
16
ҚазаҚша
КОФЕҚАЙНАТҚЫШ VT-1504
Кофеқайнатқыш «ЭСПРЕССО» кофесін қай-
натуға және «КАПУЧИНО» кофесін әзірлеуге
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Тостағандарды ысытуға арналған алаңша
2.
Суға арналған сыйымдылық қақпағы
3.
Суға арналған алынбалы сыйымдылық
4.
Бу беру реттегішінің тұтқасы «OFF--- +»
5.
Кофе қайнатқыштың корпусы
6.
Түтік-капучинатор
7.
Түтік-капучинатор ұштамасы
8.
Тамшыларға арналған табандық
9.
Тамшыларға арналған табандық торы
10.
Табандықты толтырудың қалқымалы
индикаторы
11.
Кофеге арналған сүзгі
12.
Сүзгі ұстағышы
13.
Сүзгі бекіткіші
14.
Сүзгі ұстағышының тұтқасы
15.
Іске қосу/сөндіру батырмасы « »
16.
Қуаттандыруды қосу индикаторы «I»
17.
Суды беру батырмасы « »
18.
«Ok» дайындық индикаторы
19.
Бу беруді іске қосу батырмасы « »
20.
Ұнтақталған кофенің тығыздағышы бар
өлшегіш қасық
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
•
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
бойынша басшылықпен мұқият танысыңыз.
Берілген басшылықты бүкіл пайдалану
мерзімі бойы сақтаңыз.
•
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруі мүмкін.
•
Алғашқы
іске
қосу
алдында
кофеқайнатқыштың жұмыс кернеуі электр
желісіндегі кернеуге сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
•
Желі бауы «еуроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электр розеткасына қосыңыз.
•
Өрт қаупіне жол бермеу үшін кофеқай-
натқышты электрлк розеткаға қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдалануға болмайды.
•
Кофеқайнатқышты тек қана оның тікелей
мақсаты бойынша пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны
үй-жайдан
тыс
жерде
пайдаланбаңыз.
•
Ешқашан кофеқайнатқышты температурасы
0°C-тан төмен үй-жайда қалдырмаңыз және
сақтамаңыз.
•
Кофеқайнатқышты құрғақ тегіс тұрақты
бетке орнатыңыз, құрылғыны үстелдің
шетіне қоймаңыз.
•
Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
•
Кофеқайнатқышты жылу, ылғал немесе
ашық от көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
•
Желі бауының үстелден салбырауын
болдырмаңыз және жиһаздардың өткір
шеттеріне, ыстық беткейлерге тиіп
тұрмауын қадағалаңыз.
•
Шығып жатқан бумен жұмыс істеген уақытта
абайлық сақтаңыз.
•
Электр тоғының соққысына жол бермеу
үшін кофеқайнатқышты, желі бауын және
желі бауының ашасын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін жабдықтарды
ғана пайдаланыңыз.
•
Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
•
Тек таза салқын суды ғана пайдаланыңыз,
суға арналған тұрмыстық сүзгіштерден
қосымша тазартудан өткен суды пайдалану
ұсынылады.
•
Кофеқайнатқышты іске қосу алдында
барлық алынбалы бөлшектердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•
Ешқашан
жұмыс
істеп
тұрған
кофеқайнатқышты қараусыз қалдырмаңыз.
•
Желі бауына, желі бауының ашасына,
кофеқайнатқыш корпусына су қолмен
тиіспеңіз.
•
Күйіп қалуға жол бермеу үшін кофе әзірлеу
процесінде және құралды сөндіргеннен
кейін бірден кофеқайнатқыштың ыстық
беттеріне (сүзгішті ұстағышқа, бойлерге,
түтік-капучинаторға) қолыңызды тигізбеңіз.
•
Жабдықтарын шешу немесе тазалау
алдында құралды толық суыту керек.
•
Сүзгіштің ұстағышын кофеқайнатқыш
жұмыс істеп тұрған кезде шешуге тыйым
салынады.
•
Құрылғыны тазалау алдында немесе
пайдаланбайтын
болған
жағдайда,
кофеқайнатқышты
электр
желісінен
ажыратыңыз.
•
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан
кезде желі бауынан тартпаңыз, желі
бауының ашасынан ұстаңыз.
IM VT-1504.indd 16
31.05.2019 14:27:44
Summary of Contents for VT-1504
Page 1: ...1 VT 1504 3 9 16 23 Coffee maker 29 IM VT 1504 indd 1 31 05 2019 14 27 42...
Page 2: ...IM VT 1504 indd 2 31 05 2019 14 27 43...
Page 22: ...22 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i IM VT 1504 indd 22 31 05 2019 14 27 45...
Page 35: ...35 info vitek ru 3 IM VT 1504 indd 35 31 05 2019 14 27 46...