Ескерту
-
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips арнайы ұсынбаған қосалқы құралдарды немесе
бөлшектерді қолданбаңыз. Ондай қосалқы құралдар немесе бөлшектер қолданылатын
болса, кепілдік өз күшін жоғалтады.
-
Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы бар, сондай-ақ, бумен
пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз.
Бумен пісіргішті қосылып тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне немесе
жанына қоюға болмайды.
-
Розеткадан ажыратпас бұрын, құралдың өшірілгенін тексеріңіз.
-
Тазарту алдында, құралды розеткадан ажыратып, салқындауына мүмкіндік беру керек.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құралды дұрыс қолданбаса немесе кәсіби яки
жартылай кәсіби мақсатта қолданса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей қолданбаса,
кепілдік күшін жояды әрі Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты болмайды.
-
Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның қатты ысып кетуін
болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос жер қалдырыңыз.
-
2 және 3-бумен пісіру табақтарын алынбалы түптерімен пайдаланған жағдайда, табақ
шеттерінің жоғары қарап тұрғанын және түбінің орнына түскенін («сырт» ете түседі)
тексеріңіз.
-
Есіңізде болсын, бумен пісіргіш жұмыс жасап жатқанда немесе оның қақпағын ашқанда
одан қатты ыстық бу шығады. Тамақты тексерер кезде, сабы ұзын ас үй құралдарын
қолданыңыз.
-
Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз. Күйіп қалмас үшін, қақпақтағы суды бумен
пісіргішке ағызыңыз.
-
Ыстық тағамды араластырып тұрғанда немесе оны табақтан түсіріп алып жатқанда, бумен
пісіру табақтарын тұтқаларынан ұстаңыз.
-
Тамақ ыстық болып тұрғанда, бумен пісіру табақтарын тұтқаларынан ұстаңыз.
-
Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.
-
Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.
-
Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз. Құралдың ыстық бөліктерін ұстамас бұрын, ас
үй қолғаптарын кийіңіз.
-
Құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары сияқты бумен зақымданатын заттардың
астына немесе жанына қоюға болмайды.
-
Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар бар жерде қолдануға болмайды.
-
Қауіпті жағдай туғызбас үшін, құралды таймер қосқышына немесе қашықтан басқару
жүйесіне жалғамаңыз.
-
Су ыдысы ішінде кішкене елек бар. Шығып кеткен болса, балалар жұтып қоймас үшін,
олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
автоматты түрде өшіру
Бумен пісірудің орнатылған уақыты аяқталғанда, құрал автоматты түрде өшеді.
сусыз пісіруден қорғау функциясы
Бумен пісіргіште сусыз пісіруден қорғау функциясы бар. Құрал су ыдысында су болмаған кезде
қосылған болса немесе қолдану барысында су таусылып қалған болса, сусыз пісіруден қорғау
функциясы құралды өшіреді. Қайта қолданбас бұрын, 10 минуттай суытып алыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.
алғашқы рет қолданар алдында
1
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамаққа тиетін бөлшектерін жақсылап
тазалаңыз («Тазалау» тармағын қараңыз).
ҚазаҚша
56
Содержание HD9120
Страница 1: ...HD9120 ...
Страница 2: ...2 ...
Страница 3: ...3 E F D C G H J I L M K A B 1 2 3 1 ...
Страница 4: ...4 ...
Страница 135: ...135 ...
Страница 136: ...136 ...
Страница 137: ...137 ...
Страница 138: ...138 2 3 4 5 1 6 1 7 8 1 2 3 9 1 10 1 2 2 3 11 1 2 3 12 13 14 2 3 1 15 16 17 ...
Страница 139: ...139 ...
Страница 140: ...4222 200 0141 4 ...