43
ҚазаҚша
Арнайы қапшықтарды
пайдалану
Өндірушінің нұсқаулықтарын сақтау керек. Металл бұрауышты немесе тартқышты
пайдаланып қапшықтарды жабудың қажеті жоқ. Қапшықта будың шығуы үшін бернеше
саңылаулар жасау керек.
Қағаз тарелкалар мен
шыныаяқтар
Қағаз тарелкалар мен шыныаяқтарды өнімдерді тек қана аз уақытқа дайындау/қыздыру үшін
пайдалану керек. Қағаз ыдыстарда өнімдерді дайындау/қыздыру уақытында қысқа толқынды
пешті қараусыз қалдырмау керек.
Қағаз сүлгілер
Қағаз сүлгілерді дайындалып жатқан өнімнің жылуын ұстап тұру мақсатында жабу үшін және
майдың шашырауын болдырмас үшін пайдалануға болады. Қағаз сүлгілерді пайдаланғанда
әрдайым бақылап отыру керек және оны аз уақытқа ғана дайындау/қыздырып алу үшін
пайдалану керек.
Пергаментті қағаз
Пергаментті қағазды орау үшін немесе майдың шашырауын болдырмас үшін пайдалануға
болады.
Пластик
«Қысқа толқынды пеште пайдалануға жарамды» деген таңбасы бар пластиктен жасалған
өнімдерді пайдалану керек. Өндірушінің нұсқаулықтарын сақтау керек. Кейбір пластик
ыдыстар ондағы өнімдерді қыздыру барысында жұмсарып кетуі де мүмкін. Саңылаусыз
тұрғыдан жабық пластик қапшықтарын қаптаманың өзінде көрсетілгендей етіп тесу немесе
шаншу керек.
Пластикалық орам
Тиісті таңбасы бар пластиктен жасалған өнімдерді пайдалану керек.
Балауыз қағаз
Ылғалды сақтау үшін және майдың шашырауын болдырмас үшін балауыз қағазды
пайдалануға болады
Қысқа толқында пеште пайдалану үшін жарамсыз материалдар мен ыдыстар
Алюминииден жасалған жайпақ
табақ пен қақтама
Алюминииден жасалған жайпақ табақ пен қақтама
ұшқындарды шашыратуы мүмкін. Қысқа
толқынды пеште пайдалану үшін арнайы жарамды ыдыстарды ғана пайдалану керек.
Металл тұтқасы бар картоннан
жасалған шыныаяқ
Металл тұтқасы ұшқын шашыратуы мүмкін. Қысқа толқынды пеште пайдалану үшін арнайы
жарамды ыдыстарды ғана пайдалану керек.
Металл ыдыс немесе металл
шеңбері бар ыдыс
Металл қысқа толқындардың энергиясын қалқалайды. Металл шеңбері ұшқын шашыратуы
мүмкін.
Металл бұрауыштар
Металл бұрауыштар ұшқын шашыратуы мүмкін, сонымен қатар өнімді дайындау/қыздыру
уақытында қаптама жанып кетуі мүмкін.
Қағаз қапшықтар
Қысқа толқынды пеште жанып кетуі мүмкін.
Сабын
Сабын еріп кетуі мүмкін және қысқа толқынды пештің жұмысшы камерасын ластауы мүмкін
Ағаштан жасалған ыдыс
Ағаштан жасалған ыдыс құрғап, жарылып және жалындап жанып кетуі мүмкін
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ҚҰРАСТЫРУ
Төменгі температура кезінде қысқа толқынды пешті сақтағаннан кейін немесе қыс мезгілі кезінде
пешті тасымалдаған соң оны қаптамадан шығарған соң бөлме температурасында 2 сағаттан кейін
ғана электр желісіне қосуға болады.
–
Пештің жұмысшы камерасынан керек жарақтары мен қаптама материалды алып шығу керек.
–
Қысқа толқынды пештің зақымданған жерлерінің жоқ екендігін тексеру керек. Пештің есіктерінің
бұзылмағандығына аса назар аудару керек. Егер де сіз белгілі бір ақауларды тапсаңыз онда қысқа толқынды
пешті орнатпау керек және қысқа толқынды пешті қоспаған жөн.
Қорғанысты жабын
Корпусы:
Егер де корпусында қорғанысты қабат болса, оны корпустың бетінен алып тастау керек.
Магнетронды қорғау үшін қызмет ететін АЖЖ-толқындарының (6) шығатын орнындағы жұмысшы
камера ішіндегі ашық-сұр слюдалық пластинаны алып тастамау керек.
Шыны тұғырықты орнату
1.
Пештің есігін ашу керек (1).
2.
Жұмысшы камераның түбінде орналасқан саңылауға шыны тұғырықтың таянышын (3) орнату керек.
3.
Жұмысшы камераның түбіне дөңгелек сақинаны (4) орнату керек.
VT1654_china.indd 43
15.11.2013 11:11:46