220
Қазақ
2204402
*2204402*
5
Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар!
Станина жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда айналуы немесе аударылып
қалуы мүмкін.
▶
Алмасты бағаналы бұрғы білдекті қолдану алдында станинаны анкерлермен немесе вакуумдық
тірек тақтасы арқылы өңделетін бетке бекітіңіз.
▶
Бар астыңғы бетке сәйкес келетін анкерді ғана қолданыңыз және анкер өндірушісінің орнату
бойынша нұсқауларын орындаңыз.
▶
Бар астыңғы бет станинаны вакуумдық бекіткіш арқылы бекітуге жараған жағдайда ғана вакуумдық
тірек тақтасын пайдаланыңыз.
5.1
Станинаны анкермен бекіту
1. Тисті астыңғы бетке сәйкес келетін дюбельді (
Hilti
металл кергіш дюбелі, M12 немесе M16)
орнатыңыз.
Тірек тақтасының арақашықтығы → Бет 220
2. Қыспа шпиндельді анкерге бұрап бекітіңіз.
3. Барлық нивелирлеу бұрандаларын тірек тақтасы астыңғы бетке жанасып тұрғанша кері бұраңыз.
4. Станинаны қыспа шпиндель арқылы орналастырып, станинаны туралаңыз.
5. Қыспа шпиндель гайкасын қыспа шпиндельге бұраңыз, бірақ бекітпеңіз.
6. Тірек тақтасын 4 орнату болтының көмегімен туралаңыз.
Барлық нивелирлеу бұрандалары астыңғы бетке берік тірелуі тиіс.
7. Қыспа шпиндель гайкасын арнайы кілттің көмегімен тартыңыз.
8. Станинаның берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз.
Тірек тақтасының арақашықтығы
Қолданылатын тірек тақтасына сай қашықтықты таңдаңыз.
Анкерлі тірек тақтасындағы белгінің бұрғы ортасынан қашықтығы
267 мм
Біріктірілген тірек тақтасындағы белгінің бұрғы ортасынан оңтайлы
қашықтығы
292 мм
5.2
Станинаны вакууммен бекіту
ҚАУІПТІ
Алмасты бағаналы бұрғы білдектің құлауынан жарақат алу қаупі бар !
▶
Станинаны төбеге тек вакуумдық бекіткішпен бекіту рұқсат етілмейді. Қосымша бекіту, мысалы,
қатты тірекпен немесе бұранда шпинделімен қамтамасыз етіледі.
ЕСКЕРТУ
Қысымды бақылау құралы жоқ болғаннан жарақат алу қаупі бар !
▶
Жұмыстың алдында және оны орындау барысында манометр нұсқары жасыл өрісте болуы тиіс.
Анкерлі тірек тақтасы бар станинаны қолданған кезде вакуумдық пен анкерлі тірек тақталарының
арасында берік және жалпақ қосылымды орнатыңыз. Анкерлі тірек тақтасын вакуумдық тірек
тақтасына бұрап бекітіңіз. Таңдалған бұрғылау коронкасы вакуумдық тірек тқатасына зиян
тигізбейтініне көз жеткізіңіз.
Көлденеңінен бұрғылау кезінде алмасты бағаналы бұрғы білдекті қосымша бекітіңіз (мысалы,
дюбельмен бекітіп шынжыр).
Станинаны орналастырған кезде орнату және қолдану үшін жеткілікті бос орынның бар екендігін
тексеріңіз.
1. Барлық орнату бұрандаларын вакуумдық тірек тақтасынан шамамен 5 мм-ге төмен шығып
тұратындай етіп бұраңыз.
2. Вакуумдық тірек тақтасының вакуумдық штуцерін вакуумдық сорғыға қосыңыз.
3. Болжалды тесіктің ортасын табыңыз. Саңылау ортасынан аспап тұрған бағытпен сызық тартыңыз.
Содержание DD 150?U
Страница 2: ...1 ...
Страница 3: ...2 3 ...
Страница 4: ...4 5 6 7 ...
Страница 5: ...8 9 10 11 ...
Страница 6: ...12 13 14 15 ...
Страница 7: ...16 ...
Страница 493: ......
Страница 494: ......
Страница 495: ......
Страница 496: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 8 20191125 2204402 2204402 ...