45
Қазақ тілі
•
Құрылғыны тек пайдалану туралы тиісті оқытудан
өткен адамдар пайдалана алады.
•
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
адамдар (соның ішінде балалар) құрылғыны
тек қауіпсіздігіне жауапты адам(дар) қадағаласа
немесе нұсқаулар беріп тұрса ғана пайдалана
алады.
•
Құрылғыны пайдалану кезінде әр әрекет кезінде
зейін қойыңыз және сақ болыңыз. Шаршап тұрсаңыз,
я болмаса, есірткілердің, спирттік ішімдіктердің
немесе дәрілердің әсерінде болсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Пайдалану кезінде зейінді жоғалту
ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
•
Құрылғыны күн күркірегенде немесе қатты
жаңбыр кезінде, әсіресе, найзағайлар ұрғанда
пайдалануға болмайды.
•
Құрылғыны тек тік күйде пайдаланыңыз.
Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету және қызып
кетуді болдырмау үшін пайдалану кезінде оның
бетін жаппаңыз.
•
Әр пайдалану алдында қысымды шланг, бүрку
пистолеті және қорғағыш құрылғылар сияқты
маңызды
құрамдастарда
зақым
бар-жоғын
тексеріңіз. Құрамдастары зақымдалған жағдайда
құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз, оларды
дереу ауыстыру керек.
•
Зақымдалған қысым шлангысын дереу ауыстыру
керек, өйткені ол жарылып, жарақаттарға немесе
мүліктің зақымдалуларына әкелуі мүмкін. Қысым
шлангысын үшкір жиектердің үстінен тартпаңыз.
Майысқан қысым шлангысын ешқашан тартпаңыз.
•
Тиісті түрде пайдаланбаса, қысымдалған су
ағыны қауіпті болуы мүмкін. Ағынды адамдарға,
жануарларға, қуатқа қосылған электр жабдыққа
немесе қысыммен жуғыштың өзіне ешқашан
бағыттамаңыз. Киімдерді немесе аяқ киімді
тазалау үшін су ағынын өзіңізге немесе басқаларға
бағыттамаңыз.
•
Жуу кезіндегі көлік шинасы мен бүрку пистолеті
арасындағы ең аз қашықтық 30 см болуы керек.
Көлік шиналары және шина клапандары су
ағынынан зақымдалып, істен шығуы мүмкін. Мұны
шина түсінің өзгеруі көрсетеді. Зақымдалған көлік
шиналары және шина клапандары өмірге қауіп
төндіреді.
•
Құрылғыны пайдаланып жатқанда жұмыс
аумағындағы басқа адамдар қорғағым киімді және
жеке қорғау құралдарын киюі керек.
•
Құрылғыда кез келген әрекеттерді орындау
алдында аударылу нәтижесінде болатын сәтсіз
жағдайларды немесе жарақаттарды болдырмау
үшін құрылғының тұрақтылығын қамтамасыз етіңіз.
•
Саптамадан шығатын су ағыны бүрку пистолетінің
қатты кері тебуін тудырады. Бүрку пистолетін екі
қолмен ұстаңыз.
•
Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз. Ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаса, құрылғыны өшіріп қою керек.
•
Құрылғыны 0°C-тан төмен температураларда
пайдалануға болмайды.
•
Ұзақ пайдаланудан кейін металл құрамдастар
қызуы мүмкін. Қажет болса, қорғағыш қолғапты
киіңіз.
•
Өзіңізді су шашырандыларынан қорғау үшін
тиісті қорғағыш киімдерді және қорғағыш көзілдірікті
киіңіз.
•
Құрылғыны пайдаланылып жатқанда ішке
деммен алғанда денсаулыққа зиянды болуы мүмкін
аэрозоль құрылуы мүмкін. Пайдалану кезінде
демалу маскасын пайдаланыңыз.
Басқа қауіптер
•
Құрылғыны жарылғыш ортада, яғни, тұтанғыш
сұйықтықтар немесе газдар, я болмаса, шаң бар
жерде пайдалануға болмайды.
•
Жоғары қысымды су ағынын денсаулыққа
зиянды заттарды (яғни, асбестті) қамтитын беттерге
бағыттауға болмайды.
•
Еріткішті
қамтитын
сұйықтықтарды,
араластырылмаған
қышқылдарды
немесе
еріткіштерді (бензин, бояу кетіргіштер, жанармай,
т.б.) құрылғыға ешқашан кіргізбеңіз немесе
бүркімеңіз. Мұндай заттар тудырған бу аса
тұтанғыш, жарылғыш және уытты болады.
Ацетонды,
араластырылмаған
қышқылдарды
немесе еріткіштерді пайдалануға болмайды,
өйткені олар құрылғы құрамдастарын зақымдауы
мүмкін.
•
Орауыш пленкасын балалардан аулақ ұстаңыз:
тұншығу қаупі бар!
•
Тек өндіруші ұсынған қысым шлангтарын,
фитингтерді және муфталарды пайдаланыңыз.
•
Сақтау орнын таңдағанда және тасымалдау
кезінде сәтсіз жағдайларды немесе жарақаттарды
болдырмау үшін құрылғы салмағын ескеріңіз
("Құрылғының техникалық сипаттамалары" кестесін
қараңыз).
•
Құрылғыны бірнеше сағат бойы үздіксіз
пайдаланудан кейін кейде қолдарың ұйып қалуы
мүмкін. Мұны болдырмау үшін қолғап киіңіз,
қолдарды жылы ұстаңыз және жүйелі кідірістерді
жасаңыз.
Құрылғыларға қызмет көрсету
•
Электр құрылғыға тек білікті мамандар,
ұсынылатын қосалқы бөлшектерді пайдаланып
қызмет көрсетуі керек. Бұл құрылғыны қолдану
кезінде еңбек қауіпсіздігіне кепілдік береді.
•
Қосалқы құралдарды майлау және ауыстыру
туралы нұсқауларды орындаңыз.
Екі рет оқшауланған құрылғыға қызмет көрсету
Екі рет оқшауланған құрылғыда жерге қосудың
орнына оқшаулаудың екі жүйесі қамтамасыз
етілген. Екі рет оқшауланған құрылғы үшін жерге
қосу құралдары қамтамасыз етілмейді, әрі
құрылғыға жерге қосу құралдарын қоспау керек. Екі
рет оқшауланған құрылғыға қызмет көрсету жоғары
ұқыптылықты және жүйені білуді қажет етеді,
әрі мұны тек білікті қызмет көрсету мамандары
орындауы керек. Екі рет оқшауланған құрылғыға
арналған ауыстыру бөлшектері түпнұсқалық
бөлшектермен бірдей болуы керек. Екі рет
оқшауланған құрылғы "Double Insulation" ("Екі рет
оқшаулау") немесе "Double Insulated" ("Екі рет
оқшауланған") сөздерімен белгіленген.
Қалдық қауіптер
•
Осы құрылғыны барлық қауіпсіздік талаптарына
сай пайдаланып жатсаңыз да, жарақат алудың
және зақымның ықтимал қауіптері қалады. Осы
құрылғының құрылымына және дизайнына
байланысты келесі қауіптер пайда болуы мүмкін:
•
өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылса немесе
тиісті түрде басқарылмаса және оған тиісті
Содержание CT42049
Страница 1: ......
Страница 3: ...3...
Страница 4: ...4...
Страница 5: ...5...
Страница 6: ...6...
Страница 7: ...7...
Страница 8: ...8...
Страница 9: ...9...
Страница 10: ...10...
Страница 11: ...11...
Страница 29: ...29 30 0 C...
Страница 30: ...30 Double insulation Double insulated CT XX XXXXXXX...
Страница 34: ...34 21 15 2 21 9 0 24 4 OFF 13 15 25 24 4 ON 10 4 OFF www crown tools com 1...
Страница 37: ...37 30 0 C Double insulation Double insulated...
Страница 38: ...38 CT XX XXXXXXX...
Страница 42: ...42 4 ON 10 4 OFF www crown tools com 1...
Страница 45: ...45 30 0 C Double Insulation Double Insulated...
Страница 46: ...46 CT XXXXXXX 1 2...
Страница 50: ...50 1...
Страница 51: ...51...
Страница 52: ...52...
Страница 53: ...53...
Страница 54: ...54...
Страница 55: ...55...
Страница 56: ...56...
Страница 57: ...57...
Страница 58: ...58...
Страница 59: ...59...
Страница 60: ...60...
Страница 61: ...61...
Страница 62: ...62...
Страница 63: ...63...
Страница 64: ...64...
Страница 67: ...67 15 1 2 13...
Страница 68: ...68 15 1 2 13...
Страница 69: ...69 15 1 2 13...
Страница 70: ...70...
Страница 71: ...71...
Страница 72: ...72...
Страница 73: ...73...
Страница 74: ...74...
Страница 75: ...75...
Страница 76: ......