200
ҚАЗАҚША
12.
Құрылғыны әрдайым тегіс және орнықты
жерге қойыңыз.
Әйтпесе, құрылғы құлап кетуі
мүмкін.
13.
Құрылғыны әрқашан тік күйге қойыңыз.
14.
Бұл шамның жарық көзі ауыстырылмайды.
Жарық көзінің қызмет ету мерзімі біткен
кезде, шамды толығымен ауыстыру керек.
15.
Қуат розетка арқылы қамтамасыз
етілген кезде, қуат сымын құрылғыдан
ажыратылған күйінде қалдырмаңыз.
Ток
соғуы мүмкін.
16.
Құрылғыны тасымалдау тұтқасын
көтеру секілді кез келген басқа мақсатта
пайдалануға болмайды.
17.
Құрылғыға ұшқындардың немесе
коррозиялық атмосфераның т.б. әсер етуін
болдырмаңыз.
18.
Құрылғыны қалай болса солай
пайдаланбаңыз.
Еңкейтілген қалпынан тік
қалпына қайтқан құрылғы адамға соғылып,
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін
құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша ескертулер
Аккумулятормен жұмыс істейтін
құрылғыны пайдалану және күтім
көрсету
1.
Кездейсоқ іске қосылуды болдырмаңыз.
Аккумулятор жинағын жалғамас бұрын,
құрылғыны жинамай тұрып немесе
тасымалдамас бұрын, ауыстырып-
қосқышы өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны саусағыңызды
ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау
немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
құрылғыны қуат көзіне қосу жазатайым оқиғаға
әкеп соғуы мүмкін.
2.
Қандай да бір түзетулер жасау, керек-
жарақтарды ауыстыру немесе құрылғыны
сақтау алдында аккумулятор жинағын
құрылғыдан ажыратыңыз.
Осындай алдын
алу шаралары құрылғының кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
3.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз.
Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Жабдықтарды тек көрсетілген аккумулятор
блоктарымен ғана пайдаланыңыз.
Кез келген
басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
6.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
7.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын немесе құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде
өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне
әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
8.
Аккумулятор блогын немесе құрылғыны
от не шамадан тыс жоғары температура
әсерінен сақтаңыз.
От немесе 130 °C
шамасынан жоғары температура әсері
жарылысқа әкелуі мүмкін.
9.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын
орындаңыз және аккумулятор блогын
немесе құрылғыны көрсетілген температура
ауқымынан тыс зарядтамаңыз.
Дұрыс
зарядтамау немесе көрсетілген ауқымнан
тыс температурада зарядтау аккумуляторды
зақымдауы және өрт шығу қаупін арттыруы мүмкін.
10.
Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті
қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып
орындауы тиіс.
Бұл өнімнің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
11.
Құрылғыны немесе аккумулятор жинағын
пайдалану және күтім көрсету нұсқауларында
сипатталғаннан басқа жолмен өзгертуге
немесе жөндеуге әрекет етпеңіз.
Аккумулятор картриджіне арналған
маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3)
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.