтылар мен алмалы бөліктерді жылы суға сабындап жуыңыз да,
құрғатып сүртіңіз.
•
Корпустың ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
•
Йогурт дайындайтын аспапты орнықты көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз. Аспап жұмысқа дайын.
•
Йогуртты барлық жеті құтыда дайындау үшін сізге 1 литр сүт пен 1 грамм ұйытқы керек болады.
•
Сүт құйылған ыдысқа ұйытқыны қосыңыз да, жақсылап араластырыңыз.
•
Дайын болған қоспаны құтыларға бөліп құйыңыз.
•
Құтылардың қақпағын жаппастан йогурт дайындайтын аспаптың ішіне қойыңыз.
•
Йогурт дайындайтын аспаптың қақпағын жабыңыз да, аспапты электр желісіне жалғаңыз.
•
Корпусқа жапсырылған еске салу шәкілі (1-ден 12-ге дейін) йогурт дайын болатын сағатты белгілеуге
мүмкіндік береді. Қақпақтағы көрсеткішті шәкілдегі керекті санға дәлдеп келтіріңіз.
•
Йогурт дайындауды бастау үшін ажыратпа-қосқышты басыңыз. Сол кезде жарық индикаторы жанады.
•
Дайындау уақыты йогурттың қоюлығының қандай болғанын қалайтыныңызға байланысты болады (5-8
сағат).
•
Дайындау кезінде температура 38-40 °С болып тұрады.
•
Дайындау аяқталғаннан кейін аспапты өшіру үшін ажыратпа-қосқышты қайтадан басыңыз.
ЙОГУРТТЫ СУЫТУ
•
Жиналған ылғал құтылардың ішіне түспес үшін қақпақты еппен алыңыз.
•
Құтылардың қақпағын жабыңыз. Жапсырмалардың (жинаққа кіреді) көмегімен әр қақпақта дайын өнімнің
жарамдылық мерзімін белгілеңіз. Йогуртты тоңазытқышта сақтау мерзімі 8-10 күнді құрайды.
•
Йогуртты дастарқанға қоймас бұрын оны кем дегенде бір сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
ҰСЫНЫСТАМАЛАР
СҮТ.
•
Ең дұрысы – қайнатуды қажет етпейтін майлы немесе жартылай майлы сүтті (жылумен өңделген сүт
немесе құрғақ сүт) пайдалану.
•
Шикі немесе пастерленген сүтті әуелі пісіріп алу керек, содан кейін суытып, көбігін алу үшін сүзу керек.
•
Қаймағы алынбаған майлы сүттен ең дәмді әрі хош иісті йогурт шығады
•
Қоюырақ йогурт шығуы үшін бір литр сүтке 2-3 ас қасық құрғақ ұнтақ сүттен қосыңыз.
•
Йогурттың дәмін күшейту үшін оған қайнатпа, шоколад немесе шырын қосуға болады.
ҰЙЫТҚЫ.
•
Ферменттеу үшін төмендегілерді пайдалануға болады:
-
сатып алынған, жарамдылық мерзімі үлкен йогурт (хош иістендіргіш қоспалары жоқ).
-
құрғақ сусыздандырылған фермент, оны дәріханадан немесе диетаға арналған азық-түлік дүкенінен сатып
алуға болады. Осындай ферментті бірінші рет пайдаланған кезде, дайындау уақытын 2 сағатқа ұлғайту керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Йогурт дайындайтын аспапты электр желісінен ажыратыңыз да, әбден суығанша қоя тұрыңыз.
•
Құтыларды алып шығыңыз. Аспапты дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
•
Құтыларды жақсылап жуыңыз да, құрғатып сүртіңіз.
САҚТАЛУЫ
•
Сақтауға қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылып, әбден суығанына көз жеткізіңіз.
•
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауындағы талаптарды орындаңыз.
•
Аспапты құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз.
РЕЦЕПТЕР
АПЕЛЬСИН ҚОСЫЛҒАН ЙОГУРТ
•
Апельсин – 1 дана
•
Қант – 5 ас қасық
•
Су – 3 ас қасық
•
Сүт
•
Ұйытқы
•
Апельсинді жуыңыз, қабығын аршыңыз да, жарғақтары мен дәні болса, алып тастаңыз. 5 ас қасық қант пен
3 қасық су қосып, карамелдеңіз. Суытыңыз. Құтылардың түбіне салыңыз: 1 құтыға 1 апельсин бөлігі келеді.
Осының бәрінің үстінен ұйытқы араластырылған сүттен құйыңыз. Құтыларды йогурт дайындайтын аспапқа
5-
8 сағатқа қойыңыз.
КЕПКЕН ҚАРА ӨРІК ҚОСЫЛҒАН ЙОГУРТ
•
Кепкен қара өрік – 1 құтыға 1 дана
•
Қант – 3 ас қасық
•
Су – 2 ас қасық
Содержание SC-141
Страница 3: ...IM011 3 220 240 V 50 Hz ll 13 W 2 2 1 kg mm 187 255 255...
Страница 6: ...IM011 6 0 C 2 1 1 1 12 5 8 38 40 8 10 2 3 2 1 5 3...
Страница 10: ...IM011 10 1 12 5 8 38 40 8 10 2 3 2 1 5 3 5 3 1 1 5 8 1 1 3 2 1 2 5 6 4 3 1 5 8 3...
Страница 11: ...IM011 11 2 5 8 37 38 7 9 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i i i 0 C 2 1 1 1 12...
Страница 12: ...IM011 12 5 8 38 40 8 10 2 3 2 1 5 3 5 3 1 1 5 8 1 1 3 2 1 2 5 6 4 3 1 5 8 3 2 5 8...
Страница 13: ...IM011 13 37 38 7 9 SCG 0 C 2 oje 1 1 1 12 5 8 38 40 8 10...
Страница 22: ...IM011 www scarlett ru SC 141 22 0 C 2 1 1 1 12 5 8 38 40 8 10 2 3 2 1 5 3 5 3 1 1 5 8 1 1 3 2...